Іс – шаралар
«Қазақ әдебиетінің тарланы » (Жазушы Д. Исабекұлының туғанына 80 жыл)

16  қараша    күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында Жазушы Д. Исабекұлының  80 жылдық мерейтойына арналған  «Қазақ әдебиетінің тарланы» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Кеш қонағы   Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық  қазақ драма театрының әртісі, Д.Исабекұлының "Әпке" пьесасында ролін сомдаған  Айнабалаева Алтын Оспанқызымен сұхбат құрдық. Шара барасында жазушы Д. Исабекұлының өмірі жайлы видеоролик қойылып,  әрмен қарай шығармашылығы сөз етілді. Кітапханаға келген әрбір оқырманымыз  жазушы туралы ойларын ашық жеткізіп, қызықты шығармаларына кеңінен  талдау жасады. Жекелеген туындылары бойынша «Гауһар тас», «Дермене», «Тауқымет» көркем фильмдерінен үзінді көрсетілді.

 
«Әр жүректе үміт шамы сөнбесін»

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 9 қараша сағат 11-00 де сауықтыру айлығының «Әр жүректе үміт шамы сөнбесін» атты қорытынды кеші өтті. Кеште алдымен кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы құттықтау сөз айтып оқырмандарға ақ тілегін жолдады. Айтулы шараны Гүлсара Каттабекова жүргізді. Шарада Өсербай Бөріханов, тағы басқа да жас таланттар өнер көрсетіп әннен шашу шашты. Л.Мүслім, О.Дауытов И.Насирова көрерменге жырдан тарту жасады. Кітапхананың белсенді оқырманы Топанбай Мейірханда өз өнерін ортаға салып, жырдан шашу шашты. Кеш барысында жыл көлемінде іс-шараларға белсенді қатысып, «Ақ таяқ менің тірегім», «Жылдам оқу», «Жылдам жазу»  (бедерлі-нүктелі тәсілмен), «Компьютер білесің бе?» сондай-ақ «Қолөнер-2022» байқауына қатысып, жеңімпаз болған оқырмандар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жыл бойына кітапханада өтіп жатқан іс-шараларға белсенді қатысып, дыбысталған және брайльша әдебиеттерді ең көп оқып жүрген оқырмандарға тәтті сыйлықтар берілді.  Сонымен қатар Қазақ зағиптар қоғамының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ербол Әділбеков және «Қазына» клубының мүшесі Нысанбек Жұмағұлов сөз сөйлеп шараға ізгі тілегін арнады.

 
«Шекарасыз мүмкіндіктер» тифлобаяндау

Сауықтыру айлығы аясында Шымкент қалалық арнайы кітапханасында Эверест шыңын бағындырған мүмкіндігі шектеулі аяқсыз альпинист Мария Әуезоваға арналған «Шекарасыз мүмкіндіктер» циклде іс-шара өтті. Оқырмандар назарына өзін-өзі жеңе білген бойжеткеннің тағдыры, қорқынышын қалай жеңгені туралы баяндайтын деректі фильм көрсетіліп, өз әрекетімен өмірін өзгерткісі келетін адамдарды ынталандыруға тырысты. Шымкент қалалық арнайы кітапханасының оқырмандары үшін Брайль қарпімен кітаптар шығару бөлімінен шыққан «Ғажайып әлем», «Сымбат» альманахтарына кезекті шолу өтті. Шолуды кітапхана қызметкері А.Тайтелиева жүргізді.

 
Жастық шақ - қайталанбас өмір сәті

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 28 қазан сағат 11-00 де «Жастық шақ – қайталанбас өмір сәті» атты «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы өтті. Шараны Ербек Бакиев жүргізді. Алматыдан арнайы Әсем Жұматаева, Түркістан облысынан Зебо Дадаева, Шымкенттен Әкімжан Өміртай Жандос Пернебай, Алладин Тәлиев әуезді әннен шашу шашса, жетісайлық Жұмабай Лаура өлең жырын тарту етті. Кеште қазан айында туылған туған күн иелерін де құттықтап сыйлықтар үлестірілді. Айтулы жиында түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, түрлі сұрақтар жасырылып, bookloto жарысы өткізілді. Ойынға белсене атсалысып, араласқан жастарға Шымкент қалалық қазақ зағиптар қоғамының атынан сый-сиапаттар таратылды. Жастық шаққа қатысты оқырмандар арасында ой-пікірлер айтылды, сондай – ақ 28 қазан күні орын алған әлемдік және отандық оқиғаларға шолу жасалды. Кеш соңында көпшілік жиналып естелік суретке түсті.

 
«Тағдыры жарасқан тәтті ғұмыр»

Шымкент қалалық арнайы кітапханада Сауықтыру айлығы аясында өмірге құштар өнегелі отбасы Айтбаевтар әулетімен кездесуге арналған  «Тағдыры жарасқан тәтті ғұмыр» атты мерекелік кеш өтті. Кеште жұбайы Дадаева Зебо әуезді әндер шырқады, мыңбұрала билеп, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар өз қолынан жасаған қолөнер бұйымдарын алып келіп, арнайы көрме жасады. Айтулы кеште жиналған оқырмандар ақ тілек лебіздерін арнап, кеш қонақтарына түрлі сұрақтарын жолдады. Өнегелі отбасы саналатын Айтбаев Болат пен Дадаева Зебо екі ұл екі қыз тәрбиелеп отырған берекелі шаңырақ. Кеште қызы Айлин де өнер көрсетіп ана жолын жалғап би билеп көрермендерді тәнті етті. Кеш кейіпкеріне Шымкент қалалық қазақ  зағиптар қоғамының төрағасы Әділбеков Ербол Әлішерұлы құттықтап ізгі лебізін жолдады. Аталған кеште Алматы қаласының Республикалық арнайы кітапханадан Баймұратова Нурия Демалысқызыда ақ тілегімен қонақкәде ән шашуын жұптап тарту етті. Кеш соңында арнайы кітапхана атынан үлгілі отбасыға сый-сиапаттар табыс етілді. Көпшілік көрермен бақытты шаңырақ пен бірге суретке түсіп көңілді тарасты.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 9 из 32