01072024

“Тимбилдинг: креативті ойлау және жаңа идеялар генерациясы”

“Open air team building”

Арнайы кітапханамыздың ұжымы - бұл бірлік пен ынтымақтың жарқын үлгісі, әрқашан бір-бірімізге қолдау көрсетіп, ортақ мақсаттарға жету үшін біз бірге жұмыс істейміз.

Біздің ұжым инклюзивтілік пен креативтілікке ерекше мән береді. Біз әрбір қызметкердің қабілеттерін бағалап, олардың дамуына жағдай жасаймыз.

Бұған дәлел - ұжымымыздың жаздың шырайлы күнінде Қасқасу демалыс аймағына ұжымдық рухты нығайтуға арналған тимбилдинг шарасына шығуы. Бұл шара кітапханамыздың 55 жылдығына және Брайль шрифтін үйрену мен насихаттауға арналды.

Ұжым мүшелері демалыс аймағына жиналып, екі топқа бөлінді. Әр топтың мақсаты - бір-бірімен ынтымақтасып, түрлі тапсырмаларды орындау болды.

Нәтиже: Бұл шара ұжымның бірлігін нығайтып, қызмет сапасын жоғарылатуға үлкен үлес қосты. Әрбір қызметкер өз қабілеттерін көрсетіп, жаңа дағдыларды меңгерді.

Біздің ұйымшыл және заманауи ұжымымыз - бұл кітапханамыздың басты байлығы. Біз әрқашан алға ұмтылып, жаңа жетістіктерге қол жеткізуге дайынбыз!

 
26062024

«БОЛАШАҚТЫҢ ИНКЛЮЗИВТІ КІТАПХАНАСЫ: кітапханалық қызмет көрсетудің инновациялық тәсілдері»

Инклюзивті БиблиоФорум

2024 жылдың 26 маусым күні арнайы кітапханамызда Түркістан облысына қарасты аудандарда орналасқан арнайы кітапханалардың мамандары үшін ерекше форум өтіп, зағип және нашар көретін азаматтарға қызмет көрсету саласындағы ең үздік тәжірибелер мен жаңашыл технологияларды талқылауға арналды.

Форумға тәжірибелі кітапханашылар, СММ-мамандар, психологтар, педагогтар және басқа да байланысты салалардың өкілдері жиналды. Форум барысында қатысушылар навигацияға, оқуға және қарым-қатынасқа арналған мобильді қосымшалардың соңғы жетістіктерін, аудио материалдармен жұмыс істеудің инновациялық әдістерін, білім беру мақсатында виртуалды шындықты пайдалануды, сондай-ақ зағип пайдаланушыларды психологиялық қолдау мен ынталандырудың тиімді тәсілдерін талқылады.

Алдағы Жоспарлар мен ынтымақтастық:

Форумның нәтижелері негізінде, алдағы уақытта бірнеше маңызды шараларды жоспарлап отырмыз. Біріншіден, кітапханалық қызмет көрсету саласында жаңа технологияларды қолдану және инклюзивті тәсілдерді енгізу бойынша тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады. Екіншіден, форум барысында талқыланған идеялар мен ұсыныстарды іске асыру үшін арнайы жұмыс топтары құрылады. Бұл топтар инклюзивті қызмет көрсетуді жақсарту бойынша нақты жобаларды әзірлейді.

Форум Нәтижелері:

Форумда талқыланған мәселелер мен ұсыныстар бізге жаңа бағыттар ашуға және өз қызметімізді жетілдіруге мүмкіндік берді.

Болашақта біз қызмет көрсету сапасын арттыру және инклюзивті тәсілдерді дамыту үшін жаңа технологиялар мен инновацияларды қолдануды жалғастырамыз. Біз барлығымыз бірлесіп, инклюзивті қоғам құруға және көру қабілеті нашар азаматтардың өмірін жақсартуға үлес қосамыз.

 
23082024

Қазақ тіліндегі сөйлеу синтезі (экран дикторы)

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, соның ішінде көру қабілеті нашар адамдарға қажетті жағдайлар жасау мақсатында қазақ тіліндегі сөйлеу синтезі (экран дикторы) жобасын іске асырды.

Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабына сәйкес ақпарат иеленушілер интернет-ресурстардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Жобаны жүктеу, орнату, қолдану нұсқаулығы және дауыс үлгілері https://screenreader.tilqazyna.kz/ сайтында қолжетімді. Экран дикторын орнатуда сұрақтар туындаған жағдайда 8(708)5430672 нөміріне хабарласуды сұраймыз

 

 
31052024

«Саяси құрбандар»

(31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы сіздердің назарларыңызға 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне  арналған «Саяси құрбандар» атты танымдық сағатын ұсынады. Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды. Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды еске алу, ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы. Қазақ халқына қасірет әкелген сол бір аумалы-төкпелі жылдарда мыңдаған адам жазықсыз түрмеге тоғытылды, аяусыз атылды, туған жерінен айдалып кете барды. Ұлтын сүйген азаматтар тоталитарлық жүйенің құрбанына айналды. Елі үшін жанын берген әрбір тұлғаның есімі тарих беттерінде алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз.

Бүгінгі іс-шараны оқырмандармен Шымкент қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде өткіздік. Музей үш залдан тұрады: 1. Экспозициялық зал; 2. «Тағзым» залы; 3. Кино залы. Музей қызметшісі зағип оқырмандарға қуғын-сүргінге ұшыраған халықтың сол уақыттағы бүкіл  тарихын айтып өтті және сақталған құжаттармен, музейдің жаңа экспозиция залдарымен таныстырды. Оқырмандар музейден ерекше әсер алғандарын айтып, ойларымен бөлісті. Музейдің қызметін жоғары бағалап, ыстық лебіздерін білдірді.

Құрметті оқырмандар, әрдайым өткен тарихымызды ұмытпай, біздің болашағымыз үшін күрескен ата-баба рухына тағзым етіп отырайық.

 
22052024

Шымкент қалалық көзі көрмейтін  және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының «Аудио» залында «ҒИБРАТ» мәдени демалыс клубының кездесуі өтті. Бүгінгі тақырып « Мәдениет пен өнер- рухани өмір мәйегі». Мамыр  айы  мереке мен шаттыққа толы күндерден құралған. Осыған орай, мамыр айындағы барлық атаулы даталы күндерді қамтыдық.

Мәдениеттің өзекті бөлігі – өнер. Шынында да, өнер мәдениеттің қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениеті мен өнері өркендеген қоғам әрқашанда ілгерілеп дамиды. Еліміздің өркендеп өсуіне үлес қосып, мәдениет биігіне шығармашылық тұрғыдан қызымет етіп, халықты тамаша өнерімен қуантып келе жатқандар қаншама. Оқырмандардың арасында Бижанов Жәнібек Тамашаұлы  іс-шараға өз үлестерін қосып, әндерін шырқап ортаға салды. Бізде қонақта Аманкулова Мейіркул Ортайқызымен сұхбат болды. Өмірі мен  шығармашылығын кеңінен насихаттап, оқырман қауымына таныстырдық. Кеш қонағы өз өлеңдерін оқып, әнін шырқап, көрермен алғысына ие болды.

Қазақ Соқырлар Қоғамының Шымкент қалалық филиалының төрағасы  Пірімжанов Марат Аханұлы демеушілік көрсетіп,  «Ғибрат» мәдени демалыс клуб мүшелерін  айтулы мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.

 
Тағы мақалалар...
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 2 из 33