Кітапханада «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуында «Көктем аруы» атты қыздар сайысы өтті. Мақсаты, облысымыздағы талантты зағип жанды арулардың талабын ұштап, таланттарын шыңдау. Зағип және көзі нашар көретін азаматтарға дарынды өнер иелерінің шығармашылығын тарту етіп, біліммен өнерге, шеберлік пен сұлулыққа баулып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау арқылы көктемдей құлпырған қыздардың шығармашылық жұмыстарын дәріптеу. Бес тапсырмадан тұратын сайысқа 5 ару қатысып таланттарын ортаға салды. Сайыс барысында Ордабасы ауданынан арнайы шақырылған қонақ жігіт Б.Жүрсінбек «Ақ бұлақ», «Үш меркі», «Сәби болғым келеді», «Дай-ди-дау», «Сегіз аяқ» атты бірнеше әндерін тарту етіп, оқырмандардың ықыласына бөленді. Сайысқа Жұмабай Лаура, Раджапова Тойгүл, Батырхан Әсел, Айнұр Смандияр, Бисен Бағжан сынды арулар қатысты. Сайыс соңында арулар «Көктем аруы», «Білімді ару», «Шебер ару», «Өнерлі ару», «Сәнді сұлу» номинацияларымен марапатталып, кітапхана әкімшілігі атынан арнайы дайындаған ақшалай сый-сияпаттарға ие болды. Өнерпаздар өзін-өзі таныстырып, өнерлерін ортаға салып, сән үлгісі мен сұрақ жауаптардан сүрінбей, үй тапсырмасын дайындап, түрлі бұйымдар мен қолөнерлер дайындап, қазыларға табыстап, жан-жақтылығын көрсете білді. Сайысты тамашалауға Кентау, Түркістан, Сарыағаш, Мақтарал, Төлеби аудандарымен қатар, №8 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының демалушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары келді. Оқырмандар мен сайыскер аруларымыз кітапханашылар мен кітапханаға дән ризашылығын білдіріп, ыстық ықыластарын жүрек тебірентер лебіздерін жолдады.
|
|
"Өркениетті елдің кітабы көп болады" |
«Тарихы - терең Оңтүстік» |
(«Рухани жаңғыру» аясындағы кіші жоба)
Наурыз айының 14-күні облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы негізінде «Тарихы - терең Оңтүстік» атты кіші жоба аясында «Кітапханадағы жүздесу» өтті. Жүздесуге Қазақстан Дизайнерлер және Суретшілер одағының мүшесі, өнерлі тұлға Кендебай Қарабдалов арнайы қатысты. Таланттың өнегелі өмірі мен атқарған ерен еңбектерін қолынан шыққан құнды дүниелерін, рухани жаңғыру жолында зағип жандарға кеңінен дәріптеу арқылы, туған өлкенің біртуар перзентін ұлықтауға арналған шараға зағип және көзі нашар көретін азаматтар қатысты. Рухани жаңғыру ұлттық мүдденің өркендеуінің басты қағидасы болса оны жүзеге асыруға, зағип жандарды мол мұрамен нәрлендіруге кітапхана барынша еңбек етуде. «Тарихы - терең Оңтүстік» атты кіші жоба аясында өткен шарадан ерекше әсер алған оқырман қауым келесі шараларға да асыға келетінін жасырмады.
Жүздесуге «Даралар мен даналар мекені - Отырар» атты ЖБШ, БНШ, «сөйлейтін» кітаптармен кіші қалыпты мүсіндерден жасалынған көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, насихатталды.
|
|