«Билердің сөзі – ақылдың көзі» (КР тәуелсіздігіне - 25 жыл) |
Өткізілген орны: Тифлобөлім
Өткізілген уақыты: 9 қаңтар, сағ 11-00.
Іс-шараның мақсаты: Өткен ата-бабаларымыздың тарихымен таныстыру, өз елінің өткен тарихына құрметпен қарау, ынтымаққа, адамгершіліке насихаттап мағлұматтар беру.
Арнайы кітапханада аталмыш тақырыпқа сай тарихи танымдылық кеш өткізілді. Осы орайда, қазақ елінің ғасырлар бойғы арманына қол жеткізіп, тәуелсіздікке жеткен жолдары баяндалды. Қаншама қилы кезеңдерде ұлан ғайыр жерімізді сақтап, ұлттық рухымызды жоғалтпай, егеменді еркін елге айналып отырмыз. Танымдылық кеш Бәйдібек би, Кішікұлы Әнет би, Қарауылұлы Шілменбет билердің өмірбаянымен таныстырды. Кеш тәуелсіздік тақырыбындағы ой-толғаулар мен түрлі тарихи және ұлттық тәрбиелік мәні бар мағлұматтар оқырмандарға жеткізілді. Жиналған оқырмандар жастар жағы өздерінің жан-жақты пікірлерін айтып жатса, қариялар жағы Тәуелсіздікке жеткенімізге шүкір, тыныштығымызды тұрақты, бейбітшілігімізді берік те баянды, азаттығымызды тұғырлы болсын деп ақ бата-тілектерін ақтарып салды. Бабалар арманы бүгінде біздің басымызға бақ болып орнады. Ендігі жерде тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, келер ұрпақ мақтанышпен айтарлық мәңгілік елге айнала бергей деген ниетпен танымдылық тарихи кеші өз мәресіне жетті.
Кітап көрмесі: «Бабалар салған сара жол- ұрпаққа болар мұра жол»
Қойылған кітап саны: 12 дана («сөйлейтін», бедерлі-нүктелі, жазық-баспалы кітаптар және кіші қалыпты мүсіндер)



|
|
«Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын!» «Менің елім - Мәңгілік ел!» (КР тәуелсіздігіне 25 жыл) |
Өткізілген уақыты: 5 қаңтар, сағ 11-00.
Іс-шараның мақсаты: қоғамдық саяси әдебиеттерді насихаттау және мемлекеттік саяси мейрамдар жайлы мағлұматтар беру.
Арнайы кітапхана да аталмыш тақырыпқа сай кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді. Осы орайда, қазақ елінің ғасырлар бойғы арманына қол жеткізіп, тәуелсіздікке жеткен жолдары баяндалды. Қаншама қилы замандардан бір Аллаға сыйынып ұлан ғайыр жерімізді сақтап, ұлттық рухымызды жоғалтпай, егеменді еркін елге айналып отырмыз. Тұсаукесер аясында Мәделі Қожаға 200 жыл, Ақын-жыршы Қазанғап Байболұлының 125 жылдығы және атақты әртіс Айша Абдуллинаға 100 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылықтарына тоқталып, кеңірек таныстырылып өтілді. Азаттықтың ауасымен тыныстап, қанатын еркін қағып, бейбіт күнде биікке самғап, болашаққа Елбасы атап көрсеткен «100 нақты қадаммен» талпынып, бүгінде 25 жасқа толып отырған ұлы дала елі қазақ халқы, асқақ арман мен мол мақсаттарға жетуге талпынып келеді. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық тарихы еркіндікке кеше ғана қол жеткізсе де, тамыры тереңнен сыр толғайды. Кітап көрмесінің тұсаукесерінде тәуелсіздік тақырыбындағы ой-толғаулар мен түрлі тарихи және ұлттық тәрбиелік мәні бар кітаптар қойылды. Жиналған көрермендердің жастар жағы өздерінің жан-жақты пікірлерін айтып жатса, қариялар жағы Тәуелсіздікке жеткенімізге шүкір, Аллаға тәубе тыныштығымызды тұрақты, бейбітшілігімізді берік те баянды, азаттығымызды тұғырлы қылғай деп ақ бата-тілектерін ақтарып салды. Бұл жиында «Алаш қозғалысына - 100 жылдығы» да айтылып өтті. Біз бұл тұста Әлихан Бөкейхановтар бас көтерген алаш қозғалысынан алаштың азаттықты әріден аңсап, алға ұмтылғанын аңғарамыз. Бабалар арманы бүгінде біздің басымызға бақ болып орнады. Ендігі жерде тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, келер ұрпақ мақтанышпен айтарлық мәңгілік елге айнала бергей деген ниетпен тұсаукесер кеші өз мәресіне жетті.



|
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 31 32 33 Келесі > Соңы >>
|
Страница 33 из 33 |