Онтустік Қазақстан облысының зағіп ғылым және мәдениет қайраткерлері
Тифлология

Библиографиялық көрсеткіш

Бұл көрсеткіш жинақталуына сәйкес толықтырылады. Зағип қоғам қайраткерлері, жазушылар және ақындар, музыканттар

«Оңтүстік Қазақстан облысының зағип ғылым және мәдениет қайраткерлері» библиографиялық көрсеткіш облыстық арнайы кітапхананың тифлология секторы дайындады.

Оның негізі міндеті зағип қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, педагогтардың, жазушылардың, журналистердің музыканттардың жетістіктерін және олар туралы әдебиеттерді тарату.

Көрсеткіш зағиптармен және әлсіз көретіндермен жұмыс істейтін қызметкерлерге, мамандарға, оқырмандарға, кітапхана қызметкерлерге, сондай-ақ зағиптар қызметі қызықтыратын адамдарға арналған.

Әрбір зағип қайраткер туралы мәлімет белгілі жүйе бойынша орналастырылған:

  1. Қысқаша библиографиялық анықтама.
  2. Автор шығармаларының библиографиясы.

 

Жазушылар және журналистер

Айнабек Нысанұлы (1909-1972)

Досалиева Салима Исмайылқызы (1941-1997)

Бакиев Ербек Мейрамбекұлы (1988)

 

Өнегелі ғұмыр

Айнабек Нысанұлы

(1909-1972)

 

Айнабек Нысанұлы 1909 жылы Бәйдібек ауданындағы "Көктерек" ауылында туған. Айнабек үш жасында қызылшамен ауырып, содан екіжанары суалып, зағип болып калған.

Әкесі Нысан ауылда аузы дуалы, сөзі уәлі би болған. Айнабек он үш жасында-ақ елге ақын бала ретінде таныла бастайды. Белгілі халық ақыны Нұралы Нысанбайұлы Айнабекті қасына алып, тәрбиелейді. Нұралы ақынның шарапатынан күш алған Айнабек келе-келе төкпе ақынға айналады.

Айнабек Нысанұлының елге ақын ретінде танылуы Ұлы Отан соғысының тұсында. Ғалым Нысанбай Төреқұллының айтуынша Айнабек белгілі ақындар Манат қыз, Жылқыбай, Зұлпыхар, Италмас тағы басқалардан өнеге алады.

Ақынның сүбелі дүниелері мыналар: "Ойсылдың отыз ұлы", "Ілияс туралы жыр", "Өзім туралы", "Айнабек пен Орақтың айтысы", "М.Әуезовке арнау".

Өлкелік, облыстық айтыстарда Құлжабай Төлеуов, Мыңбай Сұлтанбеков, Көпбай Әлімбетов секілді ақындармен айтысқа түседі. Оның айтыстары "Айтыс" жинағының 3-томында жарияланды. Сондай-ақ "Оңтүстік ақындар айтысы" атты кітапта да Айнабектің айтыстары жарияланған.

Айнабек 1972 жылы қайтыс болды. Бейіті Бәйдібек ауданындағы "Көктерек" ауылында.

«Еңбектегі ерлігі үшін» В.И. Ленин туғанына 100 жыл толу құрметіне медалімен, өлкелік, облыстық Совет атқару комитеттерінің дипломдарымен, мақтау грамоталарымен марапатталған.

Көктерек ауылында мектеп ашылуына (1960 жылы) үлес қосқан. Қазір мектеп Айнабек Нысанов атында, аудан орталығы Шаян ауылында ақын атында көше бар.

Ақынның бір ұл, бір қызы, сегіз немересі бар. Ұлы Абай Айнабекұлы (1974-1994) кезінде облысқа танымал айтыскер ақын болған.

 

Пайдаланған әдебиет:

 

Нысанұлы Айнабек [Мәтін] өмірбаяны.- Оңтүстік Қазақстан шығармашыл зиялылар: 1-басылым төрағасы Б.М. Сапарбаев.-Алматы: Нұрлы әлем, 2001.-Б.228.

 

Құлжабай мен Айнабек [Мәтін] ақындар айтысы Айтыс: үш томдық. Т.З./Қаз.ССР ғылым академиясы; М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Құр /Шеген Ахметов, Балташ Ысқақов, Көбей Сейдеханов.- Алматы: Жазушы, 1966.-Б.318- 330.

 

Қонысбеков, Елшібек. Көмілген бұлақ көзін кім ашады? Айнабек Нысановтың 90 жылдығына орай [Мәтін] /Е.Қонысбеков //Шымкент келбеті.-1998.-28 тамыз.-Б.3.

 

 

Представляем перечень действующих нормативных правовых актов, регулирующих жизнь и деятельность инвалидов РК.

 

О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан [Текст]: закон Республики Казахстан.- Алматы: ЮРИСТ, 2009.-С.20.

 

Новый закон Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года №39-ІІІ «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан» (опубликован в газете «Казахстанская правда» от 21 апреля 2005 года №9394 (24703-24704). С изменениями и дополнениями от: 7 июля 2006г.№171-ІІІ, 12 января 2007г.№222-ІІІ, 27 июля 2007г. №320-ІІІ, 19 декабря 2007г.№9-ІV.

«Казахстанская правда» от 7 апреля 2011 года. О внесении изменения в приказ министра труда и о социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 декабря 2004 года №286-п «Об утверждении Правил разработки индивидуальной программы реабилитации инвалида».

 

Өлеңіммен серпілемін

Досалиева Салима Исмайылқызы

(1941-1997жж)

Жақсылықты ұмытпайды жүрегім,

Әперсеңші құттай сәуле өмірден.

Досалиева Салима Исмайылқызы 1941 жылы желтоқсанның 10-шы жұлдызында Зертас (Галкино) ауылы Ленгір ауданында қазіргі Төле-би ауданында дүниеге келген.

7 жасында ауруға шалдығып, көз жанарынан айырылады.

1958 жылы Шымкенттегі Қазақ соқырлар қоғамына мүше болды. Осы жылы оқу-өндірістік кәсіпорнында жұмысшы болумен қатар кешкі брайльша үйрену мектебінде оқыды.

Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, көптеген облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Бос уақытында өлеңдер жазып, құрбыларымен қосылып ән айтқан.

Оның шығармалары жергілікті басылымдарда басылып шыққан. Еңбек озаты және партия мүшесі, съездерге делегат, бірнеше пленум мүшесі болды.

«Еңбек таңы» – «Заря труда» журналына штаттан тыс тілші болған. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп, оларды жоғары білімді азамат етті.

Зор еңбектері үшін «Халықтар достығы» орденімен «Құрмет белгісі» орденімен және көптеген медальдар мен мақтау грамоталарымен марапатталған.

1997 жылы мамыр айында ұзаққа созылған науқастан соң дүние салды.

Оның шығармалары оқырмандар жүрегінен ерекше орын алды.

 

Әдебиеттер:

Досалиева, С.

Өлеңдері: Мамыр айы, Өмір, Қиял, Өзен, Ыстық көл [Мәтін] /С. Досалиева //Үкілім-ай. - 1993.- 1 қаңтар.

Досалиева, С.

Сәулелі Қазақстан [Мәтін]: өлең /С. Досалиева //Еңбек таңы.-1974.-№4.-Б.16.

Досалиева, С.

Шәкіртке тілек [Мәтін]: өлең /С. Досалиева //Еңбек таңы.- 1974.-№9.-Б. 19.

Неге құрбым? [Мәтін] /С. Досалиева //Сөзі С.Досалиеванікі, Әні М.Әлиасқаровтікі //Еңбек таңы- 1978.- № 11 (соңғы бет).

Досалиева, С.

Бақыт- еңбекте [Мәтін] /С. Досалиева //Еңбек таңы.-1970.- № 1.- Б.78.

 

Досалиева, С.

Іс жүйесін тапты[Мәтін] /С. Досалиева // Еңбек таңы.-1970.- № 9.-Б5.

 

Досалиева, С.

Той үстіндегі сөз [Мәтін] /С. Досалиева //Еңбек таңы.-1974.- №9.-Б 7. Досалиева С.

Джигит, прошедший испытания [Текст] /С. Досалиева //Еңбек таңы.- 1970.-№2.-с. 7.

 

Досалиева, С.

Әнші жігіт: Р. Хожақұлов туралы [Мәтін]: /С. Досалиева //Еңбек таңы.-1972.-№5.-Б10.

 

Досалиева, С.

Бригада абыройы [Мәтін]: /С. Досалиева //Еңбек таңы.- 1972.- №7.-Б 2.

 

Досалиева, С.

Құдіретті күй сазы [Мәтін] /С. Досалиева //Еңбек таңы.-1975-. №2.-Б 13.

 

Досалиева, С.

Өнер сайысы [Мәтін] /С. Досалиева //Еңбек таңы.-1973.-№6.-Б 4.

 

Досалиева, С.

Қияға кақса қанатын [Мәтін] /С. Досалиева //Еңбек таңы.-1975.- №4.-Б12.

 

Досалиева, С.

Өз ісінің шебері: Кентау қаласындағы оқу-өндіріс кәсіби орнындағы жұмыс озаты Т.Әбдіқасымов туралы [Мәтін] /С. Досалиева //Еңбек таңы .-1974.- №3.- Б 13.

Өлеңіммен серпілемін. Ақын Салима Досалиеваға 60 жас: Биобиблиографиялық құрал [Мәтін].- Шымкент:ОҚОАК, 2002.- Б.17.

Ол туралы әдебиеттер:

Ағыбаев, Қ..

Мұратына жеткен келіншек [Мәтін] /К. Ағыбаев //Еңбек таңы.- 1976.-№ 4.-Б.8-9.

 

Сезім көзді сергек жандар шабыты [Брайльша]: көзі көрмейтін оқырмандардың өлеңдер жинағы) .-Шымкент: ОҚОАК,2002.-Б-32-42.

 

Әбішев, Қ.

Жаңғырған іздер [Мәтін] /Қ. Әбішев //Еңбек таңы.- 1989.- №9.-Б 8-9.

 

Әлиасқаров, М.

Орденді келіншек [Мәтін] /М. Әлиасқаров //Еңбек таңы.- 1979.- №3.-Б11.

 

Әлиасқаров, М.

Көңілде жүрген ой еді [Мәтін] /М. Әлиасқаров //Еңбек таңы.-1979.- №12.-Б 13.

 

Дайрабаев, С.

Талаптың мініп тұлпарын [Мәтін] /С.Дайрабаев //Еңбек таңы.-1970.- №10. Б.17.

Десять трудовых лет [Текст] //Заря труда.-1974.- №11.- С.17.

 

Қазақ соқырлар қоғамының орталық басқармасының ІІІ пленумына қатысушы Досалиева С. [Мәтін] //Еңбек таңы .- 1984,- №12.-С.6.

 

Қуанбаев, Ә.

Жарыстан туған ойлар [Мәтін] /Ә. Қуанбаев //Еңбек таңы.-1976.-№3.-Б.6.

 

Пигузова, Т.

Экономия и бережливость [Текст] /Т. Пигузова //Заря труда.-1984.- № 7- С.22

 

Уақыттан озғандар [Мәтін] //Еңбек таңы.-1975.- №10.-Б11.

 

 

Жас талап туралы

бірер сөз

Бакиев Ербек Мейрамбайұлы

 

Бакиев Ербек Мейрамбайұлы 1988ж Қызылорда облысы Қазалы ауданында өмірге келді. 1997ж 1- қыркүйекте көзі нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп  интернатының бірінші сыныбына қабылданады. Ербектің балғын балалығы, бой түзеп жігіт болған шағы біздің көз алдымызда өтті.Үнемі өзімен-өзі жүретін біртоға Ербек көру денгейінің төмендігіне қарамай көп оқыды, көр-сем білсем деген ынта оның бойында басым болды.Сабақта үнемі белсенділік танытатын Ербек әсіресе әдебиетке құштар.

Шешендік толғауларды қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа оқыды.  5- сыныпқа келген кезде қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс беретін Сейдуалиева Орал апайы Ербектің өлең жазатынын байқап қаламын ұштай түсті.

Ербек өлеңдерінің алғашқы оқырманы, кеңесшісі болып келе жатқан маған оның ізденгіштігі еңбекқорлығы ұнайды.   Оның өлеңдері «Шымкент келбеті» «Алтын ұя» газеттерінде жарық көрді.

Мектеп интернатта өтетін әдеби кештер мен концерттерде кездесулер мен жарыстарда Ербек өзінің жаңа туындыларын жана өлеңдерін оқиды ол дәстүрге айналған. Ербектің өлеңдері негізіне баланың анаға деген махаббатын,шәкірттің ұстазға деген құрметін, достар сыйластығын,  Отанға деген сүйіспеншілігін жырлайды. Ербек көптеген шахмат ойындарының жеңімпазы. Өзінің биазы мінезі, дархан пейілімен, инабаттылығымен Ербек достары мен ұстаздары арасында қадірлі. 2007-2008 оқу жылында Ербек Бакиев мектепті бітіріп үлкен өмірге жолдама алып, 2009 жылы Шымкент педагогикалық университетінің филология факультетінің сырттай бөліміне түсті. Мүгедектерге арналған Алматы қаласында өткен «Самғау» жобасына қатысып, «Әдебиет саласында жеткен жетістіктері» деген номинацияны жеңіп алды.  2010 жылы Шымкент қаласында өткен көздері көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған облыстық «Жанарым менің жүрегім» байқауында І-орынға ие болды.

Өмірде жолың ашық, қаламың жүйрік, ойың ұшқыр болсын.

 

Бакиев, Е.

Өлеңге ғашық жас талант: [Мәтін]: өлеңдер жинағы /Е. Бакиев //Шымкент:ОҚОАК,2005.-Б-10.

 

Бакиев, Е.

Өлеңімді ертеңіме жалғадым [Брайльша]: өлеңдер жинағы /Е. Бакиев //Шымкент: ОҚОАК, 2009.- Б.44. .