16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсанда – мұзда жанған алауым, желбіретті тәуелсіздік жалауын»
Іс – шаралар мұрағаты

11 желтоқсан, сағ. 11.00 Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсанда – мұзда жанған алауым, желбіретті тәуелсіздік жалауын» атты іс-шара өтті. Іс-шарада оқырмандар еліміздің Тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен  танысып, терең мағлұмат алды. Іс-шараға қатысқандар: зағип және әлсіз көретін оқырмандар, «Үміт» мектеп – интернатының оқушылары, мүгедектерді оңалту орталығы және кітапхана қызметкерлері.

 

 

 

XX

 
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» (30 қарашадағы Елбасы жолдауын талқылау аясында )
Іс – шаралар мұрағаты

Өткізілген уақыты: 9 желтоқсан, сағ 15-00.

Іс-шараның мақсаты: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 30 қарашадағы Қазақстан халқына жолдауын кітапханашылар арасында талқыға салып, жолдаудың іске асуына атсалысу.

Тыңдалды: 30 қарашада Елбасының Қазақстан халқына кезекті дәстүрлі жолдауын жария етті. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» - жолдаудың аты аты айтып тұрғандай тек нақты іспен ғана айқындалуы керек.

9 желтоқсан күні облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкерлері  Елбасының жолдауына талдау жасады. Бұл іс-шараны М.Сапарбаев атындағы гуманитарлық институтының «Педагогика» кафедрасынының  ұстазы, саясаттанушы, тарихшы Райхан Түзелбайқызы Бейсекова лекция оқып, кемел болашаққа нақты 5 басымдылықтарға мағлұматтар беріп, қызметкерлер  де өз пікірлерін ортаға салып, мағыналы  ақпараттық сабақ өткізді. Тарихшы «НұрОтан» партиясының мүшесі екенін, Елбасының салихалы да сарабдал саясатын қолдайтынын айтып,  әр азаматты  өз елінің патриоты болуға шақырды.

Жарыс сөз: Кітапхана қызметкері, І топ көз мүгедегі,  «НұрОтан» партиясының мүшесі Марат Қожахметов өз ойын ортаға салып, жолдауды қолдайтынын, Елбасының саясатының арқасында мүгедектерге үлкен жол ашылып, кәсіпкер болып,қызмет тізгіндерін ұстап отырғандығын айтып, ризашылығын білдірді.

Елбасының осындай әлемдік дағдарыс кезінде де өз халқының жағдайын жасап, қамын ойлап, бюджет және әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысының өсетінін, жәрдем ақы мөлшері көбейетінін айтты. Бұл дегеніміз Елбасы бізбен бірге екенін, ел жағдайынан хабардар екенін аңғартады. Ел бірлігін аса назарда ұстауды талап етті және Отан игілігі жолында бірлесіп, бірігіп жұмыс істеуді тапсырды.

Біз, кітапханашылар, Президентіміздің ұстанымын бірауыздан қолдап, жаһандық дағдарысты жеңіп шығып, «Мәңгілік ел» болуға атсалысып, еңбек етеміз.  Бірлігіміз, тірлігіміз жарасқан елдігімізді, діни ұстанымымызды дұрыс дәріптеп, насихаттайық!

Кейінгі өскелең ұрпаққа ата-бабаларымыздан келе жатқан салт-дәстүр, мәдени мұраларымызды көзінің қарашығындай сақтауға, жалғастыруға үйретейік!

Арнайы кітапхана

директоры  орынбасары:                 Ләззат Сағынбекқызы Темірбаева

 

 

 

 
«Жемқорлықпен жұмыла күресеміз»
Іс – шаралар мұрағаты

«Жемқорлықпен жұмыла күресеміз»

(9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа

қарсы күрес күніне орай )

Ұйымдастырушылар: Қызмет көрсету бөлімі

Іс-шараға қатысушылар, саны: 16 оқырман

Өткізілген орны: оқу зал

Өткізілген уақыты: 9 желтоқсан, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: оқырмандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер жөнінде мағлұмат беру. Сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жою.

 

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.

Бүгінгі таңда 9-желтоқсан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні болып аталып келеді. Осыған орай арнайы кітапханада қалың оқырман мен бас қосу өткізіп, түрлі ақпараттар мен келелі сұхбаттар жүргізілді. Ә дегеннен әнгіменің әлқисасы ашкөздікпен бармақ басты көз қысты дегендей теңеулермен ашылып одан құтылу жолдары жайындағы әнгімеге ұласты. Әр оқырман өз ойларын ортаға салды. Жан-жақты талқыға түскен бұл тақырып жиналғандардың бәрін сөйлетті. Сол арада Н.Жұмағулов «Сыбайлас жемқорлықтан арылу қоғамның тең дәрежеде бірқалыпты өмір сүруіне бағыттайтын таза жол» деген пікірінде білдіріп қалды. Оқырмандар арасынан жемқорлықтан қалай алшақтап құтылуға, қалай мәңгілікке жоюға болады деген сұрақтар туындады. Осы орайда П.Үйсімбаева «Әр адам ар алдында, Алла алдында таза болып, жалт-жұлт еткен дүниенің соңына түспей тура жүрсе, өзінің өн бойындағы адалдығын ту ете білсе, санасын тазалыққа тәрбиелесе онда қоғамда реттеледі және адамзат арасында сыбайластық пен жемқорлық жойылады» деп жауап берді. Ауқымды шараға облыстық Нұр Отан партиясының мүшелері А.Құлахметовпен М.Қожахметов та қатыса отырып, сыбайлас жемқорлықтан бойды алшақ ұстауға және қандай да бір сыбайластықтың белгілерін байқап, аңғарған жағдайда анонимды сенім телефондары арқылы қажетті орындарға хабар беріп, қылмыстық істердің алдын алуға барынша болдырмауға үндеді. Бас қосудың соңы кез келген мемлекеттің әрбір азаматының адал болуы жемқорлықтан аулақ болуы өз қолында деген тұжырыммен түйінделді.

 

 

 
«Жұмекен – жырдың жаратылысы» (Ақын, ҚР Әнұран авторының бірі Ж.Нәжімеденовтің туғанына 80 жыл)
Іс – шаралар мұрағаты

Ұйымдастырушылар: Қызмет көрсету бөлімі

Іс-шараға қатысушылар, саны: 48 оқырман

Өткізілген орны: Оқу залы

Өткізілген уақыты: 2 желтоқсан, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: Қазақтың көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен өнер жолындағы еңбектері жайында оқырмандарға мағлұмат беру

 

ОҚО көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденовтің 80-жылдығына орай «Жұмекен жырдың жаратылысы» атты іс-шара өтті.

Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтың тәрбиесін алған. Туған халқының дәстүрлеріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімді бала бойында қалыптастырған да сол кісі. Немересіне өзінің атақты бабалары жайлы сыр шерткен. «Жұмекен сабақты жақсы оқыды. Әрі мектепке баруы мұң екен, домбыраға төселіп жүре берді.Ауылға келген сайын үйренген жаңа күйлерін тартып беретін. Ал одан босағанда малды ауылдың науқанды жұмыстарына қатысатын», - деп еске алады балалық балдәурен кезін бірге өткізген жолдасы Хамидолла Қабдешов.

Жұмекен Нәжімеденовтің 60-шы жылдан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма кітаптары «Жалын», «Жазушы» баспаларынан жарық көрді. Ақынның шығармаларының бәрін айтып кету мүмкін емес. 1967 жылы «Жоқ,ұмытуға болмайды!» атты поэмасы үшін  Қазақстан Ленин комсомолы  сыйлығының лауреаты атанды.

Жұмекен Нәжімеденов мәтінін жазған «Менің Қазақстаным» әні 2005 жылы әнұран болып бекітілді. Осыдан 50-жыл бұрын , 1956 жылы Алматыда, белгілі қобызшы Гүлсара Бірманованың үйінде жазылған екен. Кейін 1986 жылы сонау желтоқсан көтерілісінде алаңға шыққан қазақ жастары  «Менің Қазақстаным» әнін бірауыздан шырқап шыққан еді. Ән оларға патриоттық дем беріп, алға, болашаққа жетеледі. Солай тәуелсіздіктің арқасында әннің сөзі қайта өңделіп Елбасының авторлығымен ресми әнұранға айналды.

Жұмекен Нәжімеденов өзінің 48 жасқа толуына 6 күн қалғанда, 1983 жылдың 22 қарашасында дүниеден озды. Ақын өлімінен кейін жарық көрген он жинағына тірі кезінде жарияланбаған өлеңдері, поэмалары, повестері мен романдары, мақалалары мен аудармалары және тоғыз күйі енді. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылып, басылды.

Ақын өмірден озса да оның жазып кеткен өлеңдері халық аузында айтылып, мәңгі өшпейді.

Ақынның шығармалары кітап көрмесінен орын алды. «Ақ сүт», «Кетік кірпіш» атты поэмаларын оқырмандар сондай бір тебіреніспен ұйып тыңдады. Іс-шара барысында еліміздің ең бірінші әнұраны тыңдалып, соңында еліміздің мемлекеттік әнұранымен аяқталды.

 

 

 
«Ел мен Елбасы – егіз ұғым!» (1 желтоқсан – Елбасы күні)
Іс – шаралар мұрағаты

Ұйымдастырушылар: Қызмет көрсету бөлімі

Іс-шараға қатысушылар, саны: 18 оқырман

Өткізілген орны: Оқу зал

Өткізілген уақыты: 23 қараша, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарға Елбасымыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Халқымызды әлемге танытып, Алаш баласының абыройын асқақтатқан, Елін сүйген, елі сүйген Елбасыдан үлгі алуға тәрбиелеу.

 

Мемлекет басқару ісі-машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел- ең бай мемлекет,халқы ең бақытты халық. Елімізде  биыл төртінші жыл 1- желтоқсан Елбасы күнін атап өтудеміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы-мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын!

Елбасы күніне орай біздің арнайы кітапханамыз «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!»

атты ( 1 желтоқсан Елбасы күніне) орай үлкен іс-шара өткізді. 1991 жылы желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы болып өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетті.Нұрсұлтан Назарбаев президент болғалы аз уақыт ішінде қаншама жетістіктерге қолымыз жетті. БҰҰ-ға мүше болдық, республикамыз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50-елдің қатарына енді, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді, мемлекеттік Рәміздеріміз белгіленіп, Ата заңымыз қабылданды,Ұлттық валютамыз шығарылды. Ел тәуелсіздігіне 20-жылдан астам уақыт өтті. Еліміздің абырой-беделінің артуына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік көшбасшылармен арада қалыптасқан жеке достық қарым- қатынастары оң ықпал етеді. Мемлекет басшылары Қазақстан Президентінің ядролық қарусыздандыру, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, дінаралық диалогты жолға қою салаларындағы ғаламат еңбегін мойындайды.

Біздің Елбасымыз- білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен  жетуге шақырған үлкен тұлға. Кітапхананың оқу залында әдеттегідей оқырмандар көп жиналды. Кітапхананың ақпараттық  автоматтандыру бөлімі дайындаған Елбасы жайлы деректі фильмі оқырмандар назарына ұсынылды. Елбасының кітаптарынан тұратын үлкен көрме ұйымдастырылды. Көрмеге дыбысталған, жазық баспалы және нүктелі бедерлі кітаптар қойылды.Елбасымыздын бейнесі кіші қалыпты мүсінде қойылды. Нәтижесінде көптеген кітаптар сұранысқа түсті. Іс-шара өте тартымды әрі  қызықты өтті.

 

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 1 из 15