Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
| 06.05.2026 |
|
|
|
| Жаңалықтар - Жаналықтар |
|
«Мәңгілік естен кетпес отты жылдар» (9 мамыр Жеңіс күні 7 мамыр ҚР Отан қорғаушылар күні) Бүгін Шымкент қалалық арнайы кітапханада 9 мамыр Ұлы жеңістің 81 жылдығына орай «Мәңгілік естен кетпес отты жылдар» мен «Қарулы күштер – Қауіпсіздік қазығы» атты мерекелік кеш өтті. ????????✨ Кешті кітапхана қызметкері Мүсілім Ләззәт Шорақызы жүргізді. Кеште алдымен соғыста қаза тапқан батырларға тағзым етіп, 1 минут үнсіздік жарияланды. Мерекелік кешті кітапхана директорының орынбасары Әбжаппар Эльмира Ақылбайқызы ашып, құттықтау сөз сөйледі. Кітапхана белсенді оқырмандары Д. Сейдазимова мен А. Тайтелеева және кітапханашы М. Ермаханова әннен шашу шашты. Ән мен жыр шалқыған шығармашылық кеш кітапхана оқырмандарына ерекше әсер сыйлап, жүректерге жалынмен патриоттық сезім жаңғыра түсті. 9 мамыр Ұлы жеңістің 81 жылдығы ерлік пен ерліктің, даңқ пен еңбектің кең өрістеген бейнесін сомдағандай. Бұл мерекелік кездесу – өткенді ұмытпай, бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін бағалауға, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған тағылымды шара.
|




































