Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
05022025 |
«ӨЛЕҢ ӨТКЕЛДЕРІ» («Өлең сөздің патшасы» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі ақын, көптеген марапаттардың иегері Омархан Алтынбекұлы Дауытовпен кездесу) Шымкент қалалық арнайы кітапхана төрінде кітапхана оқырманы, І топ көзмүгедегі «Өлең сөздің патшасы» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі ақын, көптеген марапаттардың иегері Омархан Алтынбекұлы Дауытовтың шығармашылығына арналған «Өлең өткелдері-2» жыр жинағының таныстырылымы болып өтті. Өлең өткелдері деп аталатын айтулы кешті ақын, кітапхана қызметкері Бакиев Ербек Мейрамбайұлы жүргізді. Кешті кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы құттықтау сөз сөйлеп, ашып берді. Кешке Омархан Алтынбекұлының шығармашылығына қолдау танытып, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан Жазушылар одағының мүшесі, айтыскер ақын сүйегіне сөз сіңген сөз шебері Бөрібай Оразымбетов, әнші, сазгер бірнеше әндердің авторы Роза Есенгелдиева тағы басқа өнер адамдары қатысып, ақынның шығармашылығына шабыт пен табыс тіледі. О.Дауытовтың сөзіне жазылған көптеген әндерді Роза Есенгелдиева өз нақышында орындаса, кітапхана оқырманы, Камал Тоғжан сонымен қатар кітапхана қызметкерлері ақын жырларын көрермен жүрегіне жеткізе толғады. Көрермен тарапынан авторға түрлі сұрақтар жолданды. Қаламгер өз ойын жоғары деңгейде жеткізе жауап берді. Аталған шара өңірлік ақын жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында кітапхана оқырманы Талиев Алладин қаламгердің құрметіне ән шашуын арнады. Кеш соңында Омархан Алтынбекұлына арнайы сый-сиапат пен алғыс хат табысталып кеш қонағымен оқырмандар естелік суретке түсіп, көңілді тарасты. Сырға толы әсерлі әңгімелер мен жауһар жырлар ел есінде сақталып қалары ақихат. Айтулы кешке ХанTV телеарнасының тілшілері арнайы келіп, түсірілім жасап, ақпараттық қолдау көрсетті. Жаңалықтардан эфирге беріледі. |