290124
Іс – шаралар

«Асқақ рухты ақын қыз – Фариза!»

Фариза Оңғарсынованың құрметіне арналған поэзиялық кеш
Арнайы кітапханада қазақтың белгілі ақыны, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған “Асқақ рухты ақын қыз – Фариза!” атты поэзиялық кеші өтті.
Іс-шара көру қабілеті нашар балаларға арналған “Үміт” мектеп-интернаты мен химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, “Қоғамға қызмет” әлеуметтік жобасының және “Асар”еріктілер клубының қатысушыларының ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылды.
Поэзия кешін өткізудің мақсаты: Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен және өмір жолымен таныстыру ғана емес, сонымен қатар олардың дарындарын дамытуға, ана тілі мен әдебиетіне деген сүйіспеншілігіне, аға буын мен ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге шабыттандыру болды.
Іс-шара барысында Фариза Оңғарсынованың оқушылардың орындауындағы өлеңдері мен әндері, сондай-ақ өмірі мен шығармашылығы туралы бейнероликтер көрсетілді.
”Асқақ рухты ақын қыз” поэзиялық кеші көрнекті ақынға құрмет көрсетіп қана қоймай, түрлі білім беру және әлеуметтік мекемелер, сондай-ақ волонтерлік ұйымдар арасындағы табысты ынтымақтастықтың үлгісі болды.
Арнайы кітапхана “Қоғамға қызмет” әлеуметтік жобасының және “Асар” еріктілер клубының қатысушыларымен бірлесіп адамдарға қазақ халқының мәдени және рухани құндылықтарын тарату бойынша өз қызметін жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

 
240124
Іс – шаралар

«Тағдырластар» клубының қаңтар айындағы кездесуі

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Бізге таныс бейнелер» атты «Тағдырластар» клубының кезекті басқосу іс-шарасы өтті. Шараны клуб жетекшісі Ербек Бакиев жүргізді. Алдымен қаңтар айында туылған клуб мүшелерін құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстап тәтті тілектер арналды.

Айтулы жиында қазақ әдебиетінде өз орны қалыптасқан және ұлт өнерімен мәдениетіне адал қызмет еткен дара тұлғалардың өмірі мен жарқын бейнесі еңбектері кеңінен айтылды. Халық арасында кең таралған «Жас жұбайлар», «Теріскей», «Мұңайма», «Қуантқым келеді» деген әндер орындалып, театр сахнасында сомдаған ролдер мен кинода ойнаған кейіпкерлер дауысы сондай-ақ белгілі қаламгерлердің фотопортреттері жасырылып, оқырмандар жасырылған дауыстар мен суреттерді тауып, жеңімпаз атанды. Түрлі ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысқандарға сый-сиапаттар табыс етілді. Кешке Ыбырай Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасының қызметкері Талиға Наханова әсем әндерінен шашу шашса, «Отбасы хрестоматиясы» Шымкент қаласындағы өкілдері арнайы келіп, кітапханаға біраз кітаптарды сыйға тартып оқырмандарға рухани азық қалдырды. Кеш аясында ақын Әселхан Торбаева арнайы қонақ болып келіп, жақында ғана жарыққа шыққан «Зәуре» атты кітабын кітапханаға тарту етті.

Кеш барысында ақын Ақберен Елгезек арнайы кітапхана оқырмандарына клуб мүшелеріне ақ тілегін арнап, өз өлеңін тарту етіп, арнайы бейнежазба жолдады. Сонымен қатар сазгер, көптеген әндерді жарыққа шығарған, «Жас жұбайлар» әнінің авторы Бекжігіт Сердалиевте аталған шараға өз тілектестігін білдіріп, арнайы құттықтау бейнежазбасын жеткізді. Оқырмандар ерекше әсер алып, естелік суретке түсіп, көңілді тарасты.

 

 
17012024
Іс – шаралар

Бабадан бізге не қалған

«Ғибрат» мәдени демалыс клубы

Бүгін Шымкент қалалық арнайы кітапханада «Ғибрат» мәдени демалыс клубының кездесуі болып өтті. Бүгінгі тақырып «Бабадан бізге не қалған» тақырыбында жалғасын тапты. Шара барысында ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен мұрасымен тереңірек танысып, мақал – мәтелдер айтылып, жұмбақ жасырылып келген оқырмандардың ойларын жан-жақты қамтып, әртүрлі тақырыптарға табан тіреп кез келген ойды аша түсті. Бұл іс-шараны кітапхана қызметкерлері Дүйсенбиева Гулбахира мен Қоңырбаева Ақжарқын екеуі жүргізіп, ғибратты тақырыпта оқырмандарға яғни қазыналы қарттарымыздан өткен тарихтардан сыр шертісті.

Кітапхана қызметкері Ләззат Мүсілім Шорақызы билер мен шешендер өмірінен алынған қызықты оқиғаларды мәнерлеп оқып берді. Шарада оқырмандарға бейнесұрақ ұсынылды, сұрақты тапқан оқырмандарымызға арнайы сыйлықтар табысталды. Сөз соңында оқырмандар кітапхана қызметкерлеріне ізгі тілектерін арнап, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

 
17012024
Іс – шаралар

Бабадан бізге не қалған

В Шымкентской городской специальной библиотеке состоялось заседание клуба «Гибрат» на тему  «Бабадан бізге не қалған». В ходе мероприятия читатели  знакомились с наследием наших предков, рассказывали пословицы и загадки, высказывали свои мысли на различные темы. Данное мероприятие провели сотрудники библиотеки Дуйсенбиева Гульбахира и Конырбаева Акжаркын, которые рассказали читателям истории наших предков.

Сотрудница библиотеки Лаззат Мусилим Шораевна  читала интересные истории из жизни биев и ораторов. На мероприятии читателям была предложена видеовикторина, а читателям, ответившим правильно на вопросы, были вручены специальные призы.

 
04.12.2023 Шамшырак
Іс – шаралар

Қаламызда талантты зағип азаматтар үшін арнайы ұйымдастырылған «Шамшырақ» өңірлік өнер фестивалі болып өтті.

Фестиваль зағип азаматтардың мүмкіндіктері туралы түсінікті өзгертуге, олардың қоғамға қосқан ерекше үлесін көрсетуге, қоғамда оң көзқарас қалыптастыруға, шығармашылықта керемет нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетуге, инклюзивтілікке жол ашуға бағытталған.

Облысымыздың түкпір-түкпірінен келген қатысушылар тактильді өнер, проза, поэзия, актерлік шеберлік, аспапта орындау, вокалдық орындау секілді номинациялар бойынша бақ сынасты.

Ақын-жазушылардан, мәдениет-өнер майталмандарынан, қоғам қайраткерлерінен, елімізге белгілі вокалист және хореограф мамандардан құралған қазылар алқасы мүшелері ұсынылған жұмыстарды тақырыпқа сәйкестілігі, стилінің бірегейлігі, инновациялық және эксперименттік көзқарасы, көрерменге эмоционалды әсер етуі және т.б. бойынша бағалады.

Бастысы аталмыш фестиваль зағип адамдардың проблемалары мен қажеттіліктері туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға, әр адамның тең мүмкіндіктері бар инклюзивті қоғам құруға және көру қабілеті нашар адамдардың қоғамның мәдени-шығармашылық дамуы үшін ерекше қабілеттері мен таланттары бар екенін баса көрсетуге арналған.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 1 из 29