Білім беру қызметі

Компьютерлік сауаттылық мектебі

Әдістеме бөлімінің құрамына компьютерлік сынып кіреді. Жоғарыда аталған сыныптың негізгі жұмысының бағыты көздері нашар көретін пайдаланушыларға компьютерлік технологиялардың қолдануына бірдей мүмкіндік беріп, оларға осы салаға қатысты бағдарламалар және арнайы компьютерлер ұсынылады. Келушілер «книголюб» атты кітап оқу машинасы кешенімен,экранды дыбыстайтын «jafs», «электронды лупа», «virgo» және электронды кітаптарды оқуға арналған «максридер»сияқты компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеуге болады.  Жоғарыдағы көрсетілген арнайы бағдарламалар арқылы жеке компьютерді толық игеріп қоймай стандартты мәтіндік бағдармалармен еркін жұмыс істей береді мысалы «Борд», «Блокнот» сондай-ақ зағип пайдаланушы «Неро-экспресс» бағдарлама арқылы CD және DVD дискілерге еркін керекті ақпараттар жаза береді. Бұл бөлімде компьютерлік сабақтарды ересектер мен балалар қатар оқи береді.

Брайль жүйесіне оқыту курсы

Брайль жүйесін оқыту барысында көзі көрмейтін оқырмандар көзі көрмейтін азаматтар үшін дайындалған жүйе бойынша оқуды және жазуды үйренеді. Оқыту барысында мынадай материалдар пайдаланады:

- Қазақ және орыс тілдеріндегі әліппе;

- Жазуға арналған құрал;

- Грифель

- Алты нүкте;

- Әріптер мен сөздерді құрауға арналған қалып;

- Әріптер құрауға арналған кубик.

Сонымен қатар, саусақтар сезінуін дамытатын бедерлі-нүктелі шрифттарды оқу үшін, Брайль жүйесіндегі жазуларға үйрену үшін жаттығулар жүргізіледі.

Сабақтар жоспар бойынша жүргізіледі.

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет