Сазды қонақжай клубы |
Клубтар мен орталықтар |
«Саздыі қонақжай» жұмысының мақсаты: кітапхананы рухани орталыққа айналдыру, шығармашылық мүмкіншіліктерді ашуға көмектесу және оқырмандар арасында пікірлерді әртүрлі мәселелерді талқылау, өз ойын жеткізе білу. Әуенді тыңдау үшін оған арнайы дайындықтың қажеті жоқ . Ең бастысы жағымды әуен адамды емдейді. Ерте заманнан әуен ем ретінде қолданылып келеді. Әуенмен емдеу қызығушылығы дәрігерлер, кітапханашылар, психологтар арасында күннен-күнге артып келеді. В.М. Бехтерев айтқандай, жағымды әуен тыңдағанда адамның миын, жүйке жүйесін қалпына келтіруге болады. Бұл сұраққа ХХ ғасырдың 70-80 жылдарының өзінде дәрігерлер, психологтар үлкен мән берген. Өздерінің монографиясында олар жүйке жүйесінде, ми құрылысында кемістігі бар адамдарға әуенді ем ретінде қолдануға болатынын айтып кеткен.
|