26,03,2026
Іс – шаралар

 

«Бала үні – Әлем үні»

(әнші-сазгер Айзада Бекенқызымен кездесу кеш)

Кітапханада қазақ өнерінің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген талантты әнші-сазгер Айзада Бекенқызымен кездесу болып өтті. Шараның басты мақсаты – оқырмандарды өнер иесінің шығармашылығымен таныстыру, ұлттық музыкаға деген қызығушылықты арттыру және жас ұрпаққа рухани-эстетикалық тәрбие беру.

Кездесу барысында Айзада Бекенқызы өзінің өнер жолы, шығармашылық ізденістері мен әндерінің шығу тарихы туралы сыр шертті. Сонымен қатар кеш қонақтары әншінің орындауындағы әсем әндерді тыңдап, сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл рухани кеш – өнерді сүйетін қауым үшін ерекше әсер сыйлап, ұлттық мәдениетімізді дәріптеуге бағытталған тағылымды басқосу болды.

Кеш қонақтары айтыскер ақын Бөрібай Оразымбетов, Қазақ жазушылар одағының мүшесі, ақын Омархан Даутов, Сазгер әнші Есенкелдиева Роза, әнші Абылайхан Оспанов келді.

Автордың әндерін Шегебай Бақнұр «Ақ мамам», Тәліпбай Айдай «Апатайым», Бекет Әмина «Ата Әже», Әрсен Дархан «Отан» көптеген шәкірттері орындады.

«Ғибрат» мәдени-демалыс клуб мүшелері және келген қонақтар әуезді әндерді тыңдап, ерекше әсерге бөленді.

 
04,02,2026
Іс – шаралар

«Мұқағали - мәңгілік жыр!»»

(Ақын М. Мақатаевтың туғанына 95 жыл)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 4 - ақпан күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Мұқағали - мәңгілік жыр!» атты еске алу кеші өтті. Кеште ақынның жарқын бейнесі еске алынып, өмірі мен шығармашылығынан сыр шертілді. Ақынның сөзіне жазылған халықтың жүрегінен орын алған, көпке белгілі әсем әндер орындалып, жырлары оқылды. Кітапханаға арнайы келген кеш қонағы ақын Қарлыға Бақтиярқызы жауһар жырлар оқып, әсем әндерімен және «Ізгілікте Жарысайық» Қайырымдылық қоғамдық қоры жетекшісі Жаңыл Рсымбет бастаған бір топ волонтер жастар көпшілік көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар кітапханамыздың белсенді оқырмандары Г. Темирова, М. Умаралиева, А. Тайтелеевамен бір топ өнерлі жастарымыз Т. Камал, Н. Алиакбар, М. Даужігіт, М. Медеу, Н. Исаханова. Мұқағали атамыздың өлеңдерін оқып, кітапхана қызметкерлері Е. Амантаев пен М. Ермаханова және Г. Каттабекова әсем әндерден шашу шашты.

Күллі алаш жұрты ардақ тұтып, қадірлейтін қайталанбас тұлға, «Хан - Тәңірінің Мұзбалағы» атанған ақын есімі, өлмес жырлары халықпен бірге мәңгі жасай берері сөзсіз. Кітап көрмесіне ақын М. Мақатаевтың кітаптары, қойылып, оқырмандарға шолу жасалынды.

 
10.02.2026
Іс – шаралар

«Ғарыш әлеміндегі – Қазақ жұлдызы»

(Ұшқыш, ғарышкер Талғат Мұсабаевтың туғанына 75 жыл)

Қазақтың даңқты ғарышкер ұшқышы Талғат Мұсабаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Ғарыш әлеміндегі – Қазақ жұлдызы» атты танымдық-тарихи шараға көру қабілеті бұзылған «Үміт» мектеп-интернатының 5 «А», Брайль сынып оқушылары қатысты.

Шараны балалар залының кітапханашысы Г. Каттабекова жүргізді.

Іс-шарада оның ғарышқа жасаған сапарлары, халықаралық миссиялардағы еңбегі, ел ғылымы мен авиация саласының дамуына қосқан үлесі кеңінен қамтылды.

Талғат Мұсабаевтың ерлігі мен кәсіби шеберлігі жас ұрпаққа үлгі ретінде насихатталды. Ғарышкердің ғарышта өткізген күндері, ашық ғарышқа шығу кезіндегі ерлігі, ғылыми тәжірибелері мен техникалық жетістіктері ерекше аталып өтті.

Кітап көрмелері ұйымдастырылып, ғарыш аймағы туралы деректі бейнематериалдар ұсынылып, кіші қалыпты мүсіндермен зағип оқушылар танысып, оқырмандарға ғарыш әлемі туралы толық ақпарат берді.

«Сиқырлы сандық» атты викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, дұрыс жауап берген оқушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.

 
27.01.2026
Іс – шаралар

БҮГІНГІ КҮН – БІР БЕЛЕС

«ТАҒДЫРЛАСТАР» КЛУБЫ – 15 ЖЫЛ

Шымкент қалалық арнайы кітапханада «Тағдырластар» клубының 15 жылдығына арналған «Бүгінгі күн – бір белес» атты мерекелік кеш өтті. Кешті клуб жетекшісі Ербек Бакиев жүргізді. Айтулы шараның шымылдығы «Тағдырластар» әнімен ашылды.

Кітапхана директоры Ахат Нысанбеков сөз сөйлеп, клубтың 15 жылдық мерейтойымен құттықтап, оның қоғамдағы орны мен маңызын атап өтті.

Кеш барысында клубтың негізін қалаушы Катишев Сабит Полатұлы және алғашқы қатысушы бір топ азаматтар сөз алып, өткен жылдарға шолу жасап, жүрекжарды ақ тілектерін арнады.

Айтыскер ақын Мейіржан Жақып жиналған жұртқа жырдан шашу шашып, «Тағдырластар» клубына арнау жолдады. Сонымен қатар, елге танымал эстрада жұлдыздары Еркін Нұржанов, Абзал Молдабеков, Сұлтанғали Шерхан және өзге де өнер иелері әсем әндерін тарту етіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Санжар Керімбай, Думан Жақанбаев, Жұматаева Асем, Гүлмайра Беркінқызы арнайы бейнеқұттықтау жолдап, мерейтой иелеріне жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Кеш барысында түрлі сұрақтар қойылып, белсенді қатысушыларға және қаңтар айында дүниеге келген туған күн иелеріне арнайы сый-сияпаттар мен кітаптар табыс етілді.

Шара соңында оқырмандар естелік суретке түсіп, мерекелік көңіл күймен тарқасты.

 
22.01.2026
Іс – шаралар

“Халқы сыйлаған қаламгер”

(Балалар жазушысы педагог, ақын Әдібай Табылдының туғанына 100 жыл)

Бүгін Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының балалар залында , балалар жазушысы, ақын, педагог Әдібай Табылдының туғанына 100 жыл толуына орай “Халқы сыйлаған қаламгер” атты іс-шара болып өтті. Шараға Шымкент қалалық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған “Үміт” мектеп - интернатының 7-сынып оқушылары жетекшілерімен келіп қатысты.

Қазақтың көрнекті жазушысы, педагог-ғалым, балалар әдебиетінің қайраткері Ә.Табылды өмірін бала тәрбиесіне, ұстаздыққа және әдебиетке арнаған ұлт зиялысы. Оның шығармашылығы қазақ балалар әдебиетінің дамуына зор үлес қосты. Жазушының “Бөбекке сөз”, «Мен кіммін білесің бе “, «Жырлайды жүрек» т.б туындылары жас ұрпақты адамгершілікке, еңбекке, отаншылдыққа баулуды мақсат еткен. Сонымен қатар ол-педагогика ғылымдарының докторы, профессор ретінде ұлттық тәрбие мен білім беру саласында да мол мұра қалдырды. Балалар жазушының өмір тарихымен, шығармаларымен танысып, өлеңдерін оқып, әңгімелерін тыңдап көп ақпараттар алды. Кеш барысында сергіту ойындарын ойнап, сұрақ-жауап арқылы балалар ойларын ортаға салып, белсене атсалысты. Кеш соңында балаларға тәттілер үлестіріліп, суретке түсіп, көңілді тарады.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 1 из 40