Кітапхана тарихы PDF Print E-mail

Кітапхана тарихы.

Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы Шымкент қаласы 11 мөлтекауданы Ш.Уәлиханов көшесі 213-а үйде орналасқан.

1969 жылы Қазақ ССР Министрлігі бұйрығымен облыстық қарым – қатынас орталығы ретінде ақпараттар мен алмасу процестерін дамытуға, мәдени өзара байланыстарға көз мүгедектерінің бос уақыттарын тиімді пайдалануға әсер ететін көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана болып ашылды.

1969 жылға дейін Шымкент қаласында Облыстық ҚСҚ басқармасының қаржысы есебінен жинақталған шағын көзі көрмейтіндерге арналған кітапхана болып келді.

Кітапхана екі шағын бөлмелі және ауласында жалпы көлемі 59 кв.м. тұратын сарайы бар әкімшілік ғимаратта орналасты.

Көпшілік іс-шараларды өткізудің негізгі орны клуб болды. Кәсіпорында күн сайын радио торабы бойынша (2сағат) дауыстап оқулар жүргізілді. Соқырлар қоғамы жатақханасында және қариялар үйінде дауыстап оқу үйірмелері жұмыс істеді.

1972 жылдың қаңтарынан кітапхана Облыстық Мәдениет басқармасының қарамағына берілді.

1969 жылдан бастап кітапхана директоры болып Кондратова Тамара Гавриловна тағайындалды. Шебер ұйымдастырушы, ынталы басшы кітапханада 27 жыл еңбек етті. Үздік еңбегі үшін ҚСРО мәдениет Министрлігінің «Үздік еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.

1970 жылдың басында заман талабына сай болу үшін кітапхана қызметкерлері магнит таспасына жазылған әдебиеттерді көшірді, соның арқасында «үндендірілген»  кітаптар қорын жасады.

1973 жылы қорда 34 атаулы – 159 рулон болды.

Қазіргі таңда кітап қоры 128849 дана болса, оның мемлекеттік тілдегісі 25517 дана. Негізгі кітап қоры  бедерлі – нүктелі әріпті, жазық баспалы, үн таспада, орамда және нашар көретіндерге арналған мәтіні үлкейтілген әріпте жазылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар, кіші қалыптағы мүсіндер, бедерлі – графиялық әдістемелер. Кітапханада 5027 оқырман бар. Олар көзі көрмейтін және әлсіз көретін жандар, солардың жанұясы. Сонымен қатар, кітапхана облыстың арнайы дефектолог, тифлолог мамандарына қызмет көрсетеді.

Дыбыс жазу студиясымен үндендірілген кітаптарды жеткізу туралы алғашқы келісім – шарт 1974 жылы Беларус соқырлар қоғамының Минск студиясымен жасалды. 1976 жылы осындай келісім – шарт «ЦП МГП

УПП ВОС» Мәскеу дыбыс жазу студиясымен жасалынды.

1978 жылы қалалық атқару комитетінің шешімімен кітапханаға 2 бөлмелі секция бөлінді.

1980 жылы кітапхана 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатына көшірілді.

1982 жылы көз мүгедектеріне қызмет көрсету мақсатында көлік беріліп, Шымкент қаласындағы стационар кітапханаларынан бөлек, зағиптар кітапхана пункттері мен филиалдарын кітаппен қамтамасыз етті.

1991 жылы көзі көрмейтіндер мен әлсіз көретіндер туралы ғылым – тифлология бойынша барлық құжаттар жинақталған тифлобөлім құрылды, мұнда кіші мүсін үлгілерімен бедерлі – графикалық суреттермен, тифлоқұралдармен жаңа жұмыс түрлері өңделді, тифложаңалықтар өткізілді.

1996 жылдан Бөріханов Жұмахан Қуандықұлы (зағип, марқұм) директор болып тағайындалды. Заман талабына сай кітапхана техникамен қамтылды, компьютер технологиялары кітапхана қызметіне енді.

Компьютер көз мүгедектерінің шығармашылық және зерделік мүдделерін іске асыруда үлкен көмекші, бейімделген технологиялардың көмегімен кітапхана өз оқырмандарын ақпараттармен дер кезінде қамтып, сапалы қызмет көрсетіп отыр.

1998 жылдан директор орынбасары болып Ескендірова Ғалиябану Заханқызы  «қазіргі директор» тағайындалады. Ескендірова Ғ-ның нағыз кәсіби маман ретінде көп жұмыстар жасап жеткізген нәтижелері ауыз толтырып айтарлық.

2000 ж. – Сорос Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен Ақпараттық сауықтыру орталығы құрылды.

2002 ж. – үндендірілген кітаптар дыбыс жазу студиясы құрылды.

2003 ж. – Брайль басылымдарын (нүктелі әріптер) шығару бойынша ақпараттық баспа бөлімі құрылды.

2004 ж. – көзі көрмейтін пайдаланушылар үшін компьютер класы ашылды.

2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мүгедектердің мекен – жайына және оқитын жеріне кітапханалық қызметті ыңғайластыру мақсатында кітапхана филиалдары мен пункттері жүйелерін кеңейту жұмысын жүргізіп келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 14 филиал 7 пункт жұмыс істейді. Арнайы кітапхана облыс бойынша – ақпараттық – ресурстық, әдістемелік орталық болып саналады.

Оқырмандардың, әсіресе, ауыл тұрғындарының қазақ тілінде оқуға деген қажеттіліктері өсуде. Арнайы Ресей ИПТК «Логос» Мәскеу, С.Петербургтегі «Чтение» баспасы мұндай сұраныстарды орындай алмағандықтан,

2002 – 2003 жылдары 2 бөлім құрылды – үндендірілген кітаптардың дыбыс жазу студиясы және Брайль басылымдарын  (нүктелі әріптер) шығаратын баспа бөлімі.

Осы бөлімдердің еңбектерімен қазіргі таңда 20546 атаулы кітаптар үндендірілді және катушкалы ленталардан кітаптарды цифрлау жұмыстары жүреді. Тоқсан сайын «Удивительное рядом», «Спектр», «Ғажайып әлем» - ғылыми – көпшілік Брайль журналына  оқырман сұранысы жоғары. Мектеп оқушылары үшін «Қазақстан тарихынан» - оқу құралдары, көркем және көпшілік әдебиеттер – барлығы брайль бойынша 7121 атаулы кітаптар шығарылды. Кітаптарды іріктеуде репродукциялау үшін оқырмандар қатыстырылып ой – пікірлерімен бөліседі. Бедерлі суреттерді жасау үшін «Tactil» аппараты пайдаланылады. Кітапханада оқырман Интернет, Электронды пошта, WEB - сайт қызметтерін пайдалана алады. «КАС.КИР» компьютер класы (Компьютер.Ақпараттық сауықтыру) жұмыс істейді.

Арнайы кітапханадағы «Тифлобөлімде» Луи Брайль және оның алты нүктесі бойынша дайындалған кітаптар арқылы оқырманға қызмет көрсеті-

леді. Бөлімде дәстүрлі түрде, аптасына екі рет сәрсенбі, бейсенбі күндері ҚР-ның атаулы күндері мен мерейтой иелеріне және тағы басқа да тақырыптарда көпшілік іс-шаралар БАҚ қызметкерлерімен бірлесе өткізіледі.

2010 жылдың 13 қарашасында, арнайы кітапханада «Сенсорлық бөлме» ашылды. Сенсорлық бөлменің ашылғандағы мақсаты: түрлі терапиялар  арқылы көз мүгедектері үшін, мамандармен қарым-қатынас жасауына, сезімдік қобалжудың алдын алуға, психикалық процестерді дамытуға, сезім арқылы түйсінуіне, қол саусақтарының сезінуін ретке келтіруіне қолғабыс беру. Сенсорлық жүйе адамға сезімдік танымды іске асыруға, қоршаған орта туралы мәліметтер алуына, сезімдік мүшелері мен талдағыш жүйелерін ретке келтіруіне мүмкіндік береді. Көру, есіту, иіс сезу және басқа да сезім мүшелері түйсіну, ұғыну, аңғару түрінде сезімдік танымның құрамына еніп, оның құрылымын сипатқа келтіреді. Әрбір талдағыш жүйеге ене отырып бүтіндей жүйенің әрекет әсерін қабылдайтындықтан, көру қабілетінің ауытқуы немесе толық көру қабілетінің жойылуы болсын олардың өзара әрекеті мен талдағышаралық байланыстарын өзгертеді. Мультисенсорлық ортада тактильді кітаптарды пайдалану өте қолайлы. Саусақпен сезіне отырып, құлағымен дыбысты қабылдайды.

Сенсорлық бөлмедегі қамтылған жабдықтар: үй кинотеатры, желдеткіш, стол, орындықтар, тифлоплеер Sonу, проектор Epson, DVD, хош иісті проекторға арналған экран. Мұның барлығы түрлі дыбыстандырылған ынталандыру құралдары, жұлдызды аспан, сарқырама дыбысы т.б. қоршаған ортаны қамтиды.

2014 жылдың айынан бастап кітапхана ісінде мол тәжірибесі бар Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы кітапхана директоры болып тағайындалды.

2015 жылдың 4-ші тоқсанынан кітапхана "Кабис" бағдарламасымен жұмыс жасайды.

2018 жылғы 17 тамызда Түркістан облысы әкімдігінің шешіміне сәйкес департаментке  бағынысты бірқатар ұйымдар Шымкент қаласына өтті. Осыған байланысты, аталған мекеме Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға  арналған арнайы кітапхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» болып өзгертілді.

Бәкір Әбдіұлының тұсында Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен 2021 жылдың 21 желтоқсанында Кітапхана толық жаңғыртудан (модернизация) өтіп, қала тұрғындары үшін өзінің есігін айқара ашты.

Модернизацияға дейін кітапхана 141805 кітап қорымен, 5 000 мың оқырманмен, жұмыс жасап келсе, ал енді кітапханаға келушілердің құрамы 110 000-ға, кітап қоры 144 690-ға және де оқырмандар саны 21 000-ға дейін күрт өсті. Сонымен қатар, зағип оқырмандар заманауи тифло-техниканың көмегімен өздеріне қажетті барлық ақпаратқа жеңіл әрі жылдам қол жеткізе бастады.

Кітапхана мәдени ағарту және тәрбие орталығына айналып, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толығымен игеріп, қала аумағындағы мекемелер мен ЖОО, қолледж, мектеп, бала-бақшалары ұжымдарын кітапхана оқырманы болуға шақырып, ол мекемелермен өзара меморандумға қол қойылып жұмыс бастап кетті.

Ғылыми-техникалық ізденістермен айналысатын жағдай жасалынып, аудио форматтағы кітапхананың тыныс-тіршілігі жайындағы ақпараттық-таныстырылым жұмысы жасала бастады.

Бүгінгі таңда арнайы кітапхана кітапханада зағип оқырмандарға арналған «Дыбысты кітаптар шығару» бөлімі және бедерлі-нүктелі «Брайль кітаптарын басып шығару» бөлімі жұмыс жасауда. Заман сұрасына сай зағип және нашар көретін балалар мен жеткіншектерге «компьютерлік сауаттылықты» меңгеруге бағытталған және түрлі гаджеттердің жұмысымен таныстырып, үйрететін «Компьютерлік класс» жұмыс жасап жатыр. Ерекше жаратылған оқырмандарымыз үшін шығармашылығын дамытып, ой-өрістерін кеңейтетін, өнерін өрлетіп, жан-дүниесін рухани байыту мақсатында түрлі жобалар мен клубтар өз қызметін ұсынуда.

Сонымен қатар, Модернизациядан өткен арнайы кітапханада балалардың қосымша білім алып, ойнап тынығуына арналған «Baby Books» залы, тынығуға арналған демалыс бұрыштары, музыка тыңдауға , сонымен қатар жаз мезгілде жанға жайлы кітапхананың ауласында орналасқан «сахна», жазғы кітап сөрелері, ересектер мен балаларға арналған «әткеншектер», заманауи капсулалар және «балалар алаңшасы» іске қосылуда. Заманауи интерьердің саясында отырып, кітап оқуға арналған креативті оқу бұрыштары, алуан бағыттағы көлемді,топтық, көпшілік іс-шараларды өткізетін, қажетті техникамен жабдықталған «Конференц –залы», электронды форматқа өткен каталогтар, жастардың оқып - білім алуына, әлеуметтік желілердің көмегі арқылы жайлы орындарға жайғасып, келушілердің уақтылы тамақтануына арналған кофе-бардың, жұмсақ жиhаздарда отырып күту мүмкіндігі, сонымен қатар бірлесе ғылыми жұмыспен айналысуына,өзара дебат, дискуссиялар өткізуге, кездесулер, ток-шоулар, библио-кафе, библио-аукцион, бенефистер, практикумдар, блиц-сұраулар өткізуге арналған «Интерактивті орталық» залы ашылып, барлық мүмкіндік жасалған.

Модернизация ендірген барлық өзгерістерден соң, қала тұрғындарының кітапханаға деген көзқарасының өзгеруі, жалпы келушілердің санының артуын, оқырман белсенділігінің артуын, көпшілік іс-шаралардың пішіні мен мағыналық көрінісінің күрт өзгеруі байқалды.

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет