Жаналықтар
06.05.2026

«Мәңгілік естен кетпес отты жылдар»

(9 мамыр Жеңіс күні 7 мамыр ҚР Отан қорғаушылар күні)

Бүгін Шымкент қалалық арнайы кітапханада 9 мамыр Ұлы жеңістің 81 жылдығына орай «Мәңгілік естен кетпес отты жылдар» мен «Қарулы күштер – Қауіпсіздік қазығы» атты мерекелік кеш өтті. ????????✨

Кешті кітапхана қызметкері Мүсілім Ләззәт Шорақызы жүргізді. Кеште алдымен соғыста қаза тапқан батырларға тағзым етіп, 1 минут үнсіздік жарияланды. Мерекелік кешті кітапхана директорының орынбасары Әбжаппар Эльмира Ақылбайқызы ашып, құттықтау сөз сөйледі. Кітапхана белсенді оқырмандары Д. Сейдазимова мен А. Тайтелеева және кітапханашы М. Ермаханова әннен шашу шашты.

Ән мен жыр шалқыған шығармашылық кеш кітапхана оқырмандарына ерекше әсер сыйлап, жүректерге жалынмен патриоттық сезім жаңғыра түсті.

9 мамыр Ұлы жеңістің 81 жылдығы ерлік пен ерліктің, даңқ пен еңбектің кең өрістеген бейнесін сомдағандай. Бұл мерекелік кездесу – өткенді ұмытпай, бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін бағалауға, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған тағылымды шара.

 
17,03,2026

«Жылы жүрек — өмір шуағы»

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Жылы жүрек — өмір шуағы» атты жазушы, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың тифло-редакторы Мадина Ермаханованың «Ұмтылыс» кітабының тұсаукесері өтті.

Шараны кітапханамыздың директоры, ф.ғ.к. А.Жаппаркулова ашып, жазушының шығармасы жайлы ойымен бөлісті.

Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар жазушының шығармасынан үзінділер оқып, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ – нің студенттері әдеби композиция орындады. Жазушының көзі көрмейтін және әлсіз көретін әріптестері жылы лебіздерін білдіріп, өлең жолдарын арнады.

Дәстүрлі әнші, термеші Тәттімбет Керей және кітапхана қызметкерлері Д.Тұрмаханова, А.Алдабергеновалар ән айтып, көрермендерге әдемі көңіл-күй сыйлады.

 
15.03.2026

ШЫМКЕНТТЕ РЕФЕРЕНДУМ АЯСЫНДА АРБАТ АЛАҢЫНДА КІТАП ЖӘНЕ ҚОЛӨНЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Шымкент қаласында референдум аясында Арбат алаңында кітап көрмесі мен қолөнер шеберлерінің, сондай-ақ баспа үйлерінің қатысуымен көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды.

Алаңда қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі жанрдағы кітаптар ұсынылып, ұлттық қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. Бұл шара рухани құндылықтарды дәріптеп, кітапқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталды.

Аталған іс-шараға біздің Арнайы кітапхана да белсенді қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарына нүктелі-бедерлі кітаптарды, сондай-ақ бисермен тізілген ерекше қолөнер жұмыстарын таныстырды. Көрермендер ерекше форматтағы кітаптармен танысып, қолөнер туындыларына қызығушылық танытты.

Жәрмеңкенің қорытындысы қазақы нақышта өтті. Ұлттық киім киген қатысушылар Арбат алаңында ән айтып, би билеп, мерекелік шерумен іс-шараны әсем көңіл-күймен аяқтады.

 
01.06.2025

1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Балалар – біздің болашағымыз, біздің армандарымыз бен үмітіміздің жарқын көрінісі. Бүгін, 1 маусым күні, Шымкент қаласының Орталық саябағында ерекше мереке – Балаларды қорғау күніне арналған концерт өтті. Бұл шарада балалар өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылықтарын паш етті. Әрбір бала өзін ерекше сезініп, өнерге деген сүйіспеншілігі арта түсті. Балаларымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен мейірім кетпесін!

1 МАУСЫМ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРЛЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Қымбатты балалар мен ата-аналар!

Арнайы кітапхана ұжымы сіздерді шын жүректен Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтайды! Бұл күн — балақайлардың күлкісі мен бақытын қорғау, оларға жарқын болашақ сыйлау жолында атқарылар істердің маңыздылығын еске салатын ерекше мереке. Кітап — баланың ой-өрісін кеңейтіп, қиялын ұштайтын ең сенімді дос. Біз балалардың білімге құштар болып өсуіне жағдай жасауға әрдайым дайынбыз! Балалық шақ — өмірдің ең жарық, ең нәзік кезеңі. Әр бала махаббатқа, қамқорлыққа және шығармашылыққа толы ортада өсуге лайық! Балаларымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен мейірім кетпесін! Бақытты балалық шақ — жарқын болашақтың кепілі!

 

 
27.05.2025

АРНАЙЫ КІТАПХАНА ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысы   Бауыржан Орынтаевтың бұйрығымен «Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана» мемлекеттік коммуналдық мекеме директоры лауазымына Ахат Қанатұлы Нысанбеков тағайындалды

Ұжымды ұйыстырып, биік белестерге жетелейтін көшбасшы болатыныңызға сеніміміз мол!

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 1 из 11