Пайдалану ережелері PDF Print E-mail

 

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананы пайдалану

 

 

 

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

 

1.1. Барлық көз мүгедектерінің, олардың отбасы мүшелерінің, көзі көрмейтін және әлсіз көретін балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының, көру қабілетінде кемістігі бар жалпы мектеп оқушыларының, мүгедектердің мәселелерімен кәсіби айналыстындардың кітапхананы пайдалануға құқы бар.

1.2. Кітапхананы пайдалану тегін.

1.3. Кітапхана демалыс, мереке және тазалық күндерінен басқа күндері кестеге сәйкес пайдаланушыларға қызмет көрсетеді.

 

2. Кітапханаға жазылу тәртібі.

 

2.1. Кітапханаға жазылу төлқұжатты немесе жеке куәлікті көрсету арқылы іске асырылады. Көз мүгедектері, сонымен қатар ҚСҚ-ның мүшелік билетін немесе мүгедектігін дәлелдейтін құжатты көрсетеді. Кітапханаға жазылу барысында оқырман формулярын ресімдеу және тіркеу карточкасын толтыру үшін қажетті мәліметтер айтылады.

2.2.  16 жасқа дейінгі балалар Кітапханаға ата-аналарының немесе ертіп келген адамдардың жеке басын куәландыратын құжат негізінде жазылады.

2.3. Кітапханаға жазылу барысында пайдаланушы кітапхананы пайдалану ережесімен танысады және оны орындау туралы қол қояды. Көзі көрмейтін пайдаланушыны Кітапхананы пайдалану ережесімен қызметкер таныстырады және оны орындауда пайдаланушының міндетін формулярдағы жазумен бекітеді.

2.4.  Оқырман және кітап формулярлары пайдаланушыға басылымдарды және Кітапхана қорынан материалдарды беру және  беру күнін оларды  қайтару мерзімін көрсететін құжат болып табылады.

2.5. Шетелдік азаматтарға, көз мүгедектеріне және мүгедектер проблемаларымен кәсіби айналысатын адамдарға тек оқу залында қызмет көрсетіледі.

2.6.  Жыл сайын пайдаланушылар қайта тіркеледі.

 

3. Оқырмандардың құқықтары мен міндеттері.

 

Оқырмандардың құқықтары:

-         Кітапхана қорынан, сондай-ақ бегліленген тәртіпте басқа кітапханалардан кітапханааралық абонемент бойынша баспа шығарылымдарын және басқа құжаттарды уақытша пайдалануға алу;

-         Кітапхана көрсететін библиографиялық, анықтамалық-ақпараттық және қызмет көрсетудің басқа да турлерін пайдалану;

-         Кітапхана өткізетін барлық іс-шараларға қатысу;

-         Өзіне қажетті нақты бір кітаптың сөреде бар екендігі туралы телефон арқылы мәлімет алу, егер  сол жұмыс күнінің ішінде алатын болса қалдыруды сұрау;

-         Жазу жоспары және үндендірілген кітаптардың көшірмесін жасауда ұсыныстар енгізу, олардың сапасын жақсарту үшін жазылған кітаптар туралы ауызша және жазбаша түрде хабарлау;

-         Кітапхананың қоғамдық кеңесіне сайлау және сайлану;

-         Шалғай аудандарда тұратын оқырмандар кітапхана филиалдарын, пүнкттерін, дауыстап оқу үйірмелерін, үйдегі және сырттай абонементтерді пайдалана алады;

-         Түрлі себептерге байланысты өздігінен кітапханаға келе алмайтын көз мүгедектері үйдегі абонементтің оқырманы бола алады;

-         Үйдегі абонемент оқырмандарына әдебиеттерді іріктеуге сұраныс күнделікті, демалыс, мереке, тазалық күндерінен басқа күндері телефон арқылы қабылданады.

-         Жазық баспалы әдебиеттерді оқуды қажет ететін көзі көрмейтін оқырмандарға дауыстап оқушы кітапханашы қызметін аптасына 3 сағаттан 6 сағатқа дейін пайдалану құқығы беріледі. Оқудың кезегі оқу залындағы жеке жазу бойынша белгіленеді.

-         Оқырманға 30 күндік мерзімге басылымдардың барлық түрінің 5-ден астам атауы үйге беріледі. Кітапхананың көп сұралатын басылымдарды пайдаланудың белгіленген мерзімін қысқартуға құқы бар. Әрбір алынған құжатқа ( көз  мүгедектерінен басқа) оқырман формулярда қол  қоюы тиіс.

Оқырмандардың міндеттері:

-         басқа оқырмандардың құқықтарын және Кітапхана қызметкерлерінің еңбектеріне құрметпен қарап, қоғамдық қарым-қа тынастардың жалпы қабылданған нормаларын, Кітапхананы пайдалану Ережесін сақтау;

-         Кітапхана мүліктеріне ұқыпты қарау байқаусызда немесе қасақана Ережені бұзған және Кітапханаға зиян келтірген оқырмандар Кітапхана әкімшілігі белгілеген формада және көлемде орнын толтырады;

-         Құжаттарды белгіленген мерзімде қайтару;

-         Кітапхана қорының жазық баспалы құжаттарын жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда құны сәйкес келетін немесе Кітапхана қызметкерлері сәйкес келеді деген құжаттармен алмастыру. Алмастыру мүмкін болмаған жағдайда – қазіргі нарықтық экономика жағдайына сәйкес жоғалған құжаттың құнына байланысты орнын толтырады;

-         Бедерлі-нүтелі басылымдар жоғалған жағдайда оның нақты құнын өтейді;

-         «Дыбысты кітаптар» жоғалған және бүлінген жағдайда кітапханаға тиісті кассеталарды түгелдей немесе нақты құнын өтейді;

-         берілген аудиоматериалда табылған ақау немесе кемшілік туралы кітапханашыға хабарлау.

4.Кітапхананың құқықтары мен міндеттері:

4.1. Кітапхананың міндеттері:

- ақпараттарға еркін және теңдей қол жеткізуде мүгедектердің құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;

- оқырмандар үшін қолайлы жұмыс тәртібін белгілеу;

уақыт талабына және ақпараттық қажеттіліктерді ескере отырып қазіргі заман талабына сай оқырмандарға кітапханалық, ақпараттық, библиографиялық қызметті ұйымдастыру;

-         қажетті тифлотехникалық құралдарды және қазіргі заманға  бейімделген технологияларды ұсынып, автоматтандырылған жұмыс орындарын ұйымдастыру;

-         кітап қорын жинақтауды, тіркеуді сақтауды және пайдалануды іске асыру;

-         тапсырылған басылымдардың Кітапханаға дер кезінде тапсырылуын қадағалау;

-         көпшілік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру арқылы, клубтарды, үйірмелерді, білім  орталықтарын, түрлі бірлестіктерді құру арқылы мүгедектерді қоғамда әлеуметтік сауықтыруға және шоғырландыруға, әлеуметтік мәдени қалыптастыруға көмек көрсету.

4.2    .Кітапхананың құқықтары:

-         Шымкент қаласының мәдениет басқармасының келісімі бойынша «Кітапхананы пайдалану ережесін» бекіту.

-         Пайдаланушылар келтірген материалдық зиянның түрлері мен мөлшерін анықтайды.

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет