«Тарихы терең – Түркістан»
Іс – шаралар

24 ақпан күні ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Тарихы терең - Түркістан» атты кездесу кеші өтті. Іс-шараның өтудегі басты мақсаты: 2017 жыл Түркі әлемінің мәдени астанасы Түркістан болып аталуына орай облысымыздағы зағип оқырмандарға өз өлкеміздің, оның ішінде ертеде ислам дінінің орталығына айналған төл қаламыз Түркістанның тарихын тереңірек насихаттау.

 

 
«На крыльях мечты»
Іс – шаралар

2017 ж. 15 ақпанында ОҚО арнайы кітапханада танымал ақын, бірнеше өлең жинақтарының авторы, 1 топ көз мүгедегі Л.Ф.Пенинаның 65 – жылдық мерейтойына арналған «На крыльях мечты» атты музыкалық - поэзиялық кеші атап өтілді. Кешке келген оқырмандар ақынның өлеңдерімен терең танысып, бойларына қуат алды. Автордың шығармашылығын насихаттау мақсатында оқырмандарға көрме ұйымдастырылды.

 
Жолдау 2017
Іс – шаралар

2017 жылдың 8 ақпан күні сағат 11-00-де облыстық арнайы  көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада  Елбасының халыққа арналған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына арналған «Послание – переход на новый этап социального развития страны» атты іс-шара өтті. Бұл іс-шараға М.Сапарбаев атындағы жоғарғы оқу орнынан саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарих кафедрасының аға оқытушысы - Бейсекова Райхан Тузельбаевна шақырылды. Іс-шараға зағип оқырмандар, олардың отбасылары, кітапхана ұжымы қатысты.

 
З. Шүкіров
Іс – шаралар

Облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхананың тифлобөлімінде зағип ақын, жазушы З. Шүкіровтың 90 жылдығына арналған «Көнбеймін, дүние, бұл күйге» атты шығармашылық кеші өтті. Оқырмандар назарына ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы қызықты деректер, естеліктер, әндері ұсынылды. Көрме ұйымдастырылып, көрме сөрелеріне БНШ (бедерлі-нүктелі), ЖБШ(жазық-баспалы) және «сөйлейтін» әдебиеттер қойылды

 
Роза Багланова
Іс – шаралар

2017 жылдың  25-ші қаңтарында арнайы кітапханада  халық әншісі Роза Бағланованың   95 жасқа толуына байланысты «Ғасыр даусы» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға келген оқырмандар, қонақтар қазақ халық әншісінің өмірбаяны мен еңбектері және әндерімен танысты. Іс-шараға I-ші топ көз мүгедектері және  кітапхана әкімшілігі қатысты.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 Келесі > Соңы >>

Страница 34 из 40

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic