Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
| 15.09.2026 |
|
|
|
| Жаңалықтар - Іс – шаралар |
|
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада ұжым арасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың әр жылдары айтқан қазақ және орыс тілдеріндегі таңдаулы сөздері топтастырылған «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітапты талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның сөз басын кітапхана директоры Ахат Қанатұлы бастап, кітаптың мазмұнына тоқталып, ондағы ой-тұжырымдардың қоғамдағы әділеттілік, жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық және адамгершілік құндылықтарымен сабақтастығын атап өтті. Дөңгелек үстел барысында кітапхана қызметкерлері өз ой-пікірлерін ортаға салып, кітапта қамтылған өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Қатысушылар арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, әріптестер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Кездесу соңында қатысушылар кітаптағы тағылымды ойлардың күнделікті қызметте жауапкершілікпен еңбек етуге, ел дамуына үлес қосуға және қоғамдағы өзара құрмет пен сенімді нығайтуға бағыт беретінін атап өтті.
|
































