27042022
Іс – шаралар

«Береке басы - бірлікте»

(1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында 27 сәуір күні 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Береке басы - бірлікте » атты іс-шара өтті.

Іс-шараға Шымкент қалалық «Корей этномәдени» бірлестігі мүшесі Ким Елена Александровна және «Өзбек этномәдени» бірлестігі жастар қанатының мүшесі қонаққа келді. Елена Александровна мен Хурматой Абдухамидова өз ұлттарының салт–дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, ұлттық құндылықтарын тереңірек таныстырып берді. «Славян этномәдени» бірлестігінен келген «Светоч» хор ұжымы да өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетіп шықты. Кітапхана қызметкері М. Ермаханова қырғыз тілінде «Жылқышы» әнін шырқап, зағип жандардың ойын сергітіп, өнерімен көрермен көңілін көкке көтерді. Кітапханамыздың белсенді оқырманы ұлы жүздің келіні интернационалды отбасын құрып отырған тәжік ұлтының қызы Дадаева Зебо өз тәжік ұлтының салт-дәстүрін айтып, ортада тәжік биін мың бұрала билеп берді.

Кеште «Береке басы - бірлікте» атты арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып. көрмеге БНШ және «сөйлейтін» кітаптары, басылым беттерінде жарияланған материалдары қойылды. Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары А. Бөрібекова келген қонақтарға үлкен алғыс айтып, өз ризашылығын білдірді. Оқырмандар арасынан аға буын өкілдері «Екі елдің ауызбіршілігі сақталып, татулық шынайы тұрақтылықтың кепіліне айнала берсін!» - деген тәтті тілекпен тарасты.

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic