«Жаралдым махаббаттан адам болып» «Тағдырластар» клубы ғашықтар күніне арналады
15 сәуір Шымкент қалалық Арнайы кітапханада «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы «Махаббаттан жаралдым адам болып» атты тақырыпта өтті. Аталған жиында Жетісай ауданынан арнайы келген Лаура Жұмабай, Ирода Насирова Рустем Кенжеұлы махаббат туралы жырларды көпшілікке тарту етті. Кеш жүргізушісі Ербек Бакиев жиналған жұртшылыққа түрлі сауалдар жолдады. Көрермен арасынан белсенділік танытқан жастар қойылған сауалдарға жауап беріп, аталмыш тақырыпқа сай пікірлерін ортаға салды. Әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Ибрашев Мансур, Кәттабекова Гүлсара, Ажмуханова Жазира, Балнұр Сарсибекова, Арайлым Омарханова тағы басқада жастар ойындарға қатысып, бағалы сый-сиапаттарға ие болды. Бердалиев Ернар, Пернебай Жандос, тағдырлас ерлі-зайыпты Алладин Талиев пен батырхан Әсел өзге де өнерпаздар әнмен әрлеп кештің сәнін кіргізді. Аудио залда өткен аталмыш шара тақырыпқа сай безендіріліп көптің көңіліне қуаныш ұялатты. Жазушы Мырзахан Шерім, жастарды махаббат күнімен құттықтап ақ тілегін арнады. Шара соңында қатысушылар арасында жасырылған ашықхаттарды жариялап өз иелеріне табысталды. Сонымен қатар жүрекшарларды қолға алып қатысушылар естелік фотаға түсті. Келушілердің барлығына Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің шымкент қалалық филиалының атынан бағалы сыйлықтар таратылды.

|
|
«Өнерлі өкілдер» (Бастауыш ұйым өкілдерінің
облыстық байқауы)
Өмірдің ақ қарасы бар демекші біздің ортамызда қараңғылыққа мойымай, дүниенің жарқын сәттеріне құлаш ұрып жүрген азаматтар аз емес. 18-наурыз күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында Түркістан облыстық «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі қарсаңында «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 85 жыл толуына орай өнерлі зағип жандардың «Өнерлі өкілдер» атты байқауы өтті. Байқау 5-турдан тұратын іс-шараға Түркістан облысының аудандарынан зағип жандардан құралған бастауыш ұйым өкілдерінен «Серілер» мен «Арулар» командасының 10 өкілі қатысты. Байқауға қатысушылар салт-дәстүрімізді дәріптеп өздерінің бар өнерлерін ортаға салды. Байқаудың І-орын иегері «Арулар» командасы ақшалай (50 000тг), ІІ-орынды «Серілер» командасы ақшалай (30 000тг) иемденді. Іс-шара қонақтары кітапханамыздың жұмысымен танысуға келген депутаттар Н.К.Бекназаров пен А.Ж.Қапбаровалар кеш барысында зағип жандармен тілдесіп олардың мұң-мұқтажын тыңдап, өз ойларын ортаға бөлісті.
     
|
«Наурыз думан» келіндер байқауы
«Тағдырластар» клубының наурыз айындағы басқосуы
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 2022 жылдың 11 наурыз күні Л. Брайль залында көзі нашар көретін келіндер арасында «Наурыз думан» келіндер байқауы «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы болып өтті. Байқауға іріктелген 4 келін қатысты. Дадаева Зебо, Сыдықова Гүлзира, Мергенбаева Үміт, Бабаханова Нилуфар атты келіндер бақ сынаған байқауда 8 бөлімнен өнер көрсетті. Барлық қатысушылар «Өнегелі келін», «Білімді келін», «Шебер келін», «Супер келін» номинацияларымен диплом және қаржылай сыйлықтар мен марапатталды. Байқауға кітапхана маманы, қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Л. Абжаппарова, Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің қалалық филиал төрағасы Е. Әділбеков, кітапхана қызметкері әдістемелік бөлім меңгерушісі Г. Ақшораева төрелік жасап қазылық етті. Байқаудың өтудегі негізгі мақсаты: Зағип және әлсіз көретін келіндердің отбасылық өмірдегі іскерлік қабілетін көпшілікке паш ету, жаңа өмірге қадам басатын өзге қыздарға өнеге етіп көрсету арқылы тұрмыстық тіршілікке бейімдеу. Тәрбиелік бағытта ұлттық салт-сананы жаңғырту аясында дәстүрді дәріптеу. Жиналған жұртшылық көрермен сайыскерлердің өнеріне тәнті болып, дайындап әкелген дәмді бауырсақтар мен түрлі салаттардан дәм ауыз тиіп естелікке суретке түсті.

      
|
|
«Ертегілер еліне саяхат»
«Достық мектебі»
Авторы: М. Байғұт
Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез-құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі әдебиетін сөйлеу арқылы тіл байлығын дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу. 24 ақпан күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының «Ертегілер еліне саяхат» айдары аясында М. Байғұттың «Достық мектебі» атты балаларға арналған спектаклі болып өтті. Ертегі – фольклорының негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем эстетик. Әдеби қазына. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейіпі көбірек көрініс тапқан.
 
|
«Ел үмітін ақтаған, ер үмітін сақтаған – Сабыр батыр» (Сабыр Рахымовтың туғанына 120 жыл)
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 2022 жылы 4 ақпан қазақтың қайсар батыры Сабыр Рахимовтың 120 жылдығына арналған «Ел үмітін ақтаған ер атағын сақтаған - Сабыр батыр» атты іс-шара өтті. Шара барысында кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Майдан даласындағы Сабыр» атты театрландырылған қойылым көрсетілді. Сондай-ақ шараға сәйкес кітап көрмесі жасақталды. Кеште Мұхтар Ауезов атындағы мемлекеттік университеттің талантты студенттері өнер көрсетті. Шара соңында қатысқан өнерпаздарға алғыс хат табысталып, оқырмандармен бірлесіп естелік суретке түсті.
 
|
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Келесі > Соңы >>
|
Страница 13 из 33 |