Жаналықтар
Өрт-тілсіз жау

4.10.2018ж Өрт-тілсіз жау тақырыбында іс-шара өтті. Қысқы маусымға дайындық қарсаңында әр-түрлі жағдайлар болып жатады. Сол жағдайларды болдырмау мақсатында іс-шара өткізіліп түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, көрнекіліктер көрсетілді.

 
«ҚАЗАҚСТАН – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ»

«ҚАЗАҚСТАН – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ҚОЛДАНБАСЫ АРҚЫЛЫ

ОТАНЫҢДЫ ӘЛЕМГЕ ЖАҚЫНДАТА БІЛ!

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Назарларыңызға «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қолданбасын ұсынамыз. Қолданба география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады.

Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D-нысандар, панорамалар, инфографикалар, интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ұсынылған.

Қолданба Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер және бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады.

Қолданбаны AppStore, Play Market, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.

ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘЛЕМГЕ ПАШ ЕТЕЙІК!

Қолданбаға келесі сілтеме арқылы өте аласыз: http://mfa.gov.kz/kz/content-view/kazahstan-strana-velikoj-stepi-13

 
Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-шара

Тағы да діни экстремизм және терроризм туралы да айтып өтілді. Діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлде жат екені қызметкерлер мен оқырмандар арасында түсіндірілді.

 
Еңбек инспекторымен кездесу

ОҚО еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Асылбеков Қ.Д. келіп, кітапхана қызметкерлерімен іс-шара және түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қызметкерлер өз сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды.

 
Төтенше жағдайларды алдын алу

Облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкерлері арасында 2018 жылдың 22 ақпанында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында арнайы маман Л.Пидько шақыртылып табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді және көрнекіліктер мен бейнероликтер толықтай таныстырылды.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Келесі > Соңы >>

Страница 7 из 9