Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
Жылулық оты сөнбесін жүректерде |
10 ақпанда Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен «Еріктілер» жылы аясында № 8 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына және Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының оқушыларына «Жылулық оты сөнбесін жүректерде» атты концерттік бағдарламасын тарту етті. Концерттік бағдарламада биылғы жылдың айтулы даталарына тереңірек тоқталып ақпараттар берілді. Әбу насыр Әл-фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Шымкент қаласының 2200 жылдығы жайында айтылды. Кітапхана қызметкерлері Балташ Еңсепбаев, Мадина Ермаханова әуелетіп ән шырқаса, Сейілхан Жарымбетов маңызды мағлұматтармен бөлісті. Гүлмира Оразова, Ербек Бакиев өлең оқып, жырдан шашу шашты. Сонымен қатар Ақмарал Тоқсанбаева, Нүрия Набиева тақырыпқа сай кітап көрмелерін жасақтап, көрермен назарына ұсынды. Аталмыш концертті ерекше тамашалаған орталық демалушылары мен мектеп оқушылары өз алғыстарын жеткізді. «Үміт» мектеп-интернатының директор орынбасары Ақтолқын Ағабекова сөз алып өз ризашылығын жеткізіп, кітапхана ұжымына рахметін жолдады.
|