Шымкентская городская специальная библиотека для незрячих и слабовидящих граждан

Құрметті оқырмандар!

 

Сіздерге Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арнайы кітапхананың есігі барлық уақытта ашық.

Кітапхананың өзіндік ерекше қоры бар. Оқырмандар үшін кәдімгі әдебиеттердің барлық түрлері және жанрларымен қатар арнайы жүйелерде жазылған әдебиеттер жинақталған.

Арнайы кітапхананың бүгінгі күнгі қызметі ерекше - көзі көрмейтін оқырмандар үшін қолайлы формада ақпараттық ресурстарға жедел қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Кітапхана өмірінің мәні - алға жылжу, жаңа сұраныстар мен талаптарға сай қызмет көрсету.

Кітапхана оқырмандар үшін қызмет көрсету аясын кеңейте отырып, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды ендіреді, ақпараттық мәдениетті меңгереді.

Көптеген жылдар бойы кітапхана үлкен сұранысқа ие болып, кітапхана қазіргі кезде шын мәніндегі рухани және мәдени орталық болып қала береді.

Біз өзімізге-өзіміз кәсіби  қарым-қатынас жасай отырып және иновациялық технологиялар негізінде әр оқырман үшін ашық ақпараттың кеңістікті құраймыз.

 


Құрметпен

Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы

Кітапхана директоры

 

 
Кітапханаға сурдоаудармалы саяхат

https://www.youtube.com/watch?v=gf4bkGVYv2w

 
Экскурсия по библиотеке с сурдопереводом

https://www.youtube.com/watch?v=gf4bkGVYv2w