Ақпараттық-библиографиялық бөлімі
Білім беру қызметі PDF Print E-mail
Қызмет көрсету - Ақпараттық-библиографиялық бөлімі

Компьютерлік сауаттылық мектебі

Әдістеме бөлімінің құрамына компьютерлік сынып кіреді. Жоғарыда аталған сыныптың негізгі жұмысының бағыты көздері нашар көретін пайдаланушыларға компьютерлік технологиялардың қолдануына бірдей мүмкіндік беріп, оларға осы салаға қатысты бағдарламалар және арнайы компьютерлер ұсынылады. Келушілер «книголюб» атты кітап оқу машинасы кешенімен,экранды дыбыстайтын «jafs», «электронды лупа», «virgo» және электронды кітаптарды оқуға арналған «максридер»сияқты компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеуге болады.  Жоғарыдағы көрсетілген арнайы бағдарламалар арқылы жеке компьютерді толық игеріп қоймай стандартты мәтіндік бағдармалармен еркін жұмыс істей береді мысалы «Борд», «Блокнот» сондай-ақ зағип пайдаланушы «Неро-экспресс» бағдарлама арқылы CD және DVD дискілерге еркін керекті ақпараттар жаза береді. Бұл бөлімде компьютерлік сабақтарды ересектер мен балалар қатар оқи береді.

Брайль жүйесіне оқыту курсы

Брайль жүйесін оқыту барысында көзі көрмейтін оқырмандар көзі көрмейтін азаматтар үшін дайындалған жүйе бойынша оқуды және жазуды үйренеді. Оқыту барысында мынадай материалдар пайдаланады:

- Қазақ және орыс тілдеріндегі әліппе;

- Жазуға арналған құрал;

- Грифель

- Алты нүкте;

- Әріптер мен сөздерді құрауға арналған қалып;

- Әріптер құрауға арналған кубик.

Сонымен қатар, саусақтар сезінуін дамытатын бедерлі-нүктелі шрифттарды оқу үшін, Брайль жүйесіндегі жазуларға үйрену үшін жаттығулар жүргізіледі.

Сабақтар жоспар бойынша жүргізіледі.

 
Әдістемелік-библиографиялық қызмет PDF Print E-mail
Қызмет көрсету - Ақпараттық-библиографиялық бөлімі

Бөлімнің қызметі.

Бөлім, облыс көлеміндегі зағип және әлсіз көретін азаматтарға қызмет көрсететін бүкіл арнайы кітапхана филиалдары мен пункттеріне әдістемелік орталық болып табылады:

1. Филиалдар мен пункттердегі кітапханалық қызметтің дамуын талдайды, озық тәжірибелерді таратады, оқырмандардың арнайы сұраныстарын анықтау үшін әлеуметтік зерттеулер жүргізеді.

2. Облыс көлеміндегі зағип оқырмандарға қызмет көрсететін кітапхананашылардың кәсіби біліктілігін жоғарылату мақсатында, тәжірибе алмасу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырып өткізеді.

3. ОҚО арнайы кітапхананың және филиалдар мен пукттердің жұмыс жоспарлары мен есептерін сараптап, қабылдайды.

4. Кітапханалық және ақпараттық жұмыстың жаңа тиімді түрлерін зерттеп енгізеді. Кітапхананың баспа қызметін үйлестіреді.

5. Облыстағы арнайы кітапхана филиалдары мен пункттеріне кеңестік және әдістемелік көмек көрсетеді.

6.Тоқсан сайын әдіскерлер күні өтіп тұрады.

7. Қоғаммен үйлестіру қызметін ұйымдастырады.

8. Облыс көлемінде, зағип оқырмандардың интеллектуалдық, әлеуметтік және рухани дамуына ықпал ететін ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге және ақпараттық ортаны қалыптастыруға, оқырмандардың ақпараттармен алмасуларына, бос уақыттарын тиімді пайдалануларына мүмкіндік жасауға, олар үшін қарым-қатынас жасаудың мәдени, рухани орталығын құруға өз үлесін қосады.

9.Кең көлемде І-ІІ топ көз мүгедектерімен байқаулар, фестивальдар, спорттық жарыстар т.б. көпшілік іс-шараларға арналған құжаттар дайындап, өткізеді.

Бөлім қызметінің басымды бағыттарының бірі 2010-2011ж.ж. арасында

3 жылға жоспарланған І-ІІ топ көз мүгедектері арасында өтіп келе жатқан «Жанарым менің жүрегім» атты облыстық фестиваль. 2011жылда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына, М.Мақатаевтың 80 жылдығына, Ж.Жабаевтың 165 жылдығына арналып отыр.

Бөлімде дәстүрлі түрде библиографиялық, фактографиялық ақпараттар жинағы сақталады. Бүкіл баспа-басылымдары өңделеді:

1.Зағиптар үшін қажетті ақпараттар, жаңа ақпараттық технология көмегімен картотекалар және библиографиялық мәліметтер базасы қалыптасқан,

2.Оқырмандарға библиографиялық қызмет көрсетіліп, анықтамалар мен ақпараттармен қамтуда.

3. Мектеп-интернатының оқушыларымен анықтамалық-библиографиялық аппарат /АБА/ бойынша іс-шаралар өтеді.

4.Кәсіби басылымдарға шолулар жасалынады. Библиография күні, ақпараттар күні өтіп тұрады.