Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
| 15.03.2026 |
|
|
|
| Жаңалықтар - Жаналықтар |
|
ШЫМКЕНТТЕ РЕФЕРЕНДУМ АЯСЫНДА АРБАТ АЛАҢЫНДА КІТАП ЖӘНЕ ҚОЛӨНЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ Шымкент қаласында референдум аясында Арбат алаңында кітап көрмесі мен қолөнер шеберлерінің, сондай-ақ баспа үйлерінің қатысуымен көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды. Алаңда қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі жанрдағы кітаптар ұсынылып, ұлттық қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. Бұл шара рухани құндылықтарды дәріптеп, кітапқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталды. Аталған іс-шараға біздің Арнайы кітапхана да белсенді қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарына нүктелі-бедерлі кітаптарды, сондай-ақ бисермен тізілген ерекше қолөнер жұмыстарын таныстырды. Көрермендер ерекше форматтағы кітаптармен танысып, қолөнер туындыларына қызығушылық танытты. Жәрмеңкенің қорытындысы қазақы нақышта өтті. Ұлттық киім киген қатысушылар Арбат алаңында ән айтып, би билеп, мерекелік шерумен іс-шараны әсем көңіл-күймен аяқтады.
|




































