Жаңалықтар -
Іс – шаралар
|
Авторлар: specbib
|
12.02.2016 10:28 |
Өткізілген орны: Оқу залы
Өткізілген уақыты: 10 ақпан, сағ 11-00.
Іс-шараның мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушылардың жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.
Ақындарын ардақтап қастерлей білген қасиетті кітапханамызда қазақтың ақиық ақыны М.Мақтаевтың 85 жылдық тойына арналған «Қазақ поэзиясының – Хантәңірі» атты байқау өтті. Байқауға облыстық «Үміт» мектеп-интернатының жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Байқауды өткізудегі негізгі мақсат: ақынның өлеңге толы өмірі мен шығармашылығын көпшілік көрерменге кеңінен дәріптей отырып жас таланттарды жарыққа шығарып поэзия әлеміне еркін қанат қағып, әдебиетке деген құштарлығын арттыру болып табылады. Байқауды тифлобөлім меңгерушісі Л.Абжаппарова жүргізді. Сайысқа 4 үміткер қатысты.
- Камал Тоғжан
- Пернебай Жандос
- Өміртай Әкімжан
- Тұрлыбек Мадина
Байқау 4 шарттан құралды. Алғашқы сайыс «Сәлем сөздің атасы» деп аталды, қатысушы өнерпаз өзін-өзі таныстырды, 2 - сайыс «Мұқағали поэзия әлеміне саяхат» ақынның жырларын мәнерлеп, нақышына келтіріп жатқа оқыу, 3 - сайыс мұзбалақ ақынның сөзіне жазылған әндерді нақышына келтіріп орындау және 4-ші – Мұқағали Мақатаевтың өмірінен қойылатын сұрақтарға толық әрі нақты жауап беру болатын.
Байқауға Оңтүстік Қазақстан облыстық көздері көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбаева, С.Тұрлыбек Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ОҚО жазушылар одағы филиалы төрағасының орынбасары, Дәркен Танабай белгілі ақын, «Алтын қалам» иегері, «Астана-Бәйтерек» фестивалінің лауреаты және өнерде жүрген ағамыз, кітапханамыздың жанашыры, Оңтүстік өңіріне танымал асаба С.Аймаханов кітапханамызда өткен көптеген іс-шараларға және «Қазақ поэзиясының – Хантәңірі» байқауына демеушілік етіп жүрген ағамыз қазылық етіп төрелік жасады.
Қатысушылар байқауға өте жоғары дайындықпен келіп талапқа сай тапсырмаларды орындап шықты. Байқау барысында «Күрең күз», «Сенің көзің», «Құмған алған», «Сәби болғым келеді» әндері орындалды. Кеш барысында кітапханамыздың белсенді оқырманы І-топ көз мүгедегі, көптеген байқаулардың жеңімпазы Төребай Нұржан «Күрең күз», «Ғашық жүрек» әндерін әуелетсе, «Үміт» мектеп–интернатының 10-сынып оқушысы Батырхан Әсел М.Мақатаевтың «Ғашықпын» өлеңін айтып берді. Ақын жүрегінен нәзіктікке тұнған Отанға, Туған жерге, Анаға, Өмірге деген жалпы тіршілік атаулыға деген шексіз махаббат лебі естілген жырлар туған. Мұқағали Мақатаевтың әрбір шығармашылық кештері, байқаулары мәнді де мазмұнды өтеді. Себебі, ақын ерекше жаратылған тұлға. Кез келген өлеңдерінен қарапайымдылықпен тазалық, адалдықпен шындықты көруге болады. Таланттар ортаға бар талабын салып өнер көрсетті. Байқаудың қортындысын кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбаева қортындылады. Қатысушыларға «Өнерге ғашық жас өрен», «Күміс көмей жез таңдай», «Ойы жүйрік - білімпаз», «Сезімге толы сырлы жыр» атты номинациялармен дипломдар мен ақшалай сыйлықтар тарту етілді. Оқырмандар Мұқағалидың ән, поэзия әлеміне бір сүңгіп, жақсы көңіл-күйде тарқасты.
|
|
Жаңалықтар -
Іс – шаралар
|
Авторлар: specbib
|
08.02.2016 16:40 |
Өткізілген орны: Оқу залы
Өткізілген уақыты: 5 ақпан, сағ 11-00.
Іс-шараның мақсаты: Тәрбиенің рөлін арттыру, талғам мәдениетін тәрбиелеу, интеллектуальды мәдениетті қалыптастыра отырып, ұстаз бен оқушылар арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру
5 ақпан күні арнайы кітапхана оқу залында қаймағы бұзылмаған нағыз қазақтың жүрегінен шығып күні бүгінге дейін өз қалпында сақталған халық әндері қанат жая халықтап ұстаз бен шәкірт арасындағы өнер бірлестігі «Екі жұлдыз» атты ән кеші өтті. Кешке жиналған көпшілік көрермен ұлттық рухани бай мұрамыз саналатын орда өнерге деген шексіз махаббатпен риясыз ықылас қойып тамашалады. Жалпы жеті жұптан құралған өнерпаздар «Үміт» мектеп-интернатының ұстаздарымен оқушылары жұптасқан. Мұғалім мен шәкірттің бірігіп ән шырқауы көркем жарасымдылық пен халық әндерін насихаттауда ерекше маңызға ие болды. Алдымен бұл кештің мәні мен мазмұнын негізгі өтудегі мақсаты жайында кеңірек таныстыру үшін арнайы кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбаева сөз алып көрермендерге халық әндерінің қасиетін дәріптеді. Кешті тифлобөлім меңгерушісі Л.Абжаппарова жүргізіп, қатысушы өнерпаздарды сахна төріне хабарлап отырды. Қатысушылар Сейдалиева Сымбат пен Өміртай Әкімжан халық әні «Қызылқұмда ауылым», Майемирова Инара мен Құралова Диана халық әні «Дудар-ай», Ермекбаева Ақмарал мен Пернебай Жандос халық әні «Дедім-ай-ау», Молдыбаева Әлия мен Исаханова Назима халық әні «Маусымжан», Белова Ольга мен Ксения Александровналар ағылшын халық әні «Призрак розы», Қалмырзаева Лаурамен Әлім Нұртілеу халық әні «Екеуің-ай», Жанбаев Асылжан мен Басқан Қасымхан халық әні «Дайдидау»-ды орындап шықты. Кеш барысында кітапхана қызметкері Бөрібекова Әдемі де әсем ән шырқап көрермен қошеметіне бөленді. Кештің соңында Л.Темірбаева қатысушы өнерпаз жұптарға үлкен ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хаттар табыстап, шығармашылық табыс тіледі. Ән әлеміндегі қазақтың халық әндерінің орны аса зор әрі ерекше саналады. Ғасырлардың сыры мен сазын үнімен назын күні бүгінге жеткізген әндер кейінгі ұрпаққа да жалғасын тауып жойылмайды деген сенімдеміз. Әр жүректе ұлттық өнерге деген кіршіксіз махаббат барда ол ешқашан жоғалмақ емес. Тыңдаушы құлақ болса орындаушы көмей болары ақиқат. Әр санадан ой, әр көңілден ән тарқамасын деген тілекпен көпшілік оқырман кештен алған көңілді әсермен тарасты.
|
Жаңалықтар -
Іс – шаралар
|
Авторлар: specbib
|
04.02.2016 11:47 |
Өткізілген орны: Оқу залы
Өткізілген уақыты: 3 ақпан, сағ 11-00.
Іс-шараның мақсаты: Поэзияны жаңа қырынан, жаңа форматта таныту, бүгінгі қазақ поэзиясының жеткен жетістіктерін көрсету, қазақ поэзиясына жаңа леп әкелген жаңа есімдерді анықтау
Қасиетті кітапхана талай адамға нәр беріп, бойына рухани азық тарататын мекен. Кітапхана арқылы талай ақын жазушылар, қоғам қайраткерлері мен дарындылар білімін жетілдіріп биікке талпынған. Бүгінде зағип азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханада түрлі шығармашылық кештер өтеді. Бұл аптада жас талантты ақындардың шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Поэзия баспалдағы» атты әдеби-сазды шығармашылық кеш өтті. Кешті Ербек Бакиев жүргізді. Кеште «Үміт» мектеп интернатының түлегі, бірнеше ән байқауларының жүлдегері Айнұр Смандияр және «Үміттің» үкілеп баптаған шәкірттері - жас ақындар Батырхан Әсел және Әбдірасилов Төлеген қонақта болды. Жас ақындар оқырмандарға өздерінің жүрегінен шыққан жырларын тарту етті. Тақырыптары Отанға, Туған жерге деген сүйіспеншілік, ата-анаға деген кіршіксіз мөлдір махаббат, табиғаттың сұлулығын сипаттай келе өмірге деген сырлы сезімге толы құштарлық талпыныстың жарқын бейнесін бейнелейтін өлеңдермен өрілген. Сонымен қатар, өздері білім алатын алтын ұя «Үміт» мектеп интернатында арналған жыр шумақтарын оқыды. Талантты Айнұр әншіліктен бөлек жыр жазатын ерекше қабілеті де бар. «Жанарсыз да өмірім жалғасады» атты өлеңі көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Кеш аясында оқырмандар арасында отырған әдебиетке жаны жақын, талай жыл газетте қызмет атқарған Жұмағұлов Нысанбек ағай мен мектепте оқушыларды үлкен өмірге баптап ұстаздық еткен үлгілі мұғалім Сарабаев Мұхаммедкерім аға да қатысып жас таланттарға ағалық ақ тілегін ақтарып, бақыт тілеп, келешек күндеріне жақсылық жолдады. Кеш барысында жүргізуші Е.Бакиев те поэзия баспалдағында еріксіз толқып «Келер күн», «Жас жаным құштар ақ таңға» атты жырларын оқыды. Смандияр Айнұрдың көмейінен тәуелсіздік тақырыбында «Жаса елім», лирикалық сезімге тұнған «Жан ана», Әкім Ысқақтың «Ардақты ат» адал достыққа бағытталған «Кел достарым», Е.Бакиевтың сөзіне жазылған Н.Төребаевтың «Шарықта шалқар шабытым» әндері орындалды. Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбаева келген қатысушы үш ақынға кітапхана әкімдігі атынан арнайы алғыс хаттар табыстады. Біз де жас жеткіншектерге қуандық, шығармашылығына риза болдық. Әдебиет айдынына қанат қағып, өлең өлкесіне табан тіреген таланттарға өмір жолы жарқын, аспаны ашық, шығармашылығы табысты, денсаулығы мықты болсын, өмір белестері мен поэзия баспалдағында асар асуы мол әрі жемісті болғай деген ізгі ниетпен ақ адал риясыз көңілмен тілек жолдадық.
|
Жаңартылған 04.02.2016 11:55 |
|
Жаңалықтар -
Іс – шаралар
|
Авторлар: specbib
|
28.01.2016 15:06 |
Өткізілген уақыты: 22 қаңтар, сағ 11-00
Іс-шараның мақсаты: Қ.Байболұлының жыршы, айтыскер ақын болғандығын айта отырып, шығармалары, ізгілік дәнін себумен қатар, ұлтжандылыққа тәрбиелейтіндігін насихаттау.
Арнайы кітапхананың оқу залында аталмыш тақырыпта әдеби кеш өтті. Рухани кешке оқырмандарымыз жиналып, ақынның қалам тартқан шығармаларды талқылап. Қазанғап Байболұлы - ХХ ғасырда өмір сүрген жыршы, айтыскер ақын болған. Отанға деген қастерлі ұғымның адам бойына қалыптасуына үндейді. Әдебиетіміздің інжу-маржаны саналатын «Еңсегей бойлы ер Есім», «Төле бидің тарихы» атты ірі көлемді дастаны тақырып тұздығы болды. Кеш барысында ақынның қисса- дастандары жан-жақты зерделеніп, қызу талқыға түсті. Зағип жастар жағы ойларын еркін ортаға салып, ақын шығармаларындағы терең пәлсафаға мән берді. Шүкіршілік, егемен ел атанып, көгімізге көгілдір туымызды көтергелі бері жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз жанып жатыр. Ел өмірінде елеулі орын алған ерекше перзенттердің еңбектері еленіп, жазғандары жарияланып жүр. Солардың қатарында Қазанғап ақынның да өзіндік орны бар. Өз заманының аса оқымысты адамдарының бірі болған бұл тамаша тұлғаның еңбектері оның кемел ойлы, ұлтжанды ұрпақтарының арқасында бүгінде бүкіл халық игілігіне айналып отыр. Қазанғап Байболұлының ақиық ақын болғанын, ақындық пен жыршылықты қатар үйлестіре білген, ол қасиеттеріне қоса тарихшы, шежіреші де екенін айтып, кешіміз өз мәресіне жетті.
Кітап көрмесі: «Қазанқап мұрасы- ұрпақ қазынасы»
Қойылған кітап саны: 14 дана («сөйлейтін», бедерлі-нүктелі, жазық-баспалы кітаптар және баспа материалдары) Берілгені: 20 дана
|
Жаңалықтар -
Іс – шаралар
|
Авторлар: specbib
|
21.01.2016 16:02 |
Өткізілген уақыты: 20 қаңтар, сағ 11-00.
Іс-шараның мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді оқырмандарға ұғындыру.
Ертедегі ата бабаларымыздан қалған ескерткіштер мен мұралар жыл өткен сайын көптеген археолог ғалымдардың ізденістері мен жұмыстары арқасында табыла түсуде. Табылған мәдени мұраларымыздың қазақ халқына деген таптырмас құндылығына сөз жетпейді. Сол ескерткіштер арқылы біз сан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген адамдардың тыныс тіршілігін, салт дәстүрін танып білуімізге болады. Қазіргі таңда ескерткіштер мен мұраларды қалпына келтіру жұмыстары жаппай қарқын алуда. Осы орайда арнайы кітапханамызда өтетін кезекті іс-шарамызды қаламызда орналасқан облыстық тарихи-өлкетану музейі мен әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығына арнайы кітапханамыздың оқырмандарына саяхат ұйымдастырдық. Қаламыздағы жаңадан ашылған тарихи-өлкетану музейінде орналасқан құнды заттар мен экспонаттарды зағип оқырмандар қолымен ұстап, қазіргі заманға баға жетпес дүниелер екенін сезінді. Бұл сапарымыздан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың алған әсері өте көп десек болады. Табиғат та өз шуағын аямай төгіп оқырмандарымызға мейірлене қарасқандай болды.
|
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 31 32 Келесі > Соңы >>
|
Страница 31 из 32 |