Филиалдарының іс-шаралары
Кеңесары хан

2017  жылдың 6 ақпанында  ОҚО  арнайы кітапханаға қарасты  Шымкент қалалық арнайы кітапхана филиалында  Кеңесары хан Қасымұлының туғанына 215 жыл толуына орай «Ұлт азаттық көтерілістің көсемі» атты іс – шара өткізілді. Іс –шараға келген зағип оқырмандар Кенесары ханның өмір тарихымен таныстырылды және өз елінің азаттығы үшін күрескенін насихаттап, мағлұмат берілді.

 
«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

2017  жылдың 3 ақпанында  ОҚО  арнайы кітапханаға қарасты  Шымкент қалалық арнайы кітапхана филиалында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы зағип оқырмандарға таныстырылып, кеңінен талқыланды. Ел үшін арналған аса зор маңызға ие жолдауды танып, түсінген оқырмандар оның мақсатына мән беріп, терең ұғына білді. Іс –шараға келген әрбір  зағип оқырмандар өз ойларымен бөлісе отырып  жарқын болашаққа сенім артты.

 
Әшірбек Сығай

2017  жылдың 16 қаңтарында  Шымкент қалалық арнайы кітапхана филиалында  ҚР Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, өнер қайраткері Әшірбек Сығайдың 70 жасқа толуына байланысты «Талаптың мініп тұлпарын» атты  іс- шара өткізілді.Оқырмандар танымал театртанушы, ұлағатты ұстаз, ғалым , аудармашы, профессор, өнер қайраткері Ә. Сығайдың  өмірбаяны мен кітаптарымен танысты. Іс –шараға зағип оқырмандар қатысты.

 
«Отбасы тынысы», «Өнегелі отаудың – өрісі кең», «Отбасы өмірді кемеліне келтіреді... бақыт әкеледі!», «Елін сүйер, сеніңіз, Өз отбасын сүйе алған!», «Отбасы – Алтын діңгек!». (Халықаралық отбасы күні)

Іс-шараның мақсаты: Көз мүгедектері жанұялары мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту.                                                                                                                                 Отбасы – сыйластық, жарастық ортасы. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Отан – отбасынан басталады. Отбасы құндылықтарының маңыздылығына мемлекет ерекше көңіл бөліп  Елбасымыздың жарлығымен елімізде алғаш рет  «Отбасы күні» қыркүйек айының екінші жексенбісі болып  бекітілді. Ал 15 мамыр күні Халықаралық  отбасы күні. Осы күнге орай барлық аудандық филиалдар мен пунктерде  танымдылық сағаттар, сазды кештер, жанұялық спорттық сайыстар, әдептілік- имандылық сағаттары өтті. Облысымыздағы ынтымақтығы мен бірлігі, татулығы мен сыйластығы жарасқан көз мүгедектері  отбасыларын  қоғамға  насихаттап, халыққа таныту мақсатында өткізілуде. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі, отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы, баланы өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасынан алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.

Өтетін уақыты: 14 мамыр

 

 

 
«Табиғатым тал бесігім», «Табиғатым- тал бесігім!», «Табиғатты аялайық- құстарды қорғайық», «Елжандылық экологияны қорғаудан басталады!»

Барлық аудандық филиалдар  мен   пункттерінде  6-7 сәуір күні  Халықаралық құстар  күніне    орай  «Табиғатым тал бесігім», «Табиғатым- тал бесігім!», «Табиғатты аялайық- құстарды қорғайық», «Елжандылық экологияны қорғаудан басталады!» іс- шаралар өтті.

Іс- шараның мақсаты: Құстар мен қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиямызды  таза ұстау, жас жеткіншектерге табиғатқа деген елжандылығын дамыту және баулу.

Іс- шаралар мынадай тұрінде өтті: Тамымдылық саттар, дауыстап оқу, викториналық сұрақ – жауап кеші, табиғат туралы ән сайысы. Түлкібас аудандық кітапханасында «Табиғатты аялайық- құстарды қорғайық» атты викториналық сұрақ –жауап кеші өтті. Мектеп оқушыларымен бірге өткізген кеш 7- сынып оқушылары топқа бөлініп, топтар әр құстардың атымен аталып «Шағала», «Қарлығаш», «Бұркіт» болып сайыстың  барлық шарттарына өздерінің зерделі екенін танытты.Доданың «Сәлем сөздің анасы», «Білгенге маржан», «Кім жылдам?», «Өнеліге өріс кең», барлық сайыс кезңдерінде біздің оқырман оқушыларымыз өз білімдерін, өнерлерін барлық қырынан көрсетті. Кешке Шымкент қаласының зоологиялық саябағы, Сайрам-Өгем, Сырдария-Түркістан, Ақсу-Жабағлы  ұлттық парктерінің мамандары қатысты. Кеш өз денгейынде өтті.

 

 

 

 
«Наурыз – мәңгілік мейрам» «Төрлет, төре Наурыз!» «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз!» (Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай мерекелік кеш).

Мақсаты: Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келген жыл басы – Наурыз мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр шерту. Ұрпақтар санасына ұлттық тағылым мен ұлттық салт-дәстүрлерден хабар беру.

Халқымыздың мол мұрасын саналарына сіңіре отырып, тағылым алуға жетелеу. Ұлттық тәрбие көзінен нәр алуға түрткі жасау. Туған халқының бай  ауыз әдебиетін қадірлеуге,салт-дәстүрін пір тұтуға, ұлттық тағылымдармен сусындап өсетін халқының азаматы болуға баулу. Ұлыс тойы басталды.

Наурыз тойын көтеріп,

Жар салайық әлемге.

Көрмегендер көріңдер,

Естімегендер естіңдер.

Дабылын наурыздың ғажайып,

Шақырамыз бәріңізді ұлыстың ұлы күніне!

 

 

 
«Жасай бер, Жеңіс сарбаздары»! «Ерлік дастан жолымен», «Ерліктері ұмытылмас ерендер», «Бейбіт күннің барлығы – Жеңіс күні», Отан үшін от кешкендер!», «Ұлы Жеңіс ұмытылмайды», «Ерліктері ешқашан ұмытылмайды», «Бейбіт күннің барлығы жеңіс күні» (9 мамыр ҰОС Жеңісіне- 70 жылдық күніне орай)

Іс-шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған қасиетті мереке, - дей келіп, біз халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға ұрпақтың жалғасы екенімізді мақтан етеміз.

Ерлік пен елдіктің, қайтпас қайсарлық пен батырлықтың белгісіндей болған 9 мамыр мерекесіне де 70 жыл толып отыр. Ұлы Жеңіс әлем халықтары үшін де үлкен оқиға. Сұрапыл соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып-типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы - Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтардың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінің дәлелі.Мамыражай мамырдың шуақты күні төңірекке мерейін шашуда. Жеңіс туын желбіретіп өткен 9 мамыр мерекесі аудандық кітапханасында, басталды. Жаралы жылдар жаңғырығындай болып төгілген соғыс кезіндегі әндер шарықтай шалқып, омыраулары орден-медальдарға толы ардагерлер рухын шалқыта түскен, кешегі сұрапыл соғыста ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлестеріміздің есімі жазылған монумент алдына оқырмандар  барды, гүл шоқтарын қойып, еліміздің Тәуелсіздігі жолында шейіт болып, майдан даласынан оралмаған боздақтарды 1 минут үнсіз тұрып, естеріне алып, рухтарына тағзым етті.Елі мен жері үшін кеудесін оққа төсеп, жанқиярлықпен күрескен майдангерлер мен тыл ардагерлерін құттықтау.  Іс- шара соңында келген оқырман ардагерге сый-сыяпат табыс етті.

 

 

 

 

 

 
«Отан қорғау, әрбір жанның міндеті»,«Отан қорғау – абырайлы міндет», «Кәсіби армия қорғанымыз!», Ағалардан ақыл, інілерден ізет!», «Бұл күн- қаһармандық пен отаншылдық символы!», «Ел намысын ер қорғайды, ер ерлігін ел қолдайды», «Даңқты әскер – ел айбыны!» (Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай.)

Іс-шараның мақсаты: Оқырман бойындағы патриоттық сезімін жоғарылату, Отанына деген намысшылдығын, сүйіспеншілігін арттыру. Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілетін жоғары ұстауға дәріптеу.

Патриотизм сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылығымен қарау. Патриотизм, сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махабатты да білдіреді. Қазір патриот болу дегеніміз – республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тынбай нығайту, оны кез келген сыртқы қастандықтан қорғауға дайын болу, әскери міндетке жауапкершілікпен қарау деген сөз. Патриоттық және интернационалдық тәрбиедегі кемшіліктер моральдық саяси және психологиялық тұрақтылығынан жеке құрам бөлімшесінің ұрысқа дайындығына кері әсерін тигізіп жатады, тек нағыз патриот пен интернационалист қана бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар мен ұрыс жағдайында әскери борышын табандылықпен, ержүректілікпен орындауға қабілетті. Іс- шара соңында келген оқырман ардагерге сый-сыяпат табыс етті.

 

 

 

 
«Біргеміз, берік іргеміз!», «Дамудың сыры- бірлікте, табыстың сыры тірлікте», «Бейбіт болсын болашақ» 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстандағы  әр тұрлі  ұлттарды ынтымақтастықта, бірлікпен татулықта  өмір сүруді насихаттау.

«Біргеміз, берік іргеміз!» денген тақырыпта облыстық оңалту орталығында  мерекелік кеш  өтті.  Дамудың сыры- бірлікте, табыстың сыры тірлікте» екенін  баршаңыз білесіздер,  мұратқа жолын тапқан жетеді деген дей, еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің  бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздің барша этностары сол шаңыраққа уық болып қалуы тиіс. Ортақ Отанымыз – Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік етіп, түтінін түзу ұшыру- баршамыздың елдік мақсатымыз. Іс- шараның тәрбиелік мәні: Елімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлттар осынау баға жетпес байлықтың, тыныштық  пен  татулықтың  қадірін  жақсы түсінеді және оны бағалайды.

 

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Страница 2 из 2

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет