23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні. Мереке Халықаралық Кітап баспа Ассоциациасының ынтасымен 1969 жылдан тойланып келеді.Биылғы жылы бұл күн Шымкент қаласының орталық саябағында, қаланың қос кітапханасының бірігіп ұйымдастырумен “ Кітап- сарқылмас рухани әлем”тақырыбында өтті. Іс-шараға қала қонақтары, оқушылар, жасөспірім балалар және де іс-шараның басты қонақтары болып Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері қатысты. Мектеп оқушылары әсем әндері мен белгілі ақындардың өлеңдерін оқып, керемет күйлерін тарту етті. Арнайы және Әл - Фараби атындағы ғылыми - әмбебап кітапханаларының қызметкерлері мерекеге орай өздерінің керемет дайындықтарын көрсетті. Іс-шараның басты қонақтары - кітап әлемінен келген “Кітап патшасы” мен “Білім ханшайымы” қала тұрғындары тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болып, тамаша көңіл - күй сыйлады. Қос кітапхана биылғы “Балалар жылына” арнап, ақын жазушылардың туындыларынан кітап көрмесін ұсынды. Осы мерекеге Арнайы кітапхананың тұрақты оқырмандары да келіп, өздерінің ән- шашуларын тарту етті.