«Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» мәдениет мемлекеттік мекемесі
Мекен-жай:
160008, Республика Қазақстан, Шымкент қ., Ш. Уәлиханов көшесі , 213а
Шымкент
ОҚО
160008
Қазақстан

Телефон: +(7252) 57-23-78
Факс: +(7252) 57-37-06

Ақпарат:

Сұрақ Саламатсыздар ма. 2017 жылы Республика бойынша «Бір ел- бір кітап » акциясына қандай шығарма алынды.


Жауап Саламатсыз ба 2017 жылы Республика көлемінде «Бір ел – бір кітап» акциясына Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары алынды.


Сұрақ Здравствуйте! Напишите, имеется ли в библиотеке газетный материал,посвященный городу Туркестану.Вера Михайловна


Жауап Уважаемая Вера Михайловна! В спецбиблиотеке имеется такой материал. Библиотекари, пользуясь артотекой, подберут Вам необходимую периодику.


Сұрақ Саламатсыздар ма. «Бір өлке бір кітап» айдары бойынша биыл қай жазушының шығармасы алынды екен. Каттабекова Гүлсара


Жауап Саламатсыз ба Гүлсара. «Бір өлке бір кітап» айдарына биылғы жылға жерлесіміз Еркінбек Тұрысов ағамыздың «Тамерлан» атты шығармасы алынған. Тамерлан кітабының біздің арнайы кітапханамызда бірнешеуі бар.
Оның ішінде дыбысталған және жазық баспалы, алып тыңдап, оқуларыңызға болады.


Сұрақ Сәлеметсіз бе? Сіздерде, Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» кітабының дыбысталынған нұсқасы бар ма?


Жауап Сәлеметсіз, иә бізде Ә.Нұршайықовтың бұл кітабының үндендірілген 2 нұсқасы бар, таспада және CD-ROM-да. Қайсысын оқисыз, қалағаныңыз.


Сұрақ Саламатсыздар ма? Мен кейін болған, яғни жол апатынан көз мүгедегі болып қалдым. Сіздерден сұрайын дегенім мен «Брайль жүйесінде» кітап оқи аламын ба?


Жауап Саламатсыз ба? Қамықпаңыз, Алланың жазуы шығар. Сізге берер кеңесіміз біздің кітапханаға келіңіз, сізге кітапханашылар бәрін түсіндіреді, арнайы «тифлопедагог» маман жұмыс істейді. «Брайль жүйесін» үйренуге толық мүмкіндігіңіз бар, брайльша әліппе, жазу құралдары, оқу машинкасы т.с.с. келіңіз кітапханаға, бәрін үйретеміз !