Абонемент қызметінің бағыттары:
- Шымкент қаласында тұратын көзі көрмейтін азаматтардың кітапхананы пайдалануын анықтау және кітапханаға тарту.
- Оқырмандардың құрамын, олардың ақпараттық қажеттіліктерін, мүдделерін және сұраныстарын анықтау.
- Кітапханаға келу мүмкіндігі жоқ көзі көрмейтін пайдаланушыларға үйде қызмет көрсету.
- Жаңа түсімдер туралы телефон арқылы хабардар ету.
- Әдебиеттерге сұраныстар қабылдау.
- Жаңа әдебиеттерге шолу жүргізу.
- Дискілерде және «МГФ» кассеталарында үндендірілген БНШ, ЖБШ кітаптарды оқырмандарға ұсыну.
- Брайль жүйесі бойынша жазылған жүйелі каталогтармен өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндіктерін ұсыну. |
Оқу залының қызметкерлері ақпараттық және
кітапханалық қызмет көрсетеді
Ақпараттық қызметтер:
- Пайдаланушылардың кез-келген тақырыптағы немесе мәселелердегі сұраныстарын орындау;
- Каталогтар және картатекалар арқылы әдебиеттерді іздеуде көмек көрсету;
- Кітапхана қорындағы бар әдебиеттер туралы анықтамаларды орындау;
- Кітапхана қорында қажетті әдебиет болмаған жағдайда КАА кітапханашысы арқылы сұраныс беруге көмектесу.
Кітапханалық қызмет:
- Оқуға басшылық қызмет:
- Оқырмандармен жеке жұмыс;
- Кітапханашының көпшілікпен жұмыс (ауызша журналдар, әдеби кештер, оқырмандар конференциясы, пікірталастар, сұхбаттар т.с.с.);
- Қызығушылықтары бойынша клубтардың және дауыстап оқу үйірмелерінің жұмысын жүргізу.
Оқу залында кітапханалық және ақпараттық қызметттермен қатар
- кітап көрмелерімен танысуға;
- жергілікті, республикалық және шетелдік мерзімді басылымдарды оқуға;
- аудио және бейне материалдарды жеке тыңдауға және көруге мүмкіндік беретін сенсорлық бөлменің қызметін пайдалануға болады.
|
- Көзі көрмейтін оқырмандармен жеке жұмыс.
- «Тағдырластар» жастармен қарым-қатынас клубы.
- Бедерлі-графикалық құралдарды және кіші қалыпты мүсін үлгілерін пайдалану үшін көмек көрсету.
- БНШ бойынша әдебиеттерді қазақ және орыс тілдерінде ұсыну (публицистикалық, көркем, мерзімді, ғылыми-танымдық) мәселен: «Сымбат», «Ғажайып әлем», «Спектр», «Удивительное рядом».
- МP3 форматында, сондай-ақ компакт кассеталар мен руллондардағы цифрлық жазбада аудиокітаптарды тыңдау мүмкіндігі.
- Тифлология картотекасы бойынша көмектесу.
- Тифлосекторда және облыстық аурухананың офтальмология бөлімінде, ҚСҚОӨК-да дауыстап оқу үйірмелерін жүргізу.
- Көру қабілетінде ауытқулары бар балаларға арналған іс-шаралар өткізу.
- Көзі көрмейтін және әлсіз көретін балаларға арналған арнайы мектеп оқытушыларына әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді ұсыну.
|
|
|
|
|