Калдаяков

Құрастырушыдан

Шәмшіге айт, Тағы бір таңдандырсын.

Жандандырсын жүректі, жандандырсын!

Мәңгілік махаббатым айта жүрер,

Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын.

Мұқағали

Қазақ вальсінің құдіреті, белгілі композитор, Мемлекеттік Әнұранның музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 80 жыл  толуына орай Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған  арнайы  кітап-ханасы  «Қазақ әнінің патшасы» атты библиография-лық көрсеткіш дайындады.

Көрсеткіш қазақ және орыс тілдерінде құрастырыл-ған.

Библиографиялық көрсеткіш құрылымы:

─  Шәмші Қалдаяқовтың өмірі;

─  Ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқов туралы ел зиялыларының ыстық ықыластары мен лебіздері;

─  Шәмші ағаға арналған өлеңдер;

─ Ш. Қалдаяқов туралы әдебиеттер және мерзімдік басылымдардан алынған мақалалар тізімі;

─  Пайдаланылған құжаттар.

Көрсеткіш кітапхана мамандарына, филиал кітап-ханашыларына, мұғалімдерге, студенттерге, оқушылар-ға және өнер сүйер қауымға арналған.

 

 

Шәмші Қалдаяқов

(1930-1992ж.ж.)

Шәмші 1930 жылы тамыз айының 15 жұлдызында қазіргі Отырар ауданы «Сарыкөл» елді мекенінің, дариядан «Сарыкөл» көліне құяр сағасында өмірге келген.

Әкесі Қалдаяқ Кіші жүздің Жағалбайлы ұрпақ-тарынан еді. Шешесі Сақыпжамал созақтық төрелер (Шәді төре) ұрпақтары еді.

Шығармашылықпен 20 жасынан бастап айналысқан Шәмші Қалдаяқов 1956-62 жылдары Алматы консер-ваториясында оқыды. 40 жылда композитор 300-ге жуық музыка жазған екен. Өзінің қайталанбас қолтаңбасымен қазақ халқының ән өнерін бір белеске көтерді. Батыс вальсін қазақ табиғатымен үйлестіріп, ұлттық төл өнер қатарына қосты.

Шәмшіні – Шәмші еткен халқы, қазақ жұрты. Қазақ әнінің қадірін білетін, қазақ өнерінің, сөзінің, поэзия-сының  қадірін  білетін  қарапайым халық  Шәмшіні  ту

 

 

қылып ұстады. Сол күш берді Шәмшіге, сосын Шәмші-ні өнерін қолдайтын, оның өнерімен айналысқан өнер-

паздардың да ең бір сүйетіні осы елдің қолдауы болды.

Тұла бойы өнерге тұнған ұлы композитор XX ғасыр-дың қиындығын аз көрген жоқ. Асау арманын  қамшылап, барлық пендешілікті жеңіп, бүгінгі XXI ға-сырға қазақ музыкасының классигі болып енді. Арамыздан кеткеніне көп жыл болса да, оның әндері уақыт озған сайын жаңғырып, жасара береді.

Шәмші әндері қазақтың ұлттық өнерінен бастау алғандықтан сахнада айтылып жүр және қазақ халқы тірі тұрғанда айтыла бермек. Оған  дәлел – ұлы сазгерге қазақ халқының сенбес ықыласы. Оған дәлел – 1991 жылдың өзінде, сазгердің көзі тірісінде түсірілген «Жылдарым менің, жырларым менің» деректі фильмі және 2002 жылы жарық көрген «Шәмші ғұмыр» атты естеліктер мен мақалалар жинағы. Оған дәлел – 1992 жылдан бері Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән байқауының дәстүрге айналуы. Бәрін бірдей тізіп шығу мүмкін емес, әрине.

Шәмші әнінің бойды билер құдіреті неде? Сөз жоқ, ең бірінші, әуен мен мәтінінің  өзара қиюласып, қабысып тұруында. Бірден бойды кернеп, Абай айтқандай ,,көңілге түрлі ой салар,, оның сазды әуеніне жетер не бар?! Әндерінің мәтіндері қарапайым. Қазіргі кейбір әндердің мәтініндей әсем сөздердің жиынтығы емес, бірақ жүрек сезімін қалай жеткізеді десеңізші!

 

Шәмшінің әндері мәңгілік шырқала берсін! ,, Менің Қазақстанымға,, рухымыз көтеріліп, ,,Қайықта,, демалып, ,,Бақыт құшағында,, көңіліміз көнши берсін! Қазақтың қыздары ,, Бәрінен де сен сұлу,, ата-нып, ,,Ақ бантиктен,, ажырамай, ,, Арыс жағасында,, гүл теріп жүре берсе екен дейміз.

 

 

Шәмші отбасымен. Жары Жәмила, ұлдары: Әбілқасым мен Мұхтар.

Ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқов туралы ел зиялыларының ыстық ықыластары мен лебіздері

 

♫♫♫♫

«Аэропортқа жиналған елде есеп жоқ. Құшақтары гүлге толған сан мыңдаған үнділер толқындай тербеліп, қазақ әнін қалықтата салғанда олар түгел қазақ боп кет-кендей көрінді.

Мен үшін бұдан асқан сый, бұдан асқан қуаныш  жоқ еді. Дәл осындай рухани ләззатты бұрын-соңды сезінген емеспін.

Қазақ әні Үндістан аспанында шырқалған тұста үш рет: «Тәубе! Тәубе! Тәубе!» дедім.

Алматыға келгеннен кейін мен Шәмшіні іздестіре бастадым. Ол өз алдына бір әңгіме ».

Дінмұхамед Қонаев

♫♫♫♫

Қазақ өнерін білгісі келетіндер Қастеевтің  сурет-терін, Қалдаяқовтың әндерін зерттеулері керек.

Ғабит Мүсірепов

 

♫♫♫♫

Тегі, Шәмшінің тұла бойы, бүкіл болмысы әнге тұнып тұрғандай болып көрінетін. Оның әндері вальс түрінде жазылғанымен, ұлттық нәрін сақтап, халық

 

әуендерімен үндесіп жатқандықтан тыңдаушыны бірден баурап алып кете беретін.

 

♫♫♫♫

 

Шәмші Қалдаяқов асқан дарын иесі еді. Оның бауырмалдығы, шектен тыс қарапайымдылығы, биязы-лығы, барға қанағат ететін тоқмейілділігі оны өзгелер-ден биік етіп көрсететін.

Өзбекәлі Жәнібеков

 

♫♫♫♫

 

Бүкіл исі қазақ жұртына Шәмші Қалдаяқов деген атпен мәшһүр болып, халқына әннен әсем мүсін құйған тамаша талант иесі. Оның дәстүрге айналған фестивалі-нің туған жеріне, Отырарға оралуы заңды да тарихи жағдай.

Мұхтар Әлиев

♫♫♫♫

 

Менің өмірімде екі Мұхтар болды. Бірі - әкемдей болған ұлы жазушы Мұхтар  Әуезовте, екіншісі –үлкен ақын, айтулы тұлға, менің інім Мұхтар Шаханов.

Ал Шәмші Қалдаяқов - ән падишасы, ол бір қазаққа емес, бүкіл адамзатқа ән салдырған аса талант иесі.

Шыңғыс Айтматов

 

 

 

♫♫♫♫

 

Шәмшінің кеудесінен күмбірлеп тұрған әнін әуеле-тіп шырқаған сайын жайлауда жүргендей жарқын әсер-ге бөлендім.

Роза Бағланова

♫♫♫♫

 

Шәмші тау бұлағындай таза әуенімен ән – жырға сусаған халқының мейірін қандырды.

Бибігүл Төлегенова

♫♫♫♫

 

Шәмші... қазақ эстрадасында жаңаша тыныс, жылы леп әкелген теңдесі жоқ талант...

Қазақта Шәмші біреу- ақ, ол қайта тумайды. Шәмшінің әндері  XX ғасырдағы қазақ эстрадасының паспорты.

Сара Тыныштығұлова

♫♫♫♫

 

Шәмші – исі қазақтың, қала берді, түркі тұқымдас-тың рухани, туын көкке көтерген тумысы текті тұлға! Ол өлгенді сыйлағанға - әруақ, өнерді сыйлағанға – өнеге, елді сыйлағанға – рух!

Исрайыл Сапарбаев

 

Қос дарын. Шәмші өз әндерінің орындаушысы, өнер майталманы Роза Бағлановамен бірге.

Шәмші ағаны еске алу

Әнің қалды жүрегімде таңба боп,

Сол таңбамен оянайын таңда көп.

Биіктерден естілсе асыл әнің,

Тыңдай қалар жүрегім жанған от боп.

 

Әнің қалды «Арыстың жағасында»,

«Ақ бантигің» қыздардың санасында.

«Менің қазақстаным» - әнұраным,

Шырқалады бейбіт ел, аспанында.

 

Шәмші аға, жұлдыз болып жанған аға,

Ән жаздың ғашықтарды тамсандыра.

Өзің мәңгі жасайсың халқыңменен,

Өшпейтұғын өмірлік әнің барда.

Ем көрмеген жүрекке шипа болған,

Асыл әнің сыр мен жырға толған.

Жан дүниемді тебірентіп елжіретер,

Асыл мұраң заман мен қайта туған.

 

Арман қуып өнер жолын іздегем,

Шабыттанам әндерімен күнде мен.

Халық ұлын –ғасыр бізге сыйлаған,

Ұрпақпыз үлгі алатын біз өзіңнен.

Шәмші аға, Отырардың ерке туған ұланы,

 

 

 

 

Шарықтаған «Ақмаңдайлың», «Ақсұңқарың» жыр әні

Аспанында қалықтар халқымыздың қыраны,

«Арайлым, Ақ Келесім», «Жігіттердің» тұмары.

 

Әнің қалды жүректе бүлкілдеген,

Ашпай кеттің көп сырды өзіңменен.

Қамшының сабындай боп қысқа ғұмыр,

Алып кетті өзіңді ерте бізден.

 

Ербек Бакиев.

Шәмші рухына

Қыз болып, қылымсып танысқам жоқ,

Жігіт боп стақан да қағысқам жоқ.

Сенімен жақын едім, біліс ем деп,

Атағың шыққан кезде жабысқам жоқ!

 

 

«Туғаннан қам сүт емдік, піскен емес,

Күнәміз таудан үлкен, кішкене емес,

Тағы да сонша күнә қосса дағы,

Тәңірім кешем десе, ештеңе емес!»

 

 

Дегенсің «күнә» аты басқа кезде,

Бүгінде жүрек – түтін, ақша – көзде!

Сен айтқан ұят бұл күн жарнама боп,

Көзіңді ұялтады баспасөзде!

 

Кімге айтам жүректегі базынамды,

Өмірдің көбі кетіп, азы қалды.

Бірінің ел есінде қалғаны жоқ,

Жалдап пен маскүнемдер қажы барды!

 

 

Байлықтай ауа жетпей қайраңдағы

Қай талант тірісінде жайраңдады?!

Күнәсіз әулием деп табынайын,

Өнердің өлмейтұғын Пайғамбары!

 

Ханбибі Есенқарақызы.

ШӘМІЛ-АУ!

ШӘМШІ ҚАЙДА? ШӘМШІ ҚАЙДА?

...Сол күндер ғой –жүректің

аңсағаны,

Соған шөлдеп, айызың тамсанады.

Өкініш пе білмеймін, қуаныш па,

Өз-өзінен жүрегім ән салады.

 

Әнсіз өмір ме, қаңсымай ма,

Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма.

Махаббатқа арнап бір ән шығарсын,

Шәміл-ау!

Шәмші қайда?

Шәмші қайда?

Шәмшіге айт,

Тағы да бір таңдандырсын,

Жандандырсын жүректі,

жандандырсын!

Мәңгі өлмес Махаббатым айта жүрер!

Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын!

Мұқағали Мақатаев.

Байтақ елім, бай елім, Менің Қазақстаным!

– деп мақтанар еді Шәкең.

Ш. Қалдаяқов туралы ЖБШ әдебиеттер

 

 

85.319(5Қаз)ОҚ  Қалдаяқов, Ш.

Қ 25                          Бақыт құшағында [Мәтін]: әндері-

нің толық жинағы   / Ш. Қалдаяқов.-

Алматы: Өнер,2006.-96 бет.

 

85.31(5Қаз)ОҚ  Қалдаяқов, Ш.

Қ 25                        Бақыт құшағында [Мәтін]  / Ш. Қал-

даяқов.-Алматы: Өнер, 2006. - 168 бет.

 

85.94(5Қаз)Қаз-ОҚ  Қалдаяқов, Ш.

Қ 25                                Менің Қазақстаным [Мәтін]:

әндер жинағы  / Ш. Қалдаяқов.-

Алматы: Өнер,1981. - 171 бет.

 

85.319(5Қаз)ОҚ  Қалдаяқов, Ш.

Қ 25                       О, гитара! Сыған серенадас

[Мәтін] : әндер жинағы  / Ш. Қал-

даяқов; құраст. Ө. Спанов.-Алматы

ЖШС Әуен, 2000. – 64 бет.

 

85.31(5Қаз)ОҚ          Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдыр

М 36                   ған [Мәтін]: Шәмші  Қалдаяқов  тура-

лы естеліктер.-Алматы: «Білім» баспа

сы, 2007.-296 бет.

 

 

 

 

85.3(5Қаз)ОҚ        Шәмшіғұмыр [Мәтін] / Жинақты                               Ш 34                   дайындаған  А.Ақылбек.-Алматы

Нұрлы әлем, 2002.-240б.

 

85.94(5Қаз)ОҚ      Шәмшінің әндері [Мәтін] : таңдама-

Ш 34                 лы әндер  / Құраст.  Қ. Байділдаұлы.-

Алматы: Кітап,2009.-56б.

 

85.94(5Қаз)           Шәмшінің әндері [Мәтін] / Құраст.

Ш 34              Б.Хабдина.- Алматы : Өнер, 1993.-64 бет.

 

85.314(5Қаз) ОҚ  Шәмші әндері [Мәтін]: әндер  жинағы

Ш 34              Т. Байтасов.- Шымкент: Алтын алқа,

2007.-96 бет.

 

85.9(5Қаз)ОҚ     Шәмші:Шәмші Қалдаяқовтың әндері

Ш 34            және ақындығы туралы кітап [Мәтін]

/ Құраст.К.Әмір-Бек.- Алматы: Нақ-нақ,

2002.-280 бет.

 

 

Ш. Қалдаяқов туралы үндендірілген әдебиеттер

 

85.319(5Қаз)       Қалдаяқов, Ш.

Қ 25                        Композитор  Шәмші Қалдаяқовтың

әндері [Мәтін]  / Ш. Қалдаяқов.-Алма-

ты, 2003.-1мфк.

 

85.314(5Қаз)ОҚ  Қалдаяқов, Ш.

Қ 25                        Шәмшінің әндері  [Мәтін] / Ш. Қал-

даяқов.-1мфк.

 

Мерзімдік басылымдарда

жарияланған Ш. Қалдаяқов туралы мақалалар тізімі

 

Әлқожа, Р.

Шәмшіге сыр [Мәтін] / Р. Әлқожа // Ақ жол Қазақ-стан.-2004.-№32.-Б.12.

 

Бәкір, Қ.

Шәмшінің сазгер шәкірті [Мәтін] / Қ. Бәкір //Замана .-2004.-31 мамыр.-Б. 7.

 

Дәуіт, О.

Оңтүстікте шық түскенде Шәмші байқауы баста-лады [Мәтін] / О.Дәуіт // Түркістан.-2004.-14 қазан.-Б.8.

 

 

 

Мәңгілікпен астасқан ән-ғұмыр [Мәтін] // Жас алаш.-2004.-14 тамыз.-Б.3.

 

Молдабек, Ш.

Шәмші байқауы жаңа есімдерді анықтады [Мәтін]

/ Ш. Молдабек // Қазақстан заман.-2004.-№42.-Б.14.

 

Ордабеков, С.

Феномен [Мәтін]/С.Ордабеков//Егемен  Қазақстан .-2004.-12 қараша.-Б.8.

 

Рүстемов, М.

Ел еркесі – Шәмші [Мәтін] / М.Рүстемов // Өртең.-2004.-№35,36,37,38,39.-Б.7.

 

Рүстемов, М.

Тектінің тұяғы [Мәтін] / М.Рүстемов //Оңтүстік Қа-зақстан.-2004.-№51.-Б.4.

 

Баяндин, Қ.

Ән қанатында [Мәтін] / Қ. Баяндин // Жұлдыз.-2005.-№5.-Б.74.

 

Құсайынов, Ә.

Мені де іздейтіндер бар екен ғой [Мәтін] / Ә. Құсай- ынов // Ақ жол Қазақстан.-2005.-28 қаңтар.-Б.10.

 

 

 

 

 

Рүстемов, М.

Ел еркесі – Шәмші [Мәтін] / М.Рүстемов // Өртең.-2005.-№3.-Б.7.

 

Тұржан, С.

Өз ағам [Мәтін] / С. Тұржан // Түркістан.-2005.-

29 желтоқсан.-Б.6.

Сазгер Шәмші Қалдаяқов туралы үзік сыр.

 

Айтбайұлы, Ө.

Абай – сөз құдіреті болса, Шәмші саз құдіреті [Мәтін] / Ө. Айтбайұлы // Жас қазақ үні.-2006.-№37.-Б.3.

 

Ахметов, Т.

«Шәмші Қалдаяқов.Соңғы жеті ай» [Мәтін] / Т. Ах-

метов // Егемен Қазақстан.-2006.-31 мамыр.-Б.13.

 

Әліп, Ә.

Қасиет қонған Қалдаяқовтар [Мәтін] / Ә. Әліп

// Шымкент келбеті.-2006.-22 қыркүйек.-Б.4.

 

Ән падишасының әлемі [Мәтін] // Жас қазақ үні.-2006.-№37.-Б.5-7.

 

Бақ кетсең, бақыл бол, Шәмші! [Мәтін] // Жалын.-2006.-№9.-Б.54-58.

 

 

 

 

Қыдырбек, Г.

Шәмші әндері – мәңгілік! [Мәтін] / Г. Қыдырбек

// Шымкент келбеті.-2006.-8 қыркүйек.-Б.8.

 

Майлыбаева, А.

Ән-ғұмыр [Мәтін] / А. Майлыбаева //Оңтүстік Қазақ-стан.-2006.- 24 тамыз.-Б.1,3.

 

Нүсіпжан, Н.

Шәмшінің әні [Мәтін] / Н.Нүсіпжан // Егемен Қазақ-стан.-2006.- 20 қыркүйек.-Б.4.

 

Тұржан, С.

Шәмшімен болған бір апта [Мәтін] / С.Тұржан

// Оңтүстік Қазақстан.-2006.- 26 тамыз.-Б.4.

 

Алтаева, Ү.

Вальспен тербелген жасыл қала [Мәтін] / Ү. Алтаева // Оңтүстік Қазақстан.-2007.- №145.-Б.2.

Айдар Ниязовпен сұхбат

«Менің Қазақстаным» Шәмші фестивалі.

 

Барболұлы, Ә.

Шәмшінің әсем әндері – ай [Мәтін] / Ә. Барболұлы

// Шымкент газеті.-2007.-1 ақпан.-Б.12.

 

Белгібай, Ә.

«Сыған қызы» - мұңлы әні, «Дүнген қызы арма-ны»...(«Сыған серенадасы»...) [Мәтін] / Ә. Белгібай

// Оңтүстік Қазақстан.-2007.- 27 ақпан.-Б.4.

 

Дәулетбайұлы, С.

Ұлықтай білсек, қанекей [Мәтін] / С.Дәулетбайұлы

// Дөңгеленген дүние.-2007.- №44.-Б.2.

Шәмші туралы.

 

Жанысбай, М.

Шәмшінің әндері көл бетінде шырқалды [Мәтін]

/ М. Жанысбай // Айғақ.-2007.- №38.-Б.10.

 

Қазақ әнінің патшасы [Мәтін] // Ұлағат.-2007.- №1.-Б.1.

 

Қалдаяқов – таусылмайтын қазына... [Мәтін]

// Оңтүстік Қазақстан.-2007.- 22 қыркүйек.-Б.2-3.

 

Өміров, Е.

Қазақ рухының шыңы [Мәтін] / Е.Өміров // Айғақ.-2007.- 24 қаңтар.-Б.14.

 

Рыскелдиева, С.

Сағынтады Шәмші ағаның өлкесі [Мәтін]: өлең

/ С. Рыскелдиева // Айғақ.-2007.- №32.-Б.10.

 

Сопбекова, Т.

«Көлдегі» керемет кеш [Мәтін] / Т. Сопбекова

// Шымкент келбеті.-2007.- 28 қыркүйек.-Б.6.

Шырайлы Шымкентте Шәмшінің шығармалары шырқалды.

 

 

 

Тайжан, Б.

Бар қазақты әнімен тамсандырған Шәмші Қалдаяқов [Мәтін] / Б. Тайжан // Егемен Қазақстан.-2007.- 26 қыр-күйек.-Б.3.

 

Алтаева, Ү.

Шәмшінің аманаты [Мәтін] / Ү. Алтаева // Оңтүстік Қазақстан.-2008.- 14 тамыз.-Б.6.

 

Аханбайқызы, А.

Шәмшінің моторы [Мәтін] / А. Аханбайқызы // Ай-қын.-2008.- №17.-Б.25.

 

Әділханов, Н.

«Оралды әнұран боп Қалдаяқов» [Мәтін] / Н. Әділ-ханов // Оңтүстік Қазақстан.-2008.- 2 қазан.-Б.3.

Шәмші фестивалі.

 

Әтенов, М.

Шәмшімен кездесулерім  [Мәтін] / М. Әтенов // Ата-лар сөзі. - 2008.- №5.-Б.6.

 

Бодаубай, Б.

Бәрін Мәскеу шешетін заман еді [Мәтін] / Б. Бодау-

бай // Егемен Қазақстан.-2008.- 30 шілде.-Б.8-9.

 

Жабатаев, К.

Вальстің королі [Мәтін] / К. Жабатаев // Болашақ.-2008.- №29.-Б.7.

 

 

Жабатаев, К.

Вальстің королі [Мәтін] / К. Жабатаев // Болашақ.-2008.- №30.-Б.7.

 

Жабатаев, К.

Вальстің королі [Мәтін] / К. Жабатаев // Болашақ.-2008.- №31.-Б.7.

 

Жанқабыл, Е.

Шәмшінің әуелгі концерті немесе «Анама» әні қалай туды? [Мәтін] / Е. Жанқабыл // Дала.-2008.- №3.-Б.30-31.

 

Елтайұлы, К.

Мерейтой Манкенттен басталып еді... [Мәтін]

/ К. Елтайұлы // Оңтүстік Қазақстан.-2008.- №32.-Б.6.

 

Қалыбекова, Ә.

Дүние бүгін ән салып тұр ғой Шәмші деп! [Мәтін]: өлең / Ә. Қалыбекова // Дөңгеленген дүние.-2008.- №31.-Б.1.

 

Майлыбаева, А.

Композитор Қалдыбек Құрманәлі: «Шәмші жобасын бизнес биігіне жеткізгім келеді» [Мәтін] / А. Майлы-баева // Оңтүстік Қазақстан.-2008.- 16 ақпан.-Б.8-9.

 

 

 

 

 

Мырзаханұлы, Т.

Сол бір кездесу [Мәтін] / Т.Мырзаханұлы // Айғақ.-2008.- №37.-Б.7.

Шәмші ағаны еске алу.

 

Сәкенұлы, З.

Жақсымен аз ғана күн болсаң жолдас [Мәтін]

/ З. Сәкенұлы // Айғақ.-2008.- №33.-Б.9.

Шәмші туралы бір үзік сыр.

 

Сәкенұлы, З.

Шәмшімен өткен күндер [Мәтін] / З. Сәкенұлы

// Оңтүстік Қазақстан.-2008.- 11 қазан.-Б.12.

 

Шапиян, М.

Шәмші Қалдаяқов [Мәтін] / М. Шапиян // Жұл-дыздар отбасы.-2008.- №23.-Б.21-25.

 

Жанәбіл, С.

Шәмші [Мәтін] / С. Жанәбіл // Оңтүстік Қазақстан.-2009.- № 121-122.-Б.8.

 

Ниязов, А.

Әнғұмыр [Мәтін] / А.Ниязов // Оңтүстік Қазақстан.-2009.- № 139.-Б.6.

 

Нұрлыбайқызы, Ұ.

Шәмші дүниеге келген күн [Мәтін] / Ұ. Нұрлыбай- қызы // Айғақ.-2009.- № 32.-Б.9.

 

Рүстемов, М.

Шәмшінің шыңы[Мәтін] / М. Рүстемов // Оңтүстік Қазақстан.-2009.- № 31-32.-Б.6.

 

Тұрғынов, Е.

Ол өте қарапайым адам еді [Мәтін] / Е.Тұрғынов

// Жалын.-2009.- № 8.-Б.79-80.

 

Послание президента

  КОНСТРУКТИВНЫЙ ОБЩЕСТВЕННЫЙ ДИАЛОГ – ОСНОВА СТАБИЛЬНОСТИ И ПРОЦВЕТАНИЯ КАЗАХСТАНА   Уважаемые соотечественники! Уважаемые депут...

Государственные Символы РК

Государственные символы Республики Казахстан Государственный Флаг Республики Казахстан Государственный Флаг Республики Каза...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic