21 сәуір, сағ. 11.00 Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Тәуелсіздік – жанарымның жарығы» атты мерекелік кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі, дарынды өнерпаз зағип жандардың ҚР Тәуелсіздігін жырлауы, олардың жетістіктерімен тереңірек таныстыру, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
Тақырыпқа сай жазық баспалы, бедерлі-нүктелі және «сөйлейтін» кітаптар және кіші қалыпты мүсіндер қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысқандар: шақырылған қонақтар, зағип және әлсіз көретін оқырмандар, «Үміт» мектеп-интернатының оқушылары және кітапхана қызметкерлері.
Іс-шараға қатысушылар, саны: 71 оқырман

|