Әдебиеттерді жинақтау өңдеу және құжаттарды жинақтау, бөлімі |
Авторлар: Super Administrator |
23.05.2013 18:12 |
Әдебиеттерді жинақтау өңдеу және құжаттарды жинақтау, бөлімінің меңгерушісі - Қарғабаева Гүлсара Тұрғынқызы Бөлім арнайы кітапхананы әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен толықтырады және каталогтарды, кітап қорын жүйелейді. Қазақстан Республикасындағы арнайы кітапханалармен бірлесіп кітапхананың кітап қорын толықтыру, әдебиеттерді өңдеу мәселелерімен айналысады. Кітап қорының тақырыптық-типологиялық жоспарын жасайды, оны жіктеп жазады. Қорды Мәскеуден, Санкт-Петербургтан алынған арнайы басылымдармен толықтырады және кітапхана бөлімдеріне таратады. Есептен шыққан әдебиеттерді инвентарлық кітаптардан шығарады. ГОСТ-тың 7.1-2003 сәйкес шығармаларға библиографиялық сипаттама береді, жіктейді, каталогтарды ұйымдастырады, түскен әдебиеттерді толық техникалық өңдеуден өткізеді, карточкаларды каталогтарға құяды, каталогтарды безендіреді, арнайы және өлкетану әдебиеттеріне бедерлі-нүктелі карточкалар жазып, каталогтарға құяды. Кітап қорының есеп құжаттарын кітап қорынан, ескірген мағынасы жоғалған кітаптарды шығарады. Кітап қорының КБЖ бойынша тұрғанын бақылап отырады. |
Жаңартылған 18.08.2015 16:51 |