Жаналықтар
19062021 PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Жаналықтар

Қала күні

 
070621 PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Жаналықтар

Құттықтаймыз!!!

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының қызметкерлері, бөлім меңгерушілері Ақтаева  Ғалия Арзанбекқызы, Тұяқбаева Назиля Тұрабайқызы, директор орынбасары Тұранбаева Ұлбике Мүтәнқызы Қазақстандық Кітапханалық Одағы атынан «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ КІТАПХАНАШЫСЫ» төсбелгісімен марапатталды. Әріптестерімізді құттықтаймыз, кітапхана саласында көп жылдар бойы атқарып келе жатқан еңбектеріне  жеңістер мен жемістер тілейміз, дендеріңіз сау болып, арнайы кітапхананың заманауи дамуына қызмет жасай беріңіздер.

Осындай кітапханашылар қауымына стимул беріп, еңбектерін елеп отырған Қазақстан Ұлттық кітапхананың директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы Оспанова Бахытжамал  Қайырбекқызына,  жалынды сәлемдемесін жеткізген Түркістан облысының Қазақстандық Кітапханалық Одақтың өкілі Динасилова Шәрбану Әлмаханбетқызына үлкен АЛҒЫСЫМЫЗДЫ білдіреміз. Білікті де, білгір, нағыз кәсіби маман иелерін, басшыларымызға зор денсаулық, баянды өмір тілейміз.

 
210521 PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Жаналықтар

21 мамыр 2021 жылы Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында «Парасат жолы» жобасы  аясында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әр бір азаматтың міндеті»  атты кітаптің тұсау кесері өтті. Бұл кітап біздің кітапханамыздың Брайль кітаптарын  шығару бөлімінде бедерлі нүктелі шрифтпен басылып шығарылған.

 
260321 PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Жаналықтар

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 26 наурыз күні «Жемқорлыққа қарсы күрес - әр азаматтың міндеті» атты кітапхана қызметкерлеріне «Парасат жолы» жобасы аясында  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Шымкент қаласы бойынша департаменті жанындағы Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Анарбаев Қайрат Сапарханұлымен    бірлескен іс-шара болып өтті. Мақсаты - әр азаматтың адал болып сыбайластыққа қарсы күресу арқылы жемқорлықты жоюға күш салу. Сонымен қатар аталған шарада сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне төнетін қауіптілігі хақында түсіндірме жұмыстары өтілді.

 
«Алтын кітабы» PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Жаналықтар

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың қызметкерлері Ербек Бакиев пен Мадина Ермаханова Қазақстанның «Алтын кітабы» медалімен марапатталды. Ұжымның атынан жалынды жастарға толағай табыстар мен зор денсаулық, қызметте мол жетістіктер тілейміз.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 5 из 10