Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
15042022 |
Іс – шаралар |
«Жаралдым махаббаттан адам болып» «Тағдырластар» клубы ғашықтар күніне арналады 15 сәуір Шымкент қалалық Арнайы кітапханада «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы «Махаббаттан жаралдым адам болып» атты тақырыпта өтті. Аталған жиында Жетісай ауданынан арнайы келген Лаура Жұмабай, Ирода Насирова Рустем Кенжеұлы махаббат туралы жырларды көпшілікке тарту етті. Кеш жүргізушісі Ербек Бакиев жиналған жұртшылыққа түрлі сауалдар жолдады. Көрермен арасынан белсенділік танытқан жастар қойылған сауалдарға жауап беріп, аталмыш тақырыпқа сай пікірлерін ортаға салды. Әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Ибрашев Мансур, Кәттабекова Гүлсара, Ажмуханова Жазира, Балнұр Сарсибекова, Арайлым Омарханова тағы басқада жастар ойындарға қатысып, бағалы сый-сиапаттарға ие болды. Бердалиев Ернар, Пернебай Жандос, тағдырлас ерлі-зайыпты Алладин Талиев пен батырхан Әсел өзге де өнерпаздар әнмен әрлеп кештің сәнін кіргізді. Аудио залда өткен аталмыш шара тақырыпқа сай безендіріліп көптің көңіліне қуаныш ұялатты. Жазушы Мырзахан Шерім, жастарды махаббат күнімен құттықтап ақ тілегін арнады. Шара соңында қатысушылар арасында жасырылған ашықхаттарды жариялап өз иелеріне табысталды. Сонымен қатар жүрекшарларды қолға алып қатысушылар естелік фотаға түсті. Келушілердің барлығына Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің шымкент қалалық филиалының атынан бағалы сыйлықтар таратылды.
|