Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
| 29.09.2026 |
|
|
|
| Жаңалықтар - Іс – шаралар |
|
«Жігерлі жанмен жүздесу» 2026 жылдың 30 қыркүйек күні Шымкент қалалық арнайы кітапханасында өнерге құштар жандарға қолдау көрсетіп, шығармашылық жолына бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаз, өнер жанашыры Тамара Камалханқызымен және өнерлі жастарымызды Ресей мемлекетінде өткен халықаралық деңгейдегі үлкен фестиваль байқауларға қатысуына мұрындық болған, қолдап мүмкіндік жасаған сол кездегі «Үміт» мектеп интернатының директоры Нургазинова Биғайша Таутиевнамен «Жігерлі жанмен жүздесу» атты кездесу кеш болып өтті. Шараға «Сәт» триосы және республикалық, халықаралық деңгейдегі байқаулар мен өнер додаларында өнер көрсетіп жүрген зағип өнерпаздар қатысты. Олар өздерінің шығармашылық жолы, өнердегі жетістіктері мен ұстаздан алған тәлім-тәрбиесі туралы ой бөлісті. Кездесу барысында өнерпаздардың сахнадағы алғашқы қадамдары, байқаулардағы жетістіктері, шығармашылық ізденістері сөз болып, Тамара Камалханқызының шәкірттеріне берген бағыт-бағдары мен ұстаздық еңбегі кеңінен әңгімеленді. Кеш барысында «Сәт» триосының және талантты өнерпаздардың орындауындағы әндер көрермендерге ұсынылып, шығармашылық кездесу әсерлі музыкалық бағдарламаға ұласты.
|
































