Зарета Курмангужинова
Іс – шаралар

Ашық микрофон жобасының кезекті қонағы Курмангужинова Зарета кітапхана жастарына өз өмірінен сыр ақтарып, басынан кешкен қиында қызықты сәттерінен бөлісті. Шымкент қалалық политехникалық колледжінің «ІТ» факультетінің студенттері түрлі сұрақтар қойып, оларға қызықты өз жауаптарын алып, қатты толғаныстан көз жастарына ерік беріп, түрлі әсерге бөленді. Зарета өзінің қайсарлығымен ерік-жігерінің күштілігін көпшілікке көрсете отырып, жастарға мотивациялық екпін берді.  Кеш қонағы әуелете орыс қазақ тілінде ән шырқап, зор қошеметке ие болды. Кеш жүргізушісі Г. Каттабекова кейіпкерге өз алғысын білдіріп, сый-сияпатын тапсырды. Кеш қонағына Шымкент қаласындағы «Абай» кітапханасынан арнайы келген әріптестеріміз өз ізгі тілектерін тарту етіп, кеш қызықты да тартымды өтті.

 
Арнайы кітапханаға саяхат
Іс – шаралар

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында «Кітапхана» апталығы болып өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялады. Бұл дегеніміз биылғы жылы жас буынның тәрбиесі мен біліміне баса мән беріледі деген сөз. «Балалар – мемлекетіміздің болашағының кепілі. Ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бө­лінуде. Дарынды балалармен жұмыс жасау – уа­қыт талабы. Дәл қазіргі уақытта білімді, алғыр балалардың көптеп шығуына кітапханалардың атқаратын рөлі зор. Модернизациядан өткен жаңа кітапханамыздың тыныс-тіршілігімен №36 арнаулы лицейінің 4 сынып оқушылары өздерінің сынып жетекшілерімен кітапханамызға алғаш рет келіп,  жаңартылған әдемі залдармен, бөлімдермен танысты.   Сонымен қатар кітапхана залдарындағы дыбысталған, тактильді, брайльша кітаптармен қоса түрлі кіші қалыпты мүсіндерді өз қолдарымен ұстап көріп, ерекше әсерге бөленген оқушылар қуаныштарында жасырмай, тереңірек танысып, шат шадыман көңіл-күймен тарасты.

 
«Қазақ әдебиетінің тарланы » (Жазушы Д. Исабекұлының туғанына 80 жыл)
Іс – шаралар

16  қараша    күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында Жазушы Д. Исабекұлының  80 жылдық мерейтойына арналған  «Қазақ әдебиетінің тарланы» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Кеш қонағы   Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық  қазақ драма театрының әртісі, Д.Исабекұлының "Әпке" пьесасында ролін сомдаған  Айнабалаева Алтын Оспанқызымен сұхбат құрдық. Шара барасында жазушы Д. Исабекұлының өмірі жайлы видеоролик қойылып,  әрмен қарай шығармашылығы сөз етілді. Кітапханаға келген әрбір оқырманымыз  жазушы туралы ойларын ашық жеткізіп, қызықты шығармаларына кеңінен  талдау жасады. Жекелеген туындылары бойынша «Гауһар тас», «Дермене», «Тауқымет» көркем фильмдерінен үзінді көрсетілді.

 
«Әр жүректе үміт шамы сөнбесін»
Іс – шаралар

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 9 қараша сағат 11-00 де сауықтыру айлығының «Әр жүректе үміт шамы сөнбесін» атты қорытынды кеші өтті. Кеште алдымен кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы құттықтау сөз айтып оқырмандарға ақ тілегін жолдады. Айтулы шараны Гүлсара Каттабекова жүргізді. Шарада Өсербай Бөріханов, тағы басқа да жас таланттар өнер көрсетіп әннен шашу шашты. Л.Мүслім, О.Дауытов И.Насирова көрерменге жырдан тарту жасады. Кітапхананың белсенді оқырманы Топанбай Мейірханда өз өнерін ортаға салып, жырдан шашу шашты. Кеш барысында жыл көлемінде іс-шараларға белсенді қатысып, «Ақ таяқ менің тірегім», «Жылдам оқу», «Жылдам жазу»  (бедерлі-нүктелі тәсілмен), «Компьютер білесің бе?» сондай-ақ «Қолөнер-2022» байқауына қатысып, жеңімпаз болған оқырмандар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жыл бойына кітапханада өтіп жатқан іс-шараларға белсенді қатысып, дыбысталған және брайльша әдебиеттерді ең көп оқып жүрген оқырмандарға тәтті сыйлықтар берілді.  Сонымен қатар Қазақ зағиптар қоғамының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ербол Әділбеков және «Қазына» клубының мүшесі Нысанбек Жұмағұлов сөз сөйлеп шараға ізгі тілегін арнады.

 
«Шекарасыз мүмкіндіктер» тифлобаяндау
Іс – шаралар

Сауықтыру айлығы аясында Шымкент қалалық арнайы кітапханасында Эверест шыңын бағындырған мүмкіндігі шектеулі аяқсыз альпинист Мария Әуезоваға арналған «Шекарасыз мүмкіндіктер» циклде іс-шара өтті. Оқырмандар назарына өзін-өзі жеңе білген бойжеткеннің тағдыры, қорқынышын қалай жеңгені туралы баяндайтын деректі фильм көрсетіліп, өз әрекетімен өмірін өзгерткісі келетін адамдарды ынталандыруға тырысты. Шымкент қалалық арнайы кітапханасының оқырмандары үшін Брайль қарпімен кітаптар шығару бөлімінен шыққан «Ғажайып әлем», «Сымбат» альманахтарына кезекті шолу өтті. Шолуды кітапхана қызметкері А.Тайтелиева жүргізді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 5 из 29