Жаналықтар
«Алтын кітабы»

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың қызметкерлері Ербек Бакиев пен Мадина Ермаханова Қазақстанның «Алтын кітабы» медалімен марапатталды. Ұжымның атынан жалынды жастарға толағай табыстар мен зор денсаулық, қызметте мол жетістіктер тілейміз.

 
2020 жыл Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы

«2020 жыл Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы» эстафетаның жабылу салтанатында Абай ескерткішінің жанында Шымкент қаласындағы бес қалалық кітапханалардың ұйымдастыруымен, қаламгерлердің, зиялы қауымның, оқырмандардың қатысуымен "Әдебиет және Поэзия" алаңының ашылуы өтті.   Саябақтың кіреберісінде кітап алмасуға мүмкіндік беретін букривер ұйымдастырылды. «Әжелер» ансамблі табиғи дауыста түрлі әндер шырқады. Эстафетаны Душанбе қаласына тапсыру аясында, қоржындары "Шымкент қаласының 2200 жылдығына" арналған сый-сиапаттарға толтырылған "Керуен шеруі" де тамаша көңіл-күй сыйлады

 

 
30102020

Жеңістеріңіз құтты болсын!!!

Батыс Қазақстан облыстық арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен карантин кезеңінде «Мен қазақпын» тақырыбында  Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын, Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойына орай, онлайн режимінде байқау өтті. Байқаудың  қорытындысы бойынша Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана қызметкері Мадина Ермаханова III орынды иеленсе,  кітапхана оқырмандары Л.Төребекқызы мен Г.Османқызы Алғыс хатпен марапатталды. Байқауды ұйымдастырған әріптестерімізге кітапхана атынан Алғысымызды білдіреміз.

 
Адам саудасына жол жок 2020

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және адам саудасына қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отыз сегізінші отырысы өткізіліп, қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Осыған орай, Шымкент қалалақ көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының қызметкерлеріне Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және адам саудасына қарсы күрес мәселелерiне қатысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Winrock Internatiоnal» халықаралық ұйымымен бірлесіп дайындаған адам саудасы проблемасы туралы аудио және бейнероликтерді экранда орналастырып, қазақ және орыс тілдерінде көрсетілді. (https://cloud.mail.ru/public/7WzE/FCdCNHAEL, https://yadi.sk/d/9cTDshOasjbD4w)

 
«Поэзия - менімен егіз бе едің»

18-ақпанда Шымкент қалалық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада «Тағдырластар» клубының «Поэзия - менімен егіз бе едің» атты кезекті басқосуы өтті. Іс-шараға аудандар мен қаламыздан келген оқырмандар, №8 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының демалушылары қатысты. Ербек Бакиев, Гүлмира Оразова, Мадина Ермаханова қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтің жырларын оқып, әншілер Айнұр Смандияр, Рүстем Таиров және іс-шара қонағы Жұлдыз Қабылбекқызы әсем әндерін көпшілікке тарту етті. Ал жас ақын Сезім Мергенбай өзінің қаламынан туған бірнеше жырларын оқып өтті. Клуб жетекшісі Ербек Бакиев поэзиямен байланысты сауалдар қойып, қызықты ойындар ойнатып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыстады. Поэзияны терең ойға бағындырған ақындардың жыррларымен, құлақ құрышын қандырар әсем әндермен сусындаған оқырмандар алғыстарын білдіріп, ерекше көңіл күймен тарасты. Кеш соңында Ж.Қабылбекқызына кітапхана директоры Б.Нурманбетовтың атынан арнайы алғыс хат табыс етілді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Келесі > Соңы >>

Страница 5 из 9