«Мен ғарышкер боламын» (12 сәуір ғарышкерлер күніне орай)

«Мен ғарышкер боламын»

(12 сәуір ғарышкерлер күніне орай)

Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы кітапханада 12 сәуір ғарышкерлер күніне арнап бірқатар іс-шаралар өткізілді. Солардың бірі «Үміт» мектеп-интернатының оқушыларымен «Мен ғарышкер боламын» өткізілген. Іс-шараның басында тифлобөлім қызметкері Л. Абжаппарова іс-шара көрнекі құралдармен, көрмелермен кеңінен таныстырып, әңгімелеп берді.

12 сәуір - Ғарышкерлер күні турасында, алғаш ғарышқа ұшқан адам Ю.А. Гагарин, В. Терешкова және Қазақ ғарышкерлері Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаев жайында ғұмырнамалық деректер айтылды. Әлемдегі теңдесі жоқ «Байқоңыр» ғарыш айлағы, Халықаралық ғарыш станциясы, ғарыш зондтары, обсерваториялар, телескоптар, ғарыш станциялары жөнінде сөз қозғалды.

Күн жүйесі, ғаламшарлар, аспан денелері жайында сұрақ-жауап түрінде мәлімет алмасу ретінде өтті. Астронафтика және Ғарыш тақырыптарында викториналық сұрақтар қойылды.

Ұлы ғалымдар К. Циолковский, Д. Гленн, А. Шепард жайында түрлі мәліметтер берді. Кітапханашы Л. Абжаппарова танысқан жаңа тақырып жөнінде сұрақтар қойып, түсінік айтып беруді сұрады. Балалардың астронафттар туралы мәліметті қызығып тыңдағаны сонша, ауызба-ауыз әсерленіп қайталап берді.

Іс-шара соңында сөз балалардың өздеріне берілді. Балалар өздерін қызықтыратын талай сұрақтарға жауап алды. Өздерінің алдағы қойған мақсаттары жөнінде, рухани құндылықтар, өмірдегі алғашқы қиыншылықтар мен жетістіктер сияқты келелі тақырыптарды балалық қиял мен арман арқылы қозғады..

Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін,

Жырға бөле қазақтың әр төбесін.

Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер,

Көтерсін қазағымның мәртебесін! – деп, Ғарышкерлер күніне арналып өткізілген танымдық іс-шара өз мәресіне жетті.

Оқу залының төрінде «Мен ғарышкер боламын» деп аталған көрме дайындалған. Көрмеге ғарыш әлемі, ғарышкерлер, ғаламшарлар, күн системасы жайында жазылған кітаптар мен жасөспірімдерге арналған кітапшалар қойылды. «Ғарыш әлемі» деп аталған екінші көрмеге ракета, ғарыш кемелері, зымырандар және «Байқоңыр» ғарыш айлағының кіші қалыпты мүсіндері мен бедерлі-графикалық көрнекті құралдар қойылды.

(ОҚО арнайы кітапханасының тифлобөлімінің кітапханашы Л.Абжаппарова