04.12.2023 Шамшырак Print
Қолданушылардың рейтингісі: / 0
ЖаманЖақсы 
Жаңалықтар - Іс – шаралар
Авторлар: specbib   
01.02.2024 17:51

Қаламызда талантты зағип азаматтар үшін арнайы ұйымдастырылған «Шамшырақ» өңірлік өнер фестивалі болып өтті.

Фестиваль зағип азаматтардың мүмкіндіктері туралы түсінікті өзгертуге, олардың қоғамға қосқан ерекше үлесін көрсетуге, қоғамда оң көзқарас қалыптастыруға, шығармашылықта керемет нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетуге, инклюзивтілікке жол ашуға бағытталған.

Облысымыздың түкпір-түкпірінен келген қатысушылар тактильді өнер, проза, поэзия, актерлік шеберлік, аспапта орындау, вокалдық орындау секілді номинациялар бойынша бақ сынасты.

Ақын-жазушылардан, мәдениет-өнер майталмандарынан, қоғам қайраткерлерінен, елімізге белгілі вокалист және хореограф мамандардан құралған қазылар алқасы мүшелері ұсынылған жұмыстарды тақырыпқа сәйкестілігі, стилінің бірегейлігі, инновациялық және эксперименттік көзқарасы, көрерменге эмоционалды әсер етуі және т.б. бойынша бағалады.

Бастысы аталмыш фестиваль зағип адамдардың проблемалары мен қажеттіліктері туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға, әр адамның тең мүмкіндіктері бар инклюзивті қоғам құруға және көру қабілеті нашар адамдардың қоғамның мәдени-шығармашылық дамуы үшін ерекше қабілеттері мен таланттары бар екенін баса көрсетуге арналған.

Жаңартылған 01.02.2024 18:08