Филиалдарының іс-шаралары
190521

19 мамыр күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында «Жырлары мөлдір бұлақтай» тақырыбында Бәкір Тәжібаевтың туылғанына 95 жыл толуына орай іс-шара өтті. Іс-шараға көз мүгедектері қатысты. Кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 
060521

6 - мамыр күні  Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының стационардан тыс қызмет көрсету секторында «Бейбіт  күн  жасасын  әлемде...» тақырыбында  9- мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай  іс-шара өтті. Іс-шараға  көз мүгедектері қатысты. Ұлы Жеңіс күніне  арналған  кітап  көрмесі  ұйымдастырылды.

 

 
150421

15 сәуір ғашықтар күніне орай арнайы кітапханада Махаббат пен мейірім атты «Тағдырластар» клубының кезекті басқосу іс-шарасы өтті

 
231020

Шымкент қалалық арнайы кітапханасында 1 қазан - 13 қараша аралығында "Ақ таяқ" айлығы өтеді. "Ақ таяқ" айлығы аясында Ахатаев Ғабит -тифлопедагог, І-ІІ топ көз мүгедектері арасында онлайн жарыс өткізді. Барлығына бірдей тапсырма беріліп, жарыс нәтижесінде І-ІІ топ көз мүгедектері арасында жеңімпаздар анықталды.

 
Әніне әлем тербелген

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 11-наурызда танымал талантты тұлға, әнші, композитор Марат Омаровпен кездесу кеші өтті. Іс-шараға оқырмандар мен қалалық «Үміт» мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Туған жерге келген осы сапарында кітапханаға ат басын арнайы бұрған талант иесімен өткен бұл кездесу кеші жоғары деңгейде өтіп, көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады. Іс-шараны кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы ашып әнші, сазгер Марат Омаровқа арнайы алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Марат Әбдіұлы кешті жүргізген Ербек Бакиевтің сауалдарына емен-жарқын жауап беріп, жаңалықтарымен бөлісті. Әншілер Жомарт Барлыбаев пен Балташ Еңсепбаев Композитордың әндерін орындады. «Үміт» мектеп-интернатының 4-сынып оқушысы бірнеше ән байқауларда топ жарып жүрген Айбын Жұмабек те өзінің орындаған тамаша әнімен, ерекше дауысымен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Айбынның ерекше дауысына тәнті болған Марат Әбдіұлы талантты балаға батасын беріп, өмір жолында, ән әлемінде ақ жол, сәтті қадам тіледі. Кеш барысында танымал өнер жұлдызы өзінің бірнеше әндерін орындап, көпшіліктің ризашылығына бөленді. Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары Тұранбаева Ұлбике Мүтәнқызы Марат Омаровқа алғысын білдіріп, кітапхана әкімшілігі атынан арнайы сый-сыяпатын табыстады. Қызықты сыр-сұхбаттан, сұлу саздар мен әсем әндерден ерекше әсер алған оқырмандар да жылы лебіздерін білдірді. Марат Омаров халықтың жүрегінен орын алған «Анашым», «Қоштасқым келмейді», Әнші балапан», «Қыз сыны», «Сыңарым» т.б әсем әндердің авторы. Асқақ рухты, терең тебіреніске толы әндерімен адамның ой сезімін үлкен әсерге бөлейтін өзгеше өрнекті сазгер Марат Омаров қазақ музыкасының, қазақ өнерінің дамуына үлес қосқан қайталанбас тұлға.

 

 


 
23122019

23 желтоқсан күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада кәсіби деңгейді көтеру мақсатында «КІТАПХАНА – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ РУХАНИ ШЫРАҚШЫСЫ» атты семинар болып өтті.

Толығырақ...
 
Кәсіби деңгейді көтеру

Шымкент қалалық арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен "Кәсіби деңгейді көтеру" мақсатында кезекті тәжірибе алмасу сабағы өтті. Түркістан облысының бүкіл аудандарынан, қалаларынан келген зағип оқырмандарға қызмет көрсететін кітапханашыларға "Арнайы кітапхана қорындағы құжаттардың ерекшелігі" бойынша түсініктемелер айтылып, тәжірибелік ойындар, тренингтер өтуімен қатар, жаңа түскен арнайы кітаптарға шолу жасалынды.

 
«Рухани жаңғыру: мәдени даму жолдары»

2018  жылы 29 наурызда  ОҚО   арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға  арналған  кітапханасының ұйымдастыруымен   Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығымен бірлесе   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы  аясында  «Рухани жаңғыру: мәдени даму жолдары» атты  тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарға арнайы кітапхана және 16 аудандық кітапхана филиал кітапханашылары, Әдет-ғұрып және салт – дәстүр орталығының қызметкерлері, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қызмет жасайтын арнайы мамандар, дефектолог, тифлологтар қатысты.

 

 
«Өнерім, көңіл шуағым» 2017

2017  жылы 13 қарашада  ОҚО   арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасын жандандыру мақсатында «Өнерім, көңіл шуағым» атты үш номинациядан тұратын облыстық фестиваль өтті. Облыс көлемінде 14 аудан арасынан жалпы 3 номинация бойынша 44 үміткер қатысты.

Номинациялар:

  1. 1. «Оңтүстік, жердің жәннәті!»

(ОҚО 85 жылдығына орай, эстрада жанрында, табиғи дауыста өлкеге арналған әндер)

  1. 2. «Өлеңім- өмірімнің айнасы»

(Ақын, ҚР халық жазушысы М. Шахановтың 75 жылдығына орай автордың өлеңдерін мәнерлеп оқу және авторға арналған өз өлеңі)

  1. 3. «Өнерге, өріс кең»

(Табиғи дауыста, дәстүрлі және халық әндерін орындау)

 
Тағы мақалалар...
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Страница 1 из 2

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет