Жобалар, бағдарламалар 2014-2015 PDF Print E-mail

2014 жылы зағип және әлсіз көретін оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында - оқырмандар арасында арнайы әдебиеттерді (бедерлі – нүктелі, сөйлейтін)  қай сала бойынша және қай авторды ұнататындықтарын анықтау үшін, тұрақты жүргізілетін сауалнама (анкета) екі тілде дайындалып,  зерттеулер жүргізу арқылы, сұранымдағы кітаптар шығарылды.

Зерттеу барысында сөйлейтін (дыбыстандырылған) кітаптарды қажет ететін оқырмандар  87 % көрсетіп отыр. Оқырмандар сұраныстары бойынша, арнайы кітаптардың мемлекеттік тілде жетіспеушілігінен «сөйлейтін кітаптарды өндіру» және «брайльша кітаптарды өндіру» бөлімдерінде қазақ тілінде кітаптарды көбірек шығару қамтылды. Жыл көлемінде аталып өткен мерейтой иелеріне, атаулы даталарға арналған 12 әдістемелік-библографиялық құралдар, буклеттер, кітапшалар шығарылды.

 

 

2015 жылы әдістемелік бөлім,  кітапхана филиалдары мен пункттеріне арналған екі облыстық семинар, бір облыстық байқау өткізуді жоспарлап отыр:

  1. «Мүмкіндіктері шектеулі жандарды әлеуметтік – мәдени оңалтудағы қарым – қатынас» дөңгелек үстел
  2. «Арнайы кітапханаларға заманауи әлеуметтік жетекшілік жасау»
  1. «Өнерім, көңіл шуағым» көз мүгедектері арасында өтетін облыстық байқау)

 

Байқаудың мақсаты:  Бұл күндері өркениетті елдердің қатарынан көрініп келе жатқан Қазақстан Республикасы әрбір азаматтың қоғамдағы қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етуде. Осыған орай мүмкіндігі шектеулі яғни, зағип қамкөңіл жандардың интеллектуалдық қабілеттерін ескере келе, ақпаратты кеңістікте насихаттап, жүректеріне шырақ, көңілдеріне шуақ сыйлау. Оларға қоғам ортасында тең екендіктерін сезініп жүрулеріне қамқорлық жасап, қолдау көрсету. Қоғамда өз орнын тауып, биік белестерге жеткен зағип азаматтардың өмірін арқау етіп, көз жанарынан кейін айырылған азаматтармен әлеуметтік-сауықтыру жұмыстарын жүргізу.

Байқаудың негіздемесі: Оңтүстік Қазақстан облысында бес мыңнан аса І-ІІ топтағы көз мүгедектері тұрады. Бұлардың біразы бала кезінен немесе кейінірек көз жанарынан айырылған жандар. Бұл кісілердің  ішінде біраз  зағиптар  жоғарғы  білімді, біреулері жақсы  өлең айтса, ал біреулері  кезінде  бірнеше  спорт түрлерінің чемпионы  болған. Бірақ  өкінішке  орай  қазіргі таңда зағип жандар осындай  мүмкіндіктерін пайдалана алмай отыр. Себебі көрмейтін  кісілер туралы қоғамда аяныш пікір қалыптасқан немесе бұл кісілерден  қоғам  мүлдем  қорқатын  тәрізді, кейде таңырқап қарауларын жасыра алмай жатады. Ал, түсінушілікпен көңіл бөлінсе, осы санаттағы  мүгедектердің  арасында  көптеген академиктер, ғалымдар, музыканттар, әншілер және т.б.  мамандар  өте көп. Кейбір жағдайда  көз  жанарынан айырылған  азаматтар үлкен депрессияға  ұшырап, тіпті өмірімен  қоштасқысы  келіп  өзіне-өзі  қол жұмсап жатқан жағдайлар да  жоқ  емес. Сондықтан олар, қоғамда  өзінің  орнын  тауып, жұмыс  істеп, бала өсіріп  жүрген  зағип  жандардан  үлгі алуға  тиіс. Осы тұста қоғамның қамқорлығы қажет. Қорыта келгенде мүмкіндігі  шектеулі  жандар  деген түсінікті жоққа  санап  бұл  кісілердің  мүмкіндігі  шексіз екендігін  қоғамға дәлелдеуіміз  қажет. Осы  санаттағы  мүгедектердің біздің  қоғамымызға  тигізер және  әкелер пайдасы мол екендігіне қолғабыс беруіміз керек – ақ.

Елбасымыздың «Мүгедектерді оңалту, оларға жағдай жасау» бағдарлама-       сы аясында, Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және  әлсіз көретін

азаматтарға арналған арнайы кітапханасы «Өнерім, көңіл шуағым»

атты көз мүгедектері арасында өткізілетін облыстық байқауды ұйымдастырып отыр. Облыс көлемінде 14 аудан арасында қатысушыларды іріктеу  15 мамыр - 26 маусым аралығында өтеді. Байқау ОҚО бойынша арнайы кітапхана филиалдарында өлкелік (зональный) кездесулерде топталынып өткізіледі.

Қазылар алқасы: облыстық арнайы кітапханасы әкімшілігі, жергілікті зағиптар қоғамының басшылары, жергілікті БАҚ өкілдері.

Әр аудан бойынша жеңімпаздар Шымкент қаласындағы облыстық зағиптар кітапханасында  2015 жылдың қазан айында өтетін қорытынды кеште өзара сайысқа түседі. Жеңімпаздар облыстық арнайы кітапхана атынан әр «номинация» бойынша арнайы сыйлықтар мен диплом және алғыс хаттарға  ие болады.

Байқауға қатысушы үміткерлер міндетті түрде І-ІІ топтағы (зағип және әлсіз көретіндер) көз мүгедегі болуы тиіс.

 

Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:

 

  1. «Өшпейтұғын, өлмейтұғын - әндер ай!»

(Ш.Қалдаяқовтың 85 жылдығына орай жанды дауыста ән орындау. Іріктеу кезеңінде 2 ән орындалады таңдалғаны облыстық  сайыста айтылады)

  1. «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары»

(Ақын, композитор, философ, ағартушы А.Құнанбаевтың 170 жылдығына орай, қара сөздерін  мәнерлеп сезіммен жатқа оқу)

  1. «Ұлы Жеңіс жаңғырығы»

(ҰОС-ның 70 жылдығына орай өлең оқу).(өзі жазған болса тіптен жақсы)

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет