Адам саудасына жол жок 2020 |
|
«Поэзия - менімен егіз бе едің» |
Жылулық оты сөнбесін жүректерде |
|
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл –татулық тірегі » атты іс-шара өтті.
Іс-шараға кітапханамыздың көптеген белсенді оқырмандары келіп қатысты. Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгілеуінің өзіндік себебі бар. Бұл күні – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады.
|
«Шырайлы Шымкентім жанымның бір бөлшегіндей» |
30 сәуір күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада Шымкент қаласының Республикалық маңызы бар мәртебеге ие болуына орай Шежірелі Шымкенттің имиджін көтеру мақсатында және зағип оқырмандар арасында талантты дарынды өнерпаздарды анықтап, көпшілікке таныту мақсатында «Шырайлы Шымкентім жанымның бір бөлшегіндей» атты байқау өткізілді. Байқауға І топ ІІ топ көзмүгедектері жас ақындар өздерінің Шымкентке арналған өлең жырларын ұсынса, қолөнер шеберлері қаланың көркін келтіретін келбетті дүниелерін тарту етті. Байқауда топтан оза шапқан өнерпаздар анықталып, оларға арнайы алғыс хаттар мен кітапхана атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді. Кентау қаласынан Оразова Гүлмира, Жетісай ауданынан Жұмабай Лаура шахар бейнесін тәтті жырға арқау етсе, Жұмабай Айшабибі он саусағынан өнер тамған жас өрен қолөнер туындыларымен көпті тамсандырды.
|
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>
|
Страница 6 из 10 |