Іс – шаралар мұрағаты
«Терең ойлы, қаламы жүйрік тұлға» (Жазушы Н.Ораздың туғанына 55 жыл)

Өткен уақыты: 9 қыркүйек , сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: жергілікті ақын жазушылардың шығармашылығы мен көркем әдебиеттерін насихаттау; оқырман қауымын кітапханаға қызықтыру және тарту.

Кітапханамызда әр аптаның сәрсенбі күні  түрлі қызықты іс-шаралар өтіп тұрады. Соның ішінде атап айтатын болсақ, жерлесіміз  белгілі ақын жазушы Нұрғали Ораз ағамыздың 55 жасқа толу мерейтойына орай «Терең ойлы, қаламы жүйрік тұлға» атты шығармашылық кеш өтті. Белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрғали Ораз – қазақ әдебиетінің тарихын терең білетін ойлы жазушы. Жас кезінен Алматыдағы үлкен әдебиеттің ортасында жүрді. Түрлі баспалардың, журналдар мен газеттердің бас редакторы қызметін атқарған. Әңгімелері оқырманға өте жақын, бүгінгі замандастарымыздың ой-толғанысы, арман-мұраты, тіршілік-тынысы көркем тіл, айшықты бояулар арқылы көрініс тауып отырады. Жазушы шығармаларының оқырмандармен қызу әңгіме жүрді. Нұрғали Ораз шығармаларының әдетте тілі көркем, оқиғасы қызықты және айтар ойы анық болып келеді. Бүгінгі замандастарымыздың жан дүниесін толғандырып жүрген көкейкесті мәселелерді жан-жақты қозғап, ұтымды да ұрымтал диалогтар арқылы талқыға салып отыратындығымен құнды. Қаламгер қай тақырыпқа қалам тартса да, оқырман қауымның  жүрегіне жол тауып, әдеби ортада қызу талқыланып, жүрекжарды, түрлі пікірлердің жиі айтылып жататындығы да содан болса керек. Жазушының екі әңгімесінің желісі бойынша көркем фильм де түсірілген. Ол телеарналардан жиі көрсетіліп, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленген туынды болып шықты. Жазушының кітаптарынан  көлемді көрме ұйымдастырылды.  Кітапхана қорында бар жазушының жазық баспалы кітаптары қойылды.

 

 

 
Баспасөз релизі «Тифложаңалықтар»

11 қараша қүні сағ. 11.00-де облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхананың оқу залында «сауықтыру айлығының» кезекті іс-шарасы: «Тифложаңалықтар» циклі бойынша түрлі тақырыптағы тыңдаулар мен әңгіме болып отті. Іс-шараға қатысушылар: зағшп және әлсіз көретін оқырмандар.

 
«Өнегелі өмір, өлмес мұра» (Жазушы М.Ғабдуллиннің туғанына 100 жыл)

Іс-шараның мақсаты: Жазушының шығармашылығы мен көркем әдебиеттерін насихаттау; оқырман қауымын кітапханаға қызықтыру және тарту.

Кеңес Одағының батыры, жазушы, профессор, филология ғылымының докторы, қоғам қайраткері, КСРО Ғылым Академиясының ғылыми қызметкері, ержүрек батыр Мәлік Ғабдулиннің туғанына 100 жыл толуына орай ОҚО арнайы кітапханасында «Өнегелі өмір, өлмес мұра» атты оқырмандар арасында әңгіме өткізілді. Қаһарман - ғалым Мәлік Ғабдулиннің Ұлы Отан соғысы жылдарында жазған шығармалары тарихи және көркемдік мәнімен өзгешеленеді. Сөз өнерін ардақтап кие тұтқан, қазақ баласына деген өлшеусіз құштарлықтың, ізгілік –адамгершілік қасиеттің, рух-жігері асқақ  қайраттың иесі Ер Мәлік лапылдаған оттың, «көкала түтіні бұрқырап» гүрсілдеген оқтың ішінде жүріп, өнімді, өнікті еңбектеніп телегей шығармалар туындатқанына қайран қалмасқа болмайды. Сұрапыл соғыста бірге болған майдангер жолдастарының ерлігі мен батылдығын қас жау мен күресіп қана қоймай, ақ парақ бетіне мемуар естелік ретінде түсірген Мәлік соғыстан кейін қаншама шығармаларды дүниеге әкелді. Мысалы, «Досыма хат» дейтін жазбаларындағы мына бір ой-толғамын еске алсақ; «... Ай артынан ай туып, жыл соңынан жыл да келер».  Бүгінгі ауырлық, сұрапыл соғыстың дәуірі ертең-ақ шаттық, алтын нұрын шашқан сәулет күніне жеткізер.  Сол кездерде өткен уақыттың оқиғаларына көз салармыз. Адам тарихынан ғасырлар бойы өшпестік орын алған талай-талай белестерді, мақтаныш етерліктей болып жасалынған мазмұнды істерімізді, халқымыздың абырой-атағы, даңқы, намысы үшін жас өмірін қаза еткен батыр бауырларымызды еске түсірерміз. Олардың ерлік істерін, олардың бізге қосқан  аманатын «қасықтай қаның қалғанша халқыңа қызмет ет» деген тапсырмаларын еске алармыз. Осындай қайратты терең ойлы тұжырымдар айтып кеткен батыр бабамызды мәңгі есте сақтау біздің қазақ жастарының борышы, міндеті деп есептейміз.Әңгімеміздің бірінші парақшасында Мәлік Ғабдуллин жайлы естеліктер қозғалса, екінші парақшасында жазушының

 
«Оңтүстігім шырайлым» (Зағип сазгер, ақын Н.Төребайдың шығармашылық кеші)

Өткізілген уақыты: 30 қыркүйек, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: зағип жас сазгер Н.Төребайдың шығармашылығын және әңдерін оқырмандарға тарту етіп, насихаттау.

ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана зағип жандар арасында талай таланттардың өнерін кеңінен елге танытуға ықпал жасап келеді.              Осы орайда 30 қыркүйек күні арнайы кітапханада Бәйдібек ауданынан арнайы келген

І топ көз мүгедегі, әнші, сазгер, талантты өнерпаз Нұржан Төребайдың өзінің жеке шығармашылық «Оңтүстігім шырайлым» атты ән кеші өткізілді. Мерекелік кешті кітапхана қызметкері Ербек Бакиев жүргізді. Кеште І топтағы зағип жас әнші Айнұр Смандияр, Өміртай Әкімжан, Тайтелеева Ақжүніс келіп әсем әндер орындады. Нұржан Төребай өз орындауында «Оңтүстігім шырайлым», «Алғабасым», «Лебізім» «Кездесу мен қоштасу» тағы басқа да көптеген әндерді орындады. Бакиев Ербектің сөзіне жазылған Төребай Нұржанның нәзік жүрегінен туған «Шарықта шалқар шабытым» әнін Оңтүстік педагогикалық университетінің «Өнер» факультетінің І курс студенті Айнұр Смандияр орындап залды ерекше әсерге бөледі. Кеш соңында арнайы кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы  өнерпаз  иесіне  шығармашылық шабыт, телегей табыс тілді. Кештін соңында құттықтап, арнайы алғыс хатпен бағалы сыйлықтар тарту етті.

Облыстық Қазақ Зағиптар Қоғамының төрағасы Н.Алтынбеков  Нұржанға деген өз ризашылығын білдіріп «Өнерің өрге жүзсін, тек биіктерден көріне бер» деген тілекпен қаржылай сыйлық тарту етті. Шығармашылық Бакиев Ербектің сөзіне жазылған Төребай Нұжанның «Жанарым менің жүрегім» әнімен аяқталды. Келген оқырман қауым ән әлеміне еніп керемет көңіл күймен тамаша әсерге бөленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
«Халықтар бірлігі – мәңгілік ел тұғыры» циклынан: (2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы)

Өткізілген уақыты: 23 қыркүйек, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: халықтар арасындағы достықты насихаттау, оқырмандарды кітапханаға тарту.

 

Қазақ халқы қашанда өзгені өгейсінбей қиын қыстау заманалар көшінде де, бейбітті күнде де бауырмалдық танытып, төсінен төріне дейін орын берген. Бүгінде көпұлтты мемлекет көк тудың астында бас қосып тәуелсіздіктің таңында бақытты да баянды ғұмыр кешуде. Оның жарқын бейнесін биылғы атқарылған сан алуан шаралар көрсетіп берді. Осындай шаралардың бірі «Халықтар бірлігі мәңгілік ел тұғыры» атауымен ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада өтті. Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына орай Славян ұлттық мәдени орталығынан арнайы қонақтар келіп, мерекелік концерттік бағдарламасын тарту етті. Кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбаева оқырман қауымға келген қонақтарды таныстырып «Тіл мерекесі» күнімен құттықтады. Мерекелік кешті Дубовская Вера жүргізді. Кеште өнер көрсеткен Г. Юнусметова, Райт Татияна, Евтухов Анатолий сынды өнер майталмандары болды. Ынтымақпен бірлікті, татулықпен тыныштықты ту еткен қазақ елі ешкімді жатсынбай бауырына басып, барын берген кеңпейіл дана халқымыз бүгінде бейтшілік заманда ұлтаралық жарасымдылықтың көрінісін айқындауда. Біз бүгін оның куәсі болдық. Мерекелік бағдарламаны 40-тан аса көрермен тамашалады. Ән айтып жыр да оқылды. Келген қонақтар қазақ әндерін орындап көрермендерді бір серпілтіп тастады. «Куә бол» әнін және биыл 85 жылдық мерейтойын ел болып тойлаған Ш.Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» атты әндері кештің сәнін кіргізді. Әдемі әзіл әңгімелермен көмкерілген көңілді кеш «Песня остается с человеком» әнімен қортындылады. Кеш соңында Ләззат Сағынбекқызы «Еліміз аман, заманымыз тыныш, бейбітті күндеріміз татулықпен тұғырлы болғай» деген тілекпен келген өнер иелері, дарынды қонақтарға шексіз алғысын білдіріп, арнайы алғыс хаттарымен гүл шоқтарын табыстады. Оқырмандар қонақтармен бірге суретке түсіп, әдемі сәттермен қимай-қимай тарасты.

 

 

 

 

 

 

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 6 из 15