«Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»

«Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»

(22-наурыз мейрамы)

15 наурыз күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік кеш өтті. Аталмыш кеш, Ұлыстың Ұлы күні наурыз мейрамын ұлықтауға арналды. Іс-шараны кітапхана директоры Б.Нұрманбетов ашып, оқырмандарға жалынды ақ тілегін жолдады. «Ардақты әжелер» тобы, Шымкент қалалық Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің ұстазы Оразәлі Жаңабаев, сонымен қатар кітапхана қызметкерлері Амантаев Ербол, Аппазова Кәмшат, Гүлсара Қаттабекова және кітапхананың талантты оқырманы Ақжүніс Тайтелеева өздерінің халық әндерін шырқап, кешті қызықтырып өткізді. Кеш соңында кітапхананың арнайы дайындаған наурыз көжесі мен бауырсағы оқырмандарға тарқатылды. Оқырмандар жақсы көңіл-күймен  бір-біріне ақ тілек арнап тарасты.

 
08.02.2023

«Күрес. Сенім. Жеңіс»

«Бәйшешек» кітабының таныстырылымы

 

Шымкент қалалық арнайы кітапханада бүгін «Күрес. Сенім. Жеңіс» атты жазушы Жәмилә Бақтиярқызымен кездесу, «Бәйшешек» кітабының таныстырылымы болып өтті. Кешті кітапхана директоры Б.Нұрманбетов ашып оқырмандарға кеш қонақтарын таныстырып кеш тізгінін «Әкеге құрмет», «Анаға тағзым», «Қазақ қызы» кітаптарының авторы ҚР мәдениет саласына еңбегі сіңген қоғам қайраткері, әдебиет жанашыры Айдарбекова Күлия Смайлханқызына табыстады. Айтулы шараға  әнші Айжан Тәженова,  Бақтияр Өнербаев қадірлі қонақ болып қатысты. Сонымен қатар кітап авторы кітап жайында өзі жайында ақпарат айтып, түрлі сұрақтарға жауап берді. Аталған кеште қаламгердің өлеңдері оқылып, кітапхана қызметкерлерінің дайындаған сахналық қойылымы көрермен назарына ұсынылды. Жиналған оқырмандар кеш авторымен танысып, өмір жолына сәттілік тіледі. Естелікке суретке түсіп ерекше әсермен тарасты.

 
02022023

Ашық микрафон Думан Жаханбаев

Шымкент қалалық Арнайы кітапхананың аудио залында «Ашық микрафон» жобасының кезекті басқосуында Алматы қаласынан арнайы келген әнші Думан Жаханбаев қонақ болды. Аталған жобаны Арнайы кітапхана қызметкері Гүлсара Каттабекова жүргізді. Кешке жиналған оқырмандарға Думан Жаханбаев Баян аспабымен түрлі әндер орындап жүректерді нұрға бөледі. Бала жасынан әнге құштар боп өскен Думан түрлі ән байқауларына қатысып жеңімпаз атанған. Кешке қатысқан оқырман тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, пікірлер мен ақ тілектер айтылды. Көрермендер көңіліне ұнаған әндерді қайтадан айтқызып ерекше әсерге бөленді. Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары Бөрібекова Әдемі кеш қонағы Д.Жаханбаевқа алғыс білдіріп, ізгі тілегін арнады.

 
26.01.2023

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы зағип оқырмандарға қазақ тілінде режиссер Қуаныш Бейсековтың «Отыздан асып барамын» атты фильмі көрсетіліп, тифлокомментирование жасалды. Тифлокомментирование – бұл зағип жандарға түсініксіз заттарды, кеңістікті немесе адамдардың іс-әрекеттерін сипаттап, түсіндіруді айтамыз. 90-шы жылдары алған Тәуелсіздігіміздің қал-жағдайын бір ғана фильмнен көрініс табады. Бауырмалдық пен қарым-қатынас және Отан алдындағы әрбір азамат пен азаматшаның негізгі жауапкершілігін жақсы көрсеткен. Ал енді жаңа Қазақстанды құрып жатырмыз, сол жаңа Қазақстанда жақсылықтар көп болсын, шекарамыз нық, ұрпағымыз аман болсын, еліміз, жұртымыз тыныш, бақытты Ел болайық деп тілейік. Қазақстанымыз көркейе берсін.

 
Әке жолын жалғадым

Әке жолын жалғадым

(жазушы Мұрат Әуезұлы 80 жаста)

Шымкент қалалық арнайы кітапхананың Аудио залында «Әке жолын жалғадым» атты жазушы Мұрат Әуезұлының 80 жылдық мерейтойына арналған әдеби сазды кеш өтті. Кеште жазушының өмір жолындағы атқарған ерен еңбектері мен шығармашылық жұмыстары, жазған кітаптары оқырманға кеңінен таныстырылды. Айтулы кешке Түркістан қаласынан арнайы филология ғылымдарының докторы сазгер көптеген әндердің авторы соның ішінде ел арасына кеңінен таралған «Ризамын», «Неге-неге», «Жас жұбайлар», «Ауыл жатыр той жасап» атты әндердің авторы Бекжігіт Сердалиев пен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері қазақ ұлт өнерін шетелде насихаттап ел мәртебесін асқақтатып жүрген ел ағасы әнші Абылайхан Оспанов қонақ болды. Кеште кітапхана директоры Б.Нұрманбетов сөз сөйлеп жазушының еңбегін айта отырып, А.Оспанов пен Б.Сердалиевке алғысын білдірді. Кеш барысында Мұрат Әуезұлымен болған кездесулер жайында сүбелі ойлар айтылды. Аблайхан Оспановтың орындауында бірнеше әндер шырқалып, көрермендердің көңілі көтерілді. Оқырмандар арасында алдыңғы буын ағалар қадірлі қонақтарға ақ тілегін арнап лебізін жеткізді. Кеш соңында кеш жүргізушісі Ербек Бакиев ағаларға алғыс айтып шапан жауып сый құрмет көрсетті. Көпшілік естелік суретке түсіп, рухани кештен зор әсер алып тарасты.

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 8 из 33