Әдістемелік басылымдар - Қарабай Қалтаев PDF Print
Article Index
Әдістемелік басылымдар
Қарабай Қалтаев
All Pages

 


Қарабай Қалтаев

 

Еркіндік – елге мұра, ұрпаққа ұран!

Қай заманда да, қай қоғамда да

туған елі үшін ерлік көрсетіп,

қан төккен ерлер есімі мәңгі ұмытылмайды.

 

 

Жаһандық жанжалға жалғасып, миллион-

даған жандардың жанын қиған екінші дүние

жүзілік соғыстың аяқталғанына міне 65 жыл толып отыр. Бұл тарихи жылнамаға аса ауқымды әрі адамзат баласын орасан қыр-

ғынға ұшыратқан соғыс болды. Дүниежүзі халқының төрт жылға созылған фашизмге қарсы күресі, жеңіске жетті.

Жеңіс күнін жақындатуға қазақстандықтар-

дың да қосқан үлесі ересен. Жауға қарсы атылған он оқтың жетеуін дайындап, ер-

жүрек ерлерін Отан қорғауға аттандырған оңтүстікқазақстандықтардың ерлігін ешқашан естен шығармай, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, мақтан тұту–біздің борышымыз.

Сұрапыл соғыстан аман қалып, ортамызға оралған ардақты ардагерлерді әрқашан да сый-құрметке бөлеп, қадірлеу перзенттік парыз. Бейбітшілік үшін кеудесін оққа тос-

қан ардагерлерімізді аялап, қайғы-қасірет-

пен бірге келген жеңістің қадіріне жете білейік!...

Оңтүстік Қазақстан облысында майданға жасақ жинау 1941 жылдың 24 маусымында басталды. 1941 жылдың қыркүйегінде

Мемлекеттік Қорғаныс комитетінен түскен қаулы бойынша халықты майданға дайын-

дау жүргізілді. Әсіресе 8-10 сынып оқушы-

ларымен, студенттерді дайындау қолға алын

ды. 1941-1944 ж.ж. Шымкент мұғалімдер институтында 326 пулеметшілер, 58 граната лақтырушылар дайындалып, олардың іші-

нен 175 студент Қызыл Армия қатарына ша-

қырылды.

Шымкент темір жол училищесін бітіріп, слесарь-автоматшы болып жұмыс істеп жүрген Қалтаев Қарабай да 1942 жылдың қыркүйек айында майданға шақырылады.

Қарабай ата 87 жаста

 

Қалтаев Қарабай 1923 жылы 5 мамырда Шымкент облысы Ленгір ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. Әкесі Қалтай шаруа отбасынан шыққан. 1929-1930 ж.ж. коллективтендіру кезінде Қалтайдың мүлкі конфискеленеді. 1930-1932 ж.ж. ашаршы-

лық кезінде әкесі аштықтан көз жұмады.

Жетім қалған Қарабайды және ағасы мен әпкесін қоса, анасы Шымкенттегі балалар үйіне өткізеді. 1933 жылы анасы қайтыс болып, аштықтан ағасы мен әпкесі де өмір-

ден өтеді. Жалғыз қалған Қарабайды жақын ағайындары асырап алады. Қарабай Шымкент қаласындағы Қ.Спатаев атындағы қазақ орта мектебінде оқиды. Мектепті бітірген соң медициналық техникумға түседі, бірақ стипендия төлемегендіктен оқуды тастауына тура келеді.

1940 жылдың күзінде Шымкент темір жол училищесіне оқуға түседі. Оқуды бітіріп, слесарь-автоматшы болып жұмыс істейді.  1942 жылы армия қатарына шақырылады. Қарабай Ивановск облысы Тейково қаласын

дағы әуе десанты дивизиясына қабылдана-

ды, онда екі айлық әскери дайындықтан өте-

ді. Кривой-Рог ауданында шайқасқан 15-ші гвардияшы атқыштар Харьков дивизиясы-

ның 20-шы гвардияшы танкіге қарсы дивизионының құрамында қызмет етеді.

Ингула, Ингульец өзендеріндегі соғыс-

тарда Қалтаев Қарабай станокты пулеметті және 25-30-ға тарта немістерді атып, көзін жояды. Осы ерлігі үшін қатардағы Қ.Қалтаев ІІІ-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталады. Сол кезде СОКП қатарына қабылданады.

Қарабайға Молдавия, Ужгород, Карпат, Польша сияқты көптеген отты жолдардан өтуге тура келеді.

1945 жылы 27 қаңтарда Холбендороф ауданындағы соғыста сержант Қалтаев екі танкінің және екі қауіпті қаруды, екі қол

Қарабай атаның майдандас достары

 

пулеметін қиратып 25 немістің көзін жояды. Ерлігі мен төзімділігі үшін ІІ-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталады. 1945 жылы сәуір айында, үш танкіні, төрт зеңбіректі, төрт станокты пулеметті және жаудың елуден астам солдаты мен офицерлерінің көзін жояды. Ерлігі мен әскери шеберлігі үшін старшина Қалтаев 1945 жылы 15 мамырда «Даңқ» орденінің толық иегері бола отырып І-ші дәрежелі «Даңқ» ордені-

мен марапатталады.

Ол соғысты Прага қаласында аяқтайды.

Қарабай соғыстан 1947 жылдың наурыз-

ында оралады. Шымкент қалалық комитеті оны милиция органына жұмысқа қабыл-

дайды. Қатардағы милиционер, учаскелік инспектор қызметін атқара отырып, Ташкент қаласындағы СССР Ішкі Істер министрлігінің екі жылдық мектебіне оқуға жіберіледі, оны жақсы дипломмен бітірген майор Қалтаев 30 жылдай милиция органын

да қызмет етті.

Бұл қызметте де көптеген наградаларға ие болады. «Отличник милиции», «За безупреч

ную службу» басқа да бірнеше Құрмет Грамоталарымен марапатталған.

Қарабай өзінің майдандас достарымен бірнеше рет кездесуде болды.

Қарабай ата майдандас достары-

мен бірге

1983 жылы Днепропетровск облысы Криворожский ауданы Халықтар депутаты Чкалов ауылдық Кеңесіне аудан- ауылдар-

дың бостандық алуының 40 жылдық мереке-

сін атап өту салтанатына шақырылады.

Жастарға патриоттық тәрбие беруде белсе-

не араласқаны «Ингулецкий плацдарм» мұражайын құруға көмек көрсеткені, ауыл-

ды неміс солдаттарынан азат етуге қатыс-

қаны үшін Халықтар депутаты Чкалов селолық Кеңесінің атқару комитеті Қ.Қалтаевқа Чкалов селосының «Құрметті азаматы»  атағын береді.

1995 жылы Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» атағы берілді. 1996 жылы Шымкент қаласындағы бір көшеге оның аты берілді. Новый поселок көшесі қазір «Қалтаев Қарабай» атымен аталады. 2007 жылы Қазақстан Республикасы «Құрмет ордені»-мен марапатталады.

Қазіргі таңда Қалтаев Қарабай құрметті демалыста. Биыл Қарабай атаға 87 жас толды. Ол көптеген мерекелік іс-шараларға қатынасып, жастарға, балаларға патриоттық тәрбие беруде өз үлесін қосып жүр.

Қарабай Қалтаев жан-жары Мария дүниеден өтсе де, мойымай ұл-қыздарымен, немере-шөберелерінің ортасында тату отбасын құрып отыр. Ұл-қыздары, барлығы әртүрлі салада қызмет жасайды, барлығы-

ның орта және жоғары білімдері бар. Назира деген қызы әкесі сияқты заң саласында Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі Істер басқармасының Көші-қон бөлімінің бастығы қызметін атқарып келеді. Әрқайсының өз жанұялары бар.

Қалтаев Қарабайдың 10 немере ұлы, 2 немере қызы, 2 шөбересі бар. Барлығы әр мерекеде үлкен үйге жиналып бас қосады.

Қарабай ата туған-туыс арасында

 

1942 жылдың қыркүйек айы болатын. Шымкент паравоз депосында слесарь болып істеп жүрген жас жігіт он тоғызға енді толған өзінің мүшелі тойын дастархан басы, жора-жолдастарының арасында атап өтуге ынтық еді. Бірақ ол болмады. Фашистік Германия соғыс ашып, армия қатарына шақырылды. Көп ұзамай майданға аттанды.

* * Калинин бағыты. Айнала қар жамы-

лып, қанға бөккен кең дала. Түрлі калибрлі зеңбіректер гүрсілінен жер сілкінеді. Аспаннан жаңбырша жауған оқ нөсері майданды енді көрген жас жауынгерге үрей туғызып тұр. Аяқ басса-ақ ажал арандай аузын ашатындай. Бұл алғашқы сәттегі сезім. Адамның көнбейтіні бар ма, Қарабай да көндіге бастады. Ажалдан қорыққан сезім бірте-бірте дұшпанға деген өшпенділікке орын бере бастады. Артта қалған елі үшін, сол елінің намысы үшін, қатарында келе жатқан оққа ұшқан қарулас жолдастары үшін жүректе тұтанған  өшпенділік оны барған сайын ерлікке, батылдыққа шыңдады. Ұрыс жолымен Ржев, Демяньско, Старая Руссадан өтті. Бұл екі арада ол басқарған минометшілер бөлімшесі талай дұшпанды жер қаптырды. Осы жолда Ловат өзенінен өту көп әлекке салды. Арғы бетке жақсылап бекінген жау артиллериясы оқты жаңбырша боратып, бас көтертпейді. Көп шабуылдан  түк шықпаған біздің солдаттар бір кезде айласын асырып, нысанаға жеткендей болды-ау әйтеуір. Жау шегінсе де шығын аз болмады. Қарабай бір қолынан жараланып, жарты айдай госпитальда жатты. Майданға қайта оралған Қарабай өз дивизиясын Старая Руссада қуып жетті. Ежелгі қала маңындағы жаудың бекінісін бұзуға қатысты. Қиян-кесті ұрыста ол жерлестері, ағайынды Балтабай, Үсіпбай Тәліповтардың, Мамырбек Ахметовтың басқа да полктастарының оққа ұшқанын көрді. Жас жүрекке өзегін өртеген өкініш пен дұшпанға деген өшпенділік ұялап, тайдай тулады. Жолдастарының қабірі үстінде Қарабай жаудан өш алуға ант етті. Дұшпанға атқан әр оғын соғыс құрбандары үшін, Отан үшін деп жіберді...

*  Қырық үшінші жылдың күзі де келді. Жоғарыдан келген бұйрыққа сәйкес Қарабайдың дивизиясы солтүстік-батыс майданынан кері шақырылып, қыркүйектің аяғында Полтаваға ауысты. Үшінші дивизия құрамында минометші Қалтаев та Днепрден өту үстіндегі шайқасқа араласты. Біздің әскерлер дұшпанның қарсыласқан күшін басып-жаншып Днепрден өтеді. Пятихатқа, Саксоганы селоларын алып, Кривой-Рогтың маңындағы Казанка станциясын иемденеді...

* Қарабай ата сол ауыр күндерді өзі басып өткен жерлерді кітаптан оқығандай жатқа айтып берді. Шындығында, кітап-тарих, естелік қой. Оның әр беті өмір мен өлім беттескен, ажал мен ар арбасқан қанқұйлы ұрыс, қиян-кескі соғыс...

Қазан айы аяқталып келеді. Күздің сұп-суық ызғарлы жаңбыры құйып тұр. Соғыс қимылдары сәл толастап, айнала тыныш-

тыққа бөленген. Сирек те болса мұндай жағдай майданда кездеседі. Мұндайда немістердің бірдеме ойлап шабуылға шығатынын кім болжаған. Ойламаған жерден жау артиллериясы зіркіл салып, оқты жаңбырша төгіп берді. Фашистер шабуылға шықты. Жасыл киім киген сұрқиялар күш жинап, біздің шепке қаптап келеді. Ешнәрсені елейтін емес. Алға қарай ентелейді. Тез жиналған артиллерия қарсы келе жатқан жауға оқ жаудыра бастады. Олардың ішінде Қарабай Қалтаев та жауына ажал оғын сеуіп жатыр. Бірақ жау әскері мұны елер емес. Дәл құлақ түбінен, төбесі-

нен шыңылдап дұшпан оғы зулайды. Оның бірі Қарабайдың жанындағы Пятаковты қатардан шығарды. Онан кейін...

* Түннің бір уағызында Қарабай есін жинап, жан-жағына құлақ тосты. Бір үйде жатыр. Айнала жым-жырт. Жараланған аяғы ұйып, басы айналып, көзі қарауытады. Бір кезде дабырлаған дауыс келді құлағына. Сөздері жат, тілдері бөтен. Қолдарында жарық жылтылдайды. Жараланып, ұрыс даласында қалған совет жауынгерлерін жинап жүрген немістер екен. Қарабай аяғының ауырғанына қарамай, есікке жақындайды. Қара түнек. Алдында екі метрдей жерде бастырмада бір нәрсе қараңдап жүр. Ақырын ғана ән айта ма, әйтеуір бір үн естіледі. Осы үйдегі тұтқындарды күзетуге қалдырылған неміс солдаты екеніне күмән қалмайды. Іштегілердің бәрі ауыр жаралы, ес-түссіз жатқандықтан есікті де жаппапты. Қараңғы бөлме ішінде ыңырсыған дауыстар. Қарабай сипалап жүріп бірнеше адаммен тілдесті. Олардың ішінде есін жиып, не боларын үнсіз күтіп жатқандары да бар екен. Сыбырласып сөйлесті де есікке беттеді. Мастық пен ұйқы қысқан неміс солдаты да  бір кезде қисая кетіп, қорылға басты. Қарабайға керегі осы. Ауызың осы шығар деп шеңгелдегенде кеңірдегіне қолы тиді. Екінші қолымен аузын басып, қас пен көздің арасында күзеттегі солдатты жайратты. Жаңбырлы қараңғы түнді жамылып, алты-жеті совет жауынгері далаға тартты. Орталарында жаңағы күзетшіден алған автомат. Оның да оғы аз ғана. Дегенмен тым құралақаннан гөрі ол да көңілге демеу. Қарабай мен сержант Козаренко бастаған бір топ жауынгер жау қолынан сытылып, алты тәулік дегенде өз бөлімшелеріне қосылды. Біраз госпитальда жатып, жарасы жазылған Қарабай он бесінші Харьков атқыштар дивизиясы құрамында қайтадан ұрысқа кірісті. Кескілескен ұрыс. Қырық төртінші жылдың қысы өтіп, көктемі де келген. Жауды өкшелей қуған біздің әскер алға жылжып барады. Майдан Польша жеріне жеткен. Ұрыста көрсеткен ерлігі үшін үшінші дәрежелі «ДАҢҚ» орденімен марапатталады. Оның төсінде бұрынғы «Ерлігі үшін» медалінің жанында ортасында Кремльдің суреті салынған бесжұлдыз жарқырайды...

* Аға сержант Қалтаев батарея командирінде болған мәжілістен оралды. Онда бүгінгі ұрыстың тактикалық қорытындысы, ертеңгі жоспар талқыланды. Снаряд салынған жәшікке отыра кеткен оны бір сәт қалың ой биледі. Жүйрік көңіл оны алыстағы ауылға, күн сәулелі Қазақстанға алып келді. Өз құрдас-құрбыларымен көкорай  орманға бөленген Шымкенттің көшесімен қыдырып келе жатқандай, «Қайда екен олар?» деп күрсінеді, пулемет-

тің стволына басын қойып. Қиялы мен ойын бір оқыс жағдай бөліп жіберді. Жау шебінен екі танк ойқастай шауып, деревняға тура тартты. Бағыты артиллеристер бекінісі. Артиллеристер жайбарақат еді. Қапелінде сасқалақтап қалды. Не істеу керек?.

Абыржып қаруға жүгірген солдаттардың ешқайсысы танкке қарай жер бауырлап жүгірген екеуді байқамай да қалды. Қолдарына гранат алған Қалтаев пен Горяев бірте-бірте танктерге жақындай түсті. Енді бірер минут өткенде жауынгер жерден сәл көтеріліп, гранатты атып қалды. Күшті жарылыс. Оның артынша екінші танкке де гранат тиіп, көкке көтерілген көк түтін жалынға айналды. Жаудың екі бірдей танкі жалын құшып, тұрды да қалды.

Енді бірде артиллеристер өздеріне қарап еңбектеп келе жатқан солдатты байқайды. Арқалап алған біреуі бар. Бұл жаңа ғана жарықшақ тиіп жараланған досы Горявті көтеріп, кері қайтқан сержант Қалтаев еді.

* Жайбарақаттық қайда?. Дұшпан тағы да шабуылға шықты. Әне, танктер бері қарай жылжып келеді. Оларды паналаған автомат-

шылар да алға жөнкиді. Сәл де болса уақыт тауып, қаруды атысқа дайындап алған артиллеристер оқ  жаңбырын нөсерлетті. Снарядтар танктерді бірінен соң бірін қатар

дан шығарып жатыр. Ол жақтан да оқ жаңбырша жауып тұр. Сол сәтте бір снаряд Қарабайдың қасына түсіп, оны жарылған снаряд толқыны анадай жерге лақтырып тастады. Бірауық есінен айырылып қал-

ған жауынгер көзін ашқанда қарсы алдында албастыдай болып келе жатқан тағы да екі танкті көрді. Дереу қаруына жүгіріп, туралап тұрып оқ атты. Бірінің алдыңғы шынысын быт-шыт етіп, екіншісін де мертіктірді. Сол күні ұрыста Қалтаев дұшпанның екі танкісін, екі зеңбірегін,

25 солдатын жойды. Сержант төсінен бұл жолы екінші дәрежелі «Даңқ» ордені орын алды.

 

Қарабай Қалтаев жаңа 1944 жылды үшін-

ші батареяның № 20-шы танктерді жою дивизионының құрамында қарсы алады. «Сорокопятники» танкілерді жою дивизио-

ны өте қауіпті танктер баса көктеп өтетін жерде орналасады. Украинаның оңтүстігін-

дегі Ингула және Ингульец өзендерінде қатты қан төгіс болады. Неміс солдаттары танктермен авиацияның қолдауымен контратакаға шығады. Осы мезетте көздеу-

ші қатты жарақат алады. Оның орнын снаряд тасушы Қарабай алмастырады. Оны қатты ашу кернеп, жаудан кек алуға бар күшін салады. Қарабай станоктық пулеметті жояды және отызға жуық жау солдаттарын қырып салады. Батарея командирі А.Пантюхин майдангерлерге алғыс жариялайды ал, қатардағы Қ.Қалтаевқа көрсеткен ерлігі үшін ІІІ-ші дәрежелі «ДАҢҚ» орденімен марапаттайды.

1945 жылдың қаңтар айында бесінші гвардиялық армиясы Висла өзені бойында шайқасқа түседі. Қанды майдан он бір күнге созылып, біздікілер Одер өзеніне аяқ баса-

ды. Қарабайға 27 қаңтарда Холбендорфа аймағында болған шайқас қатты әсер етеді. Бұл шайқаста сержант Қалтаев екі танкінің және екі маңызды қаруды, екі қол пулеметін қиратып 25 немістің көзін жояды. Осы ерлігі

нен кейін ІІ-ші дәрежелі «ДАҢҚ» орденімен марапатталады.

Қалтаев өзінің І-ші дәрежелі «ДАҢҚ» орденін ерлігі мен әскери шеберлігі үшін, Ұлы Отан Соғысының соңғы шайқасы Берлинді басып алу қарсаңында алады. Дивизияның бір бөлігі 25 сәуірде Эльбеге жол тартады. Соңғы төтеп беру шайқасында старшина Қалтаев үш танкті, төрт ауыр қол қаруын, төрт станокті және бес қол пулемет-

терін, 500 ден аса неміс солдаттары мен офицерлерлерінің көзін құртады.

Қ.Қалтаев 1947 жылдың наурызында майданнан оралады. Шымкент қалалық комитеті оны милиция органына жұмысқа

Солдан оңға қарай алдыңғы қатардағы екінші тұрған Қарабай ата

 

жібереді. Қатардағы милиционер, учаскелік инспектор қызметін атқарады.

Қ.Қалтаев 30 жылдай милиция органында қызмет етеді. Қызмет кезінде де көптеген наградаларға ие болады. «Отличник мили-

ции», «За безупречную службу» және бірне-

ше «Құрмет Грамоталары»- мен марапаттал-

ған.

 

Қарабай ата соғыстан кейін

 

  1. Үшінші дәрежелі «ДАҢҚ» ордені 15-ші атқыштар дивизиясының № 044/п. 26.04.1944 ж. № 111271 ордені бұйрығымен берілген.
  2. Екінші дәрежелі «ДАҢҚ» ордені 5-ші гвардиялық Армиясының № 027/п. 02.04.1945 ж. № 24775 ордені бұйрығымен берілген.
  3. Бірінші дәрежелі «ДАҢҚ» ордені СССР жоғарғы Советі Президиумының  27.06.1945 ж. № 244 ордені Қаулысы бойынша  берілді.
  4. ҰОС ардагеріне «За победу над Германией» 1941- 1945 ж.ж. медаль. СССР жоғарғы Советі Президиумының Қаулысы бойынша 1945 ж. 9 мамырын

дағы, 1945 жылдың қыркүйегінде 15-ші

гвардиялық атқыштар дивизиясының

генерал-майоры П.Чирков тапсырады.

  1. Мерейтой  медальі «Двадцать лет Победы в ВОВ 1941-1945 ж.ж» 07.05.1965 ж. СССР жоғарғы Совет Президиумы атынан 1967 жылы 23 ақпанда Чимкент военкомы подполков

ник Беляев тапсырды.

  1. СССР жоғарғы Совет Президиумы қаулысы бойынша 26.12.1967 жылы Мерейтой медальі беріледі.
  2. «50 лет Вооруженных Сил СССР» марапатталды СССР жоғарғы Совет Президиумы атынан Мерейтой медельі

«За доблестный труд в

ознаменование 100 летия со дня рожде-

ния В.И.Ленина» 04.1970 ж.Чимкент

қалалық  еңбекшілер Советі депутаты

тапсырады.

  1. ҰОС–да көрсеткен ерлігі мен қаһарман

дығы үшін СССР Қорғаныс Министрі

Совет Одағының Маршалы И.Гречко

«25 лет Победы в ВОВ» № 00724

тапсырды.

  1. СССР жоғарғы Советінің қаулысына сәйкес 1978 жылдың 28 қаңтарында Мерейтой  медальін «60 лет Вооруженных Сил СССР» 9.02.1978 ж.

қалалық военком Беляков тапсырды.

  1. Ұзақ жылдық, адал еңбегі үшін СССР жоғарғы Советі Президиумы атынан, УВД бұйрығы бойынша Чимкент облисполкомының № 91.1978 жылдың 13 ақпанында «Ветеран труда» медальімен Чимкент облыстық УВД-ның бастығы генерал-майор

К.Халменов тапсырады.

  1. 1985 ж.11 наурызда СССР жоғарғы Советі Президиумы қаулы-

сына сәйкес Мерейтой медальімен

«40 лет Победы в ВОВ 1945-1945 ж.ж» 29.04.1945 жылы марапатталады.

  1. 1985 ж.11 наурызда СССР жоғарғы Советі Президиумының қаулысы бойынша «Отечественной войны» 1-дәрежелі № 486662 орденімен  марапатталады.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 14 қыркүйегінде № 1939 Жарлығы бойынша Қ.Қалтаев «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы» және «Жеңіске 60 жыл» мерекелік медаль-

дарымен ҚР Президенті атынан

ОҚО Шымкент қаласының әкімі

Е.Жұмжаев тапсырды.

  1. 2007 жылы Қазақстан Республика

сының «Құрмет» орденімен марапат-

талды.

  1. ҰОС-ның 55 жылдық Мерейтой-

ында Қазақстан Республикасының жаңа

астанасы Астана қаласында, Соғыс

ардагерлерімен өткен әскери парадқа

қатынасып, ҚР Президенті атынан

бағалы сыйлықтар алып қайтты.

Сонымен қатар, үш дәрежелі «ДАҢҚ»

орденіне он мың тенге пенсиясына

қосылды.

  1. Қ.Қалтаев № 21 куәлік Шымкент қалалық мәслихаты-депутаттары жиналысы ІХ сессиясының 1995 жылғы 6 қазан қаулысымен

«Шымкент қаласының құрметті

азаматы» атағына ие болды.

Қарабай атаның ұл-қыздары, немере-шөберелері

 

 

Қарабай атаның ордендері мен медальдары