Оқу залының қызметкерлері ақпараттық және
кітапханалық қызмет көрсетеді
Ақпараттық қызметтер:
- Пайдаланушылардың кез-келген тақырыптағы немесе мәселелердегі сұраныстарын орындау;
- Каталогтар және картатекалар арқылы әдебиеттерді іздеуде көмек көрсету;
- Кітапхана қорындағы бар әдебиеттер туралы анықтамаларды орындау;
- Кітапхана қорында қажетті әдебиет болмаған жағдайда КАА кітапханашысы арқылы сұраныс беруге көмектесу.
Кітапханалық қызмет:
- Оқуға басшылық қызмет:
- Оқырмандармен жеке жұмыс;
- Кітапханашының көпшілікпен жұмыс (ауызша журналдар, әдеби кештер, оқырмандар конференциясы, пікірталастар, сұхбаттар т.с.с.);
- Қызығушылықтары бойынша клубтардың және дауыстап оқу үйірмелерінің жұмысын жүргізу.
Оқу залында кітапханалық және ақпараттық қызметттермен қатар
- кітап көрмелерімен танысуға;
- жергілікті, республикалық және шетелдік мерзімді басылымдарды оқуға;
- аудио және бейне материалдарды жеке тыңдауға және көруге мүмкіндік беретін сенсорлық бөлменің қызметін пайдалануға болады.
|