«Айлардың сұлтаны Рамазан айы»
Іс – шаралар

22.05.19 ж. Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы қасиетті Рамазан айына арналып «Айлардың сұлтаны Рамазан айы» атты тақырыпта өтті. Аталмыш жиынға «Ислам жолы» мешітінің найбимамы Асқаров Медет, сонымен қатар Сарыағаш медресесінің студенті Оразбаев Акбар келді. Сөз алған М.Асқаров ислам құндылықтары турасында, иманның шарттары жайында, адамзатқа Алладан парыз етілген 5 парызға қатысты, оның ішінде айлардың сұлтаны құлшылық айы Рамазан айы турасында мол ақпараттар беріп, имандылықты дәріптеуде зор сүбелі ойлар айтты.

Толығырақ...
 
«Желбірейді Жеңіс туы көгімде»
Іс – шаралар

8 мамыр күні кезекті сәрсенбіде Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған «Желбірейді Жеңіс туы көгімде» атты іс-шарасы өтті. Аталмыш кешті О.Русинова және Н.Еспанова екі тілде ашып, құттықтау сөзін кітапхана директоры Б.Нұрманбетовке ұсынды. Мекеме басшысы келген оқырмандарды маңызды мерекемен құттықтап, елге тыныштық, амандық  тіледі.     Сұм соғыс жылдары айтылып жүрген «Жеңіс күні» және «Катюша» әндерінің қазақшаға аударылғанын экранда көрсетіп, шыққан тарихымен таныстырып, оқырмандарды сол бір жылдарға апарып келгендей болдық. Іс-шара соңында оқырмандар сөз алып, ән айтып, сұм соғыстың болмауын, жастардың амандығын тіледі.

Толығырақ...
 
Әмина Өмірзақова
Іс – шаралар

13- наурыз күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада оқырмандар арасында Қазақ ССР-нің халық әртісі Ә. Өмірзақованың 100 жылдығына орай «Мені халыққа танытқан кино» атты іс-шара болып өтті.

Қазақ киносының өркендеуіне орасан үлес қосып, кейінгі буынға өлмес мұралар қалдыра білген дара тұлғаның 100 жылдығына арналған шарада Ә. Өмірзақованың айшықты рольдері мен жарқын бейнесі, ерекше даусы мен көрнекті көрінісі жиналған оқырманға экран арқылы екі тілде деректі фильмдер көрсетілді.

 
Момбек Әбдәкімұлы
Іс – шаралар

27 ақпан күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында тарихи сананы жаңғырту мақсатында шежіреші, тарихшы профессор ұлт тарихын зерттеуші биыл мерейлі 60 жасқа толып отырған Момбек Әбдәкімұлымен кездесу кеші өтті. Тарих қойнауынан талай құнды дүниелерді қопарып жарыққа шығарып «Зобалаң», «Дүрбелең», «Сүлеймен қарақшы», «Разборшиктің жан сыры», «Қараман қарақшы», «Түркістан өлкесіндегі ойран», «Күн тұтылған мезгіл», «Құбыжықпен алысқан адам» атты түрлі тарихи романдар мен детективты хикаяттар жазып, оқырманның жүрегінен мол орын алып, көңіліне тағылымды ой сала білген дара тұлғамен тілдесу екі сағатқа созылса да келген көрермен тапжылмай отырып, тыңдап, тарихтан нәр алды.

 
«Таланттар мен табынушылар»
Іс – шаралар

20 ақпан күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада оқырмандар арасында актер, режиссер, Қазақ ССР-нің халық артисі Ш. Аймановтың 105 жылдығына орай  «Таланттар мен табынушылар» атты іс-шара болып өтті.

Шарада Ш.Аймановтың айшықты рольдері мен жарқын бейнесі, ерекше даусы мен көрнекті көрінісі жиналған оқырманға экран арқылы екі тілде деректі фильмдер көрсетілді. Бүгінде Шәкен Айманов атында қазақ киностудиясы жұмыс жасап киномотография саласы дамып келеді. Әлем таныған Аймановтың айқын да асқаралы туындылары талай жүректерден орын алып бүгінге дейін өз көрермендерін жоғалтқан емес.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Келесі > Соңы >>

Страница 20 из 29