«Дара тұлға» (Жазушы М.Байғұттың туғанына 70 жыл)

Өтетін уақыты: 10 маусым, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: оңтүстік  жерінің әйгілі тұлғаларымен танысу, өлкеміздің жазушыларын кеңінен насихаттау, көркем және өлкелік  әдебиеттерді насихаттау.

ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада қазақ әдебиетінің көркейуіне көптеген кітаптарымен сүбелі үлес қосып жүрген қазақтың аяулы дара перзенті қарымды қаламгер, жалынды жазушы биыл 70 жасқа толып отырған  Мархабат Байғұт аға мен оқырмандар арасында әдеби сазды шығармашылық кездесу кеші өтті. Кеш тізгінін арнайы кітапхана қызметкері Ербек Бакиев жүргізді. Кеште алдымен жазушының өмірі мен шығармашылығы жүріп өткен жолдары мен еңбек еткен, атқарған қызметтері қалың оқырмандарға таныстырылып өтілді. «Мықтылығын мойындатқан қаламгер!!!» кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылған. Орыс тілінде де кітаптары мен еңбектері біршама айтылды. Кештің сәнін әсем әнімен кітапхана қызметкері Е.Амантаев Ержан Серікбаев ағамыздың әнімен кіргізді. Сонымен қатар, шығармашылық шарада жасы 80-ге таяған көнекөз қария, кітапхананың тұрақты оқырманы, батагөй ақсақал Тауасаров Күмісбек ата ағамызға ақ тілегін жолдап, батасын берді. Кеш аясында жазушы қаламгерге түрлі сұрақтар мен сырлы сұхбаттар жүргізілді. Айнұр Смандиярдың орындауында «Кездер-ай», «Шарықта, шалқар шабытым» сынды әсем әндер шырқалды. Кеште Мархабат ағамызға арналған Дүлат Исабеков, Байділдә Қонысбек, Әбілда Аймақ ағаларымыздың айтқан лебіздері де оқылып жатты. Іс-шарада  Мархабат аға сөз алып,  келген оқырмандарға рахметін айтып, қойылған сұрақтарға кеңінен ашылып, ағынан жарыла ақтарылып, сырларымен бөлісіп отырды. Жұртшылық сұранысымен кітапша боп шыққан «Бес асыл іс, бес дұшпан» атты шығармасын  өз қолтаңбасымен оқырмандарға сыйға тартты. Кеш соңында арнайы кітапхана басшысы  Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы сөз сөйлеп, жазушы қаламгер ел азаматы Мархабат Байғұт ағаға ақ тілек жолдап, қазақы дәстүр салтымен сый құрмет жасап үстіне шапан жауып жатса, сөзін сабақтастырып, кітапхана директоры орынбасары Ләззат Сағынбекқызы өз тілегін жолдап гүл шоқтарын тарту етті. Сөз соңында жас ақын Ербек Бакиев ағаға шығармашылық шабыт тілей отырып, жақында жарық көрген «Жас жаным құштар ақ таңға» атты кітабын тарту етіп, келген қонақ пен оқырмандарға үлкен алғыс білдірді. Келген оқырмандар қаламгер жазушымен естелік суретке түсіп, ерекше әсермен тарасты.