Іс – шаралар
30.06.2023

«Evening of meetings of experienced librarians»

«Ақпарат әлемінің шеберлері: тәжірибелі кітапханашылардың кездесу кеші»

Мақсаты:

Тәжірибелі кітапханашылар тәжірибелерімен бөлісе алатын платформа құру.

Кітапханашылар туралы стереотиптер мен түсініктерді өзгерту.

Жұмыстың жаңа құралдары мен әдістерін ұсыну.

Кітапхана қауымдастығын бірлесіп дамыту.

Басқа кітапханашылардың идеяларымен, тәжірибелерімен және жетістіктерімен бөлісу.

 

Кездесу нәтижесі

 

Тәжірибе алмасу: кітапханалар мен университеттердегі әріптестерімен кездесу бізге тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

 

Мастер-класстар және жаңа дағдылар: кездесу бағдарламасында кәсіби дағдыларымызды кеңейтуге көмектесетін мастер-класстар өткізілді.

 

Жаңа жобалармен танысу: кездесу бізге басқа кітапханаларда жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалармен танысуға мүмкіндік берді.

 

Кәсіптің имиджін көтеру: Бұл кездесу біздің мамандығымызға назар аударуға және кітапханашы білім беру процесінің және қоғамның мәдени дамуының белсенді қатысушысы екенін көрсетуге көмектесті.

 

Шабыт пен мотивация: Біздің жұмысымыздың маңызы бар екенін және адамдардың өміріне қатты әсер етуі мүмкін екенін көрдік. Бұл бізге өз мамандығымызға жаңа күш пен ынта-жігермен қарауға мүмкіндік берді.

 

Біздің бірлескен жұмысымыз бен білімге деген құштарлығымыз кез келген кедергілерді жеңуге және кітапхана қауымдастығы үшін жарқын болашақ құруға көмектесетініне сенімдіміз. Алға, жаңа жобалар мен жетістіктерге!

 
08.06.2023

Қазақ шрифтінің авторы және өз өмірін зағип азаматтарға қазақ тілінде оқуға және жазуға мүмкіндік беретін арнайы жазу жүйесін құруға және дамытуға арнаған ағартушы, композитор Ақан Қасымовтың 95 жылдығына арналған «Ақан Қасымов: қолжетімді оқу дәуірінің 95 жылдығы» тақырыбымен республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Аталмыш конференция - Ақан Қасымовтың мұрасын және зағип адамдар үшін қолжетімділік пен инклюзияны дамытуға қосқан үлесін атап өту және насихаттау үшін ұйымдастырылған маңызды шара болып табылады.

 
1.06.2023

№33 «Ақбота» арнаулы коррекциялық балабақшасында 1 маусым - Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай өткізілген «Сыңғырласын балалардың күлкісі» атты ойын-сауық мерекелік кеші болып өтті. Мерекеде сайқымазақтар өнер көрсетіп, кішкентай балапандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалар ән жырлары мен қазақтың ұлттық билерін нақышына келтіріп билесе, ал жігіттер қазақтың ұлттық ойыны арқан тарту сайысына қатысты. Мереке барлық балалардың көңілінен шығып естелікке сайқымазақтармен суретке түсті. Мереке соңында балалар жерге бормен сурет салып мәз мейрам болды.

 

 
29.05.2023

СИҚЫРЛЫ КОМПАС: ШАТТЫҚ КӨКЖИЕГІНЕ САЯХАТ!

 

Балаларды қорғау күніне орыс драма театрының актерларының қатысуымен көру қабілеті нашар балаларға арналған ұмытылмас іс-шара өтті! Іс-шара инклюзия мен тең құқықтыққа маңызды қадам болды.

 

Барлық спектакльдер көру қабілеті нашар балаларға әр сәтті сезініп, түсінуі үшін арнайы бейімделіп, дыбыстық эффектілер және тактильді сезімдер арқылы олар әңгімелер әлеміне еніп, кейіпкерлермен бірге әр оқиғаны бастан өткерді.

 

Театр актерлары жарқын кейіпкерлерді дыбыстау, мимика және қозғалыс арқылы терең эмоцияларды жеткізіп, өздерінің өнері мен шеберліктерімен таңқалдырды.

 

Балалар мерекеден ләззат алып қана қоймай, актерлармен байланыс орнатуға, сұрақтар қоюға және театр туралы көбірек білуге мүмкіндік алды.

 

Актерларға, осы ұмытылмас оқиғаға қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз!

 
11.05.2023

"Тағдырластар" клубы мамырдағы кездесу

11 мамыр сағат 15:00 де Шымкент қалалық арнайы кітапхана алаңында "Тағдырластар" клубының мамырдағы кездесу кеші өтті. Кешті Ербек Бакиев жүргізді. Кеш барысында Павлодар қаласынан Диляра Асаинова, Түркістан облысынан Рустем Кенжеұлы, Жұмабай Лаура, Шымкенттен Бақдаулет Құрал, Әкімжан Өміртай әуелетіп ән жолдады. Қызықты ойындар ұйымдастырылып жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді. Мамыр айында туылған туған күн иелерін Шымкент қалалық зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Пірімжанов Марат Ақанұлы құттықтап тілегін арнады. Кеш мазмұнды өтті. Жастар би билеп көңілді тарасты.

 
03.05.2023

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 3 мамыр күні 1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан, Тәуелсіз ел Қазақстан» атты достық пен ынтымақты дәріптейтін мереке өтті. Шараға Шымкент қалалық  Өзбек драма театры арнайы келіп, өз ұлттының салт-дәстүрі мен ұлттық аспабтары мен ән-билерімен жиналған қауымның көңілінен шығып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұлтаралық татулық пен ынтымақ, бірлік пен сыйластықтың жарқын бейнесіне айналған мерекеде өзге ұлт өкілдерінің әдет-ғұрпымен салт-дәстүрлерін насихаттап, дәріптеу арқылы оқырмандарымызға кеңінен  ақпарат беріп, таныстырылды.

 
«О, Махаббат өмірімнің көктемі»

«О, Махаббат өмірімнің көктемі»

Шымкент қалалық арнайы кітапхананың аудио залында 14 сәуір сағат 11-00 де «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы ерекше атаумен ерекшелікке толы кеш болып өтті. «О, Махаббат өмірімнің көктемі» деп аталған кеш 15 сәуір ғашықтар күніне арналды. Ербек Бакиев кешті жүргізіп ортаны қызыққа бөледі. Павлодар облысынан Асаинова Диляра, Түркістан облыснан Лаура Жұмабай, Зебо Дадаева, Шымкенттен Алладин Талиев пен арнайы кітапхана қызметкері Гүлсара Каттабекова әсем әннен шашу шашса Ләззат Мүслім жырмен кешке шырай берді. Кеште кітапхана директоры Бәкір Нұрманбетов пен Қазақ зағиптар қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиал төрағасы Пірімжанов Марат Аханұлы жастарды құттықтап ақ тілектерін арнады. Кеш барысында қызықты ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар үлестірілді. Тағдыры тоғысқан жандар да ортаға шығып жиналған көрерменнің ықыласына бөленді. Кеш соңында жастар керемет безендірілген залда түрлі жүрекшарлар мен естелік суретке түсіп, көңілді тарасты.

 
«Ғарыш аңыздары»

«Ғарыш аңыздары»

(12 сәуір ғарышкерлер күні)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы «Үміт» мектеп-интернат оқушыларымен «Ғарыш аңыздары» атты іс-шарасы өтті. Ғарышкерлер күні – алғаш адамның ғарышқа аттануына байланысты Ресейде және басқа да советтік елдерде 12 сәуірде тойланатын мейрам. Бұл іс-шара  балаларға  ХХ ғасырдың 2-ші жартысындағы адам баласының  ғарышты игерудегі жетістіктері, оның ғылыми маңызы жайында білім беру, ғарыш әлемі және ғарышкерлер туралы толық түсінік беріп білімдерін одан әрі кеңейту мақсатында, еңбексүйгіштікке, патриотқа, достыққа, отан-шылдыққа сезімін оята отырып, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу болып саналады. Ғарышкерлер жайында қызықты мәліметтерді толыққанды айтып өтіп, «Космос әлемінде» атты сұрақ-жауап ойынды балалармен ойнадық. Көрнекілікке космос әлеміне алғаш рет жол салған космонавт Юрий Гагарин және басқа да халықаралық экипаждар, планеталар, зымыран-дартуралы  түрлі-түсті суреттері бар  кітаптар қойылды, қызықты материалдар, бедерлі суреттер қойылды, ғарышкерлер жайында видеолар көрсетілді.

 
«Наурыз - думан»

«Наурыз - думан»

(«Тағдырластар» клубының

наурыздағы кездесуі)

20 наурыз күні Шымкент қалалық Арнайы кітапханада «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы болып өтті. Бұл басқосу «Наурыз - думан» деген атаумен наурыз мерекесіне арналды. Мерекелік кешті Ербек Бакиев жүргізіп, қызықты ойындар ұйымдастырып, түрлі сұрақтар жасырды. Белсенділік танытқан барша жандар арнайы сыйлықтарға ие болды. Шымкент қаласы, Түркістан облысы, Алматы, Атырау, Қызылорда, сондай-ақ республиканың тағы басқа қалаларынан қонақтар келіп қатысып, ақ тілектерін арнап, мерекелік лебіздерін жолдады. Сонымен қатар наурыз айында туылған туған күн иелерінде құттықтап демеушілік танытқан Қазақ зағиптар қоғамының Шымкент қалалық филиал төрағасы Ербол Әділбеков ізгі тілегін арнады. Дадаева Зебо, Каттабекова Гүлсара, Әлиева Айдана, Талиев Алладин асқақтатып мерекелік әндерден шашу шашса, Лаура Жұмабай жырдан өлең оқыды. Қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді. Кеш көңілді түйінделіп, естелік суретке түсіп, ерекше әсермен тарасты.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 8 из 23