Онлайн-кітапханасы

Құрметті оқырмандар!

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы  көру қабілеті нашар мүгедектерге арналған  Бірінші Халықаралық «Логос» онлайн-кітапханасымен бірлесіп жұмыс жасауда.

Тіркелу үшін 87761040294 телефоны бойынша Кожахметов Марат Саулекалиевичке хабарласуыңыз керек.

Тіркелгеннен кейін, Сіз av3715.ru ресурсына кіре аласыз, онда сіз әртүрлі бағыттардағы 50 000-нан астам аудио кітаптары бар «Логос» онлайн-кітапхансынан кітаптарды тегін жүктеп, тыңдай аласыздар.

 
« Ұмытылмас ұлы тұлға»

2020 жылдың 19 ақпанында Шымкент қалалық  көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында оқырмандар арасында  Әбу Насыр әл-Фарабидің  1150 жылдығына арналған « Ұмытылмас ұлы тұлға» атты іс-шара өтті.

Іс-шараға М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті Белгібай Жанар Құрманқызы мен тарих ғалымдарының кандидаты, профессор Қосанбаев Сәкен Құрманбекұлы және педагогика ғылымдарының кандидаты Құрбаналиев Буыржан Өмірзақұлы қонаққа келіп,  Әбу Насыр әл- Фарабидің өмірі мен еңбектері жайлы баяндамаларын екі тілде оқырмандарға   таныстырды. Сонымен қатар, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп өтті. Бауыржан Өмірзақұлы Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қала» трактатына тоқталып әңгіме өрбітті. Трактатта ізгілікті қоғам болмысының негізгі тетіктері мен қажетті шарттары туралы жан-жақты талданып, зерделенді. Іс-шара соңында кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы келген қонақтарға өнегелі ойлары мен әсерлі әңгімелерін айтып, рухани байлыққа бағыт дарытқаны үшін ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыстады.

 

 
Ескірмеген махаббат

12 ақпанда Шымкент қалалық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада Қазақстан Республикасының халық әртісі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты әнші компазитор Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевтың 80 жылдығына арналған « Ескірмеген махаббат» атты ән кеші өтті. Кеште компазитордың өмір жолы мен шығармашылық белестері, атақтары жайында кеңінен таныстырылды. Кітапхана қызметкері Мадина Ермаханова және кітапхананың талантты оқырмандары Айнұр Смандайияр, Бақдәулет Құрал, Бердібек Жолдасбеков Ескендір Хасанғалиевтың әндерін нақышына келтіре әуелете шырқады. Кеште талант иесі туралы айтылған материалдар мен өнердегі әріптестерінің жылы сөздері жеткізілген түрлі бейнероликтер көрсетіліп, автордың өз дауысында орындаған әндері тыңдатылды. Аталмыш шарадан оқырмандар ерекше әсер алып ән әлеміне саяхат жасады. Кешті кітапхана қызметкерлері Ербек Бакиев пен Ольга Русинова жүргізіп өнер көрсеткен тамаша өнерпазадрға өз алғыстарын жеткізді.

 
17012020

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы айтты. Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемле¬кеттік маңызы бар мәселеге айналды. Өйткені сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз.

 
24012020

Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту ЮНЕСКО көлемінде шешімін тапты.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 Келесі > Соңы >>

Страница 22 из 33